13.2.
Термореактивті пластмассалар
Кез-келген термореактивті пластмассаның негізін химиялық байланыстырушы - қатты
термореактивті қарамай құрайды. термореактивная смола —
409
Сонымен бірге, реактопласттың толтырғыштар. Пластификаторлар, қатайтушылар,
жылдамдатушылар немесе олардыырушылар мен еріткіштер кіреді. Толықтырғыштар ральк,
графит, ретінде ұнтақтарды, талшықты жəне иілгіш жалпақ материалдары алынады. Ұнтақ
толтырғыштар қатарына ұнтақталған кварц, ағаш ұны, целлюлоза жатады. Пластмасса
ұнтақты толтырғыштарға
фенопласт пен аминопластар
(МОСТ 9359— 80). жатады.
Олардан күш түспейтін құрылымдық жəне электроқшаулау бөлшектерін (ұстағыштар,
бұйым бөлшектерін, əр алуан жинақ жəне бақылауға бейміделген бұйымдарды жасайды.
Орнықтырылған феноформалььдегидті қара майларды көбінесе
бакелиттер
деп
атайды.Мұндай пластмассаларды металл өңдейтін механикалық құралдармен де өңдей
беруге болады. Бакелит отқа жанбайды жəне оттан шығарған бойда бірден өшіп қалады.
Жанып жатқан бакелиттің түсі толтырғыш түріне қарай оттың түсіне ұқсас болады.Оттан
алынған қалдығы қатты, ісінген, жарылған пішінде болады. Жану кезінде өзіне тəн иісі бар
фенол мен формальдегид бөлінеді. Бакелит қосылған қышқылдар мен сілтілер, сонымен
бірге органикалық еріткіштердің басым бөлігінің əсеріне төзімді болады. Жарылған бакелит
бұйымдарды желімдеу үшін нитроцеллюлозды желім мен сұйық фенольдық қарамайды
қолдануға болады.Бакелиттен
Түймелер, күл сауыттарын, электротехникалық бұйымдар, телефон аппаратарының
қораптарын, кір жуатын машина бөлшектерін, қорғаныс бас киімдерін, аккумулятор
қораптарын, желімдер жасайды.
Аминопластарға
карбамидоформальдегидтер мен меламиноформальдегидті қарамайлар
жатады.
Орнықтырылған аминопласттар қатты жəне берік болып келеді. Оларды метал өңдейтін
құралдармен өңдеуге болады, электроқшаулау қасиетіне ие, жеңіл боялады. Жылуға
төзімділігі шамамен 100... 120°С. Оны отқа салса, 1 минуттен кейін жана бастайды. Оттан
шығарылса, бірден сөнбейді, баяу жана береді (ондағы толтырғыш жанады, қарамайдың өзі
жанбайды).
Жайоның аминопласттар судың, қышқылдардың ( оның ішінде күкірт пен азоттың),
сілтілер мен органикалық еріткіштердің əсеріне төзімді болып келеді. Бұндай
аминопласттарды желімдеу үшін фенолформальдегидті жəне карбамидоформальдегидті
желімдерді пайдалуға болады. Аминопласттардан ағаш желімдерін, электротехникалық
бөлшектер, пеш лактарын, көбік материалдар дайындайды.
410
Талшық толтырылған реактопластар байланыстырушы заттардан (қарамай) жəне
мақта талшықтарына ұқсас толтырғыштардан (талшықтардан), асбесттен (асботалшықтар),
шыны талшықтардан тұратын құрама.
Талшықтарды соққыға төтеп беретін бұрау мен майыстыруға ыңғайлы төзімділігі
жоғары тығындар, ауыр дөңгелектер, тегершіктер шығаруға қолданады.
Асбоволокниттер тежегшітік қасиеті жəне жылуға төзімділігі жоғары, бірақ суға
төзімділігі мен диэлектрлік өткізгіштігі жағынан ұнтақ толтырғыштардан қалыс қалады.
Шыны талшықтардың кейбір түрлерін машина жасауда электротехникалық бөлшектер
жасау үшін, ірі көлемді қарпайым қалыптар, қораптар (автомобиль кузовы, қайықтар, құрал –
жабдықтардың сыртқы корпустарын) шығаруға пайдаланады.
Шыныталшықтарды физикалық –механикалық қасиеттері жоғары боллуына
байланысты дəлдігі мен күрделілігі жоғары болатын бөлшектер дайындауға
қолданады.Шыныталшықтардың жұмыс температурасының аумағы -60... +200 °С,
олардың беріктігі 80.500 МПа аралығында болады.
Шыныталшықтарды байланыстырушы заттар ретінде полиэстерлі жəне эпоксидті
қарамайлар қолданылады. Шыны талшықтарымен нығайтылған полиэстрлерден құтқару
қайықтарын, автомобиль бөлшектерін, жихаз бөлшектерін, ұшақ қораптарын, үй төбесінің
плиталарын, лампа поафондарын, антенна сымдары, шаңғылар, қармақтар, қорғаушы
каскалар дайындайды.
Полиэстрлерді сұйық қарамай ретінде электронды аппаратураның бөліктеріне құюға,
лактар дайындауға пайдаланады.
Эпоксидті қарамайдың ерекше қасиеті барлық пластмасалар мен металдарға жабыса
береді, механикалық жəне электрлік қасиеттері де жоғары.
Нығайтылған эпидиандардың термотөзімділігі нығайтылу түріне қарай 55.120 °С
шамасында, ал жүктемесіз 150 °С-ден асады. Нығайтылған эпоксидті қарамай
полиэстролды ламинат секілді жануы қиын, ол түтіндей береді.
Эпоксидті қарамайдың полиэстрден айырмашлығы - жану кезінде иісі қатты
шығады. Эпоксидті қарамай лактар, желімдер, сонымен бірге ламинаттар шығаруға
қолданылады.
Реактопласттардың басым бөлігін қабаттап салынған толтырғыштардан тұратын
қатпарлы пластмассалар құрайды. Қатпарлы пластиктерге органикалық (қағаз, мақта қағаз
маталар, ағаш шпондары, синтетикалық талшықтар) жəне о р г а н и к а л ы қ ем ес ( ə к қағазы,
шыны жіптері, кварц жəне кремний талшықтары) материалдарды толытрғыштар ретінде
қолданады.
411
Толтырғыштардың түріне қарай қатпарлы пластиктердің гетинакс, тексолит,
шынытекстолит, ағаш –қатпарлы пластиктер дене түрлерін ажыратуға болады. Қатпарлы
пластиктер шығаруда байланыстырушы заттар ретінде фенолформальдегидтер, эпоксидті,
кремний құрамды органикалық жəне өзге де қарамайлар алынады. Қатпарлы пластиктердің
қасиеттері толтырғыштар мен байланыстырушы заттардың қатынасына, толтырғыштарды
дайындау сипатына, пресстеу режиміне жəне термиялық өңдеу жəне өзге де технологиялық
факторларға байланысты болады. Армирлеуші толтырғыштардың қатпарлы орналасуына
байланысты қатпарлы пластиктер анизотропиялық механикалық, физикалық жəне
диэлектрлік қасиеттерге ие болады. Қатпарлы пластиктердің механикалық қасиеттері
пайдаланылатын толтырғыштар түрімен анықталады. Шыны маталар немсе шыны баулардан
жасалған қатпарлы пластиктердің механикалық беріктігі жоғары болады.бұл материалдар,
сонымен бірге əк талшықтарымен толтырылған қатпарлы пластиктер органикалық
толтырғыштар негізінде жасалған жылуға төзімді пластиктермен салыстырғанда жылуға
төзімділігі өте жоғары болады.
Гетанакс (МОСТ 2718—74) – негізі қағаздан құралатын пластик – электр оқшаулаушы
материалдар ретінде -65...+105°С температурада ұзақ уақыт бойы жұмыс жасай беретін
конструкциялық жəне сəндік материал ретінде қолданады. Гетаникстер электр
машиналарына,
трансформаторларға,
телефон
аппараттарына,
радиотехникаға
қолданылады.Тығындар, қақпақтар, тығырықтар, күш аз түсетін бұйымдар дайындайды.
Ағашты –қатпарлы пластиктерден (ДСП) жихаз, жолаушы поездарының, кемелердің,
ұшақтардың сыртын қаптауға, құрылыстарда сыртқы қаптамалар ретінде қолданылады.
ДСП плиталар, престелген ағаш шпондар полимерлі байланыстыругы заттармен
қанықтырылған пішінде шығарылады. ДСП шығаруда қайың немесе шамшат ағаштарын,
байланыстырушы заттар ретінде олигомердің сулы –спиртті ерітінділері пайдаланылады.
Ағашты -қатпарлы пластиктерді қабаттарындағы тығын талшықтарының бағытына
қарай ДСП –А, ДСП –Б, ДСП –В деп таңбалайды ДСП-А пластиктерінде пареллель
орналасқан (тығыздаушы талшықтар бір қабат сайын 20.250-та бұрылып кезектесіп
отырады).
ДСП-Б –да қабаттар араласып орналасқан. Әрбір 5 — 20 қабат сайын параллель
орналасқан қабатпен бірге 900-қа бұрылған қабат
салынады.
ДСП –В –да қабаттар жұлдызша түрінде орналасады, мұнда көршілес қабаттар
талшықтары 30
0
– та жылжып кетеді.
412
Бойлық бағытта ең жоғары беріктікке ((а
в
= 280 МПа) ДСП –А ие. ДСП –Б таңбалы
пластик өзара перпендикуляр бағытта бірдей болатын (140 МПа) беріктікке ие. Мақта –
мата негізді пластиктер –текстолиттер (МОСТ 2910-74)
Пластиктер - конструкциялық бөлшектер, электр оқшаулаушы материалдар, прокаттау
біліктерінің сыналарын, тығындар, саңылаусыз (герметикалық) сауыттар жасауға
қолданылады. Текстолиттен жасалған бөлшектер ауада, майда, керосин жəне бензинды
ортада қолданыла береді.Текстолиттерді жалпақ табақша, плиталар, түтікшеллер түрінде
шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |