Автор: БАЙЖАНОВА АЙГУЛЬ АСКАРОВНА
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Махаббат және абырой
Тақырып: «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақтың мақсаты:
Тақырыптағы негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей
білу;
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар орындай алады: Кестелер толтыра алады, өз көзқарастарын білдіреді, ой қорытынды
жасайды. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: тура және жанама мінездеу, кейіпкерді сомдау.
Күтілетін нәтиже:
Барлығы: Шығарманың мазмұнын таниды.
Басым бөлігі: Шығарманы талдап, сюжеттік желілерін анықтай алады.
Кейбірі: Кейіпкерлерді сомдауда мінездеулерді жіктей алады.
Бағалау критерийлері:
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды.
Өз көзқарасын білдіреді.
Құндылықтарды
дарыту:
• Өзін де, өзгені де сыйлау.
• Ынтымақтаса жұмыс жүргізу.
• Ой-пікірін ашық жеткізу.
• Ұлттық және адами құндылықтарға деген құрмет.
• Шығармашылық.
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
Слайдтар. https://bilimland.kz/kk/plans/create
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, тарих, география, өзін-өзі тану
Бастапқы білім:
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(5 минут)
Қызығушылықты ояту . Дүниедегі барлық нәрсеге не қажет? (Атау,есім)
Өзі менің әкемнің баласы, бірақ маған аға да, іні де емес.Бұл кім болғаны?
(Мен өзім). «Жартыңды тап» Мақал-мәтелдердің сыңарлары жазылған
парақшалар арқылы топтасады. 1.Оқу – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы.
2.Асыл – тастан, Ақыл – жастан.
3. Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. (3 топқа бөлінеді)
Мақалдар жазылған
парақшалар
Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың ортасы
(30 минут)
1-тапсырма. Жеке жұмыс. «Кейіпкерді атаймыз» Роман кейіпкерлерін еске
түсіру.
1. Сәрсенбай шаңырағына шыр етіп дүниеге келген сәбидің есімі? ( Жамал)
2. Жамалдың анасының есімі кім? . ( Шолпан)
3. Жамалдың оқытушысының есімі кім? (Ғазиз )
4. Сәрсенбай өз қызын қай байдың ұлына ұзатады? ( Байжан)
5. Байжанның ұлының есімі және жасы нешеде? ( Жұман , жасы-17)
6. Жамал жиын- тойда қандай жігітті кездестіреді? ( Ғали)
7. Ғали Жамалды алып қашып кімнің үйінде паналайды? ( Фатихолла)
2-тапсырма. Топтық жұмыс. «Т» кестесі «Жамал трагедиясы – бүкіл
халықтық трагедия ма, әлде бір қыздың бас қайғысы ма?» мәселесі
негізінде Т сызбасын толтыртып және топта талқылату.
Халықтық трагедия Жеке бастың қайғысы
Дескриптор: - Ұсынылған пікірді өз сөзімен өрбітеді.
- Пікірді мысалмен дәлелдейді.
- Қорытынды жасайды.
3-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Кейіпкерге мінездеме» Кейіпкерлерге
портреттік мінездеме беру.
Кейіпкер Тура мінездеу Жанама мінездеу
Сәрсенбай
Шолпан
Жамал
Ғали
Жұман
Дескриптор: - кейіпкердің портреттік мінездемелерін жазады.
– кейіпкер туралы ой қорытындысын жеткізеді.
4-тапсырма.Топтық жұмыс. «Бірге талқылаймыз» Жамалдың мінезіне
байланысты берілген анықтамаларды дәлелдеу үшін шығармадан
үзінділерді тауып, талдау.
Мінез ерекшелігі Шығармадан үзінді Менің ойымша... Мақсаты бар
Зерек, оқуға бейім
Ақылды
Ақын
Дескриптор: - өз пікірін дәлелдеуде үзіндіні орынды қолданады.
- үзінді бойынша қорытынды шығарады.
А4-парақшалары
Кестелер
Сабақтың соңы
(2 минут)
"Менің пікірім" Оқушылар шығармаға сүйене отырып, өз пікірін
білдіреді.
Автор Жамалдың бейнесін ашуда қандай сөздер қолданған?
Стикер
Рефлексия
(3 минут)
Кері байланыс « Мен үшін» Оқушының аты-жөні
............................................................................. Сыныбы ................. Пәні
................
Сабақтағы жетістігім Сабақтағы жаңалық Сабақта ұнаған тәсіл Сабақтағы
басты қиындық
Кері байланыс парақшасы
Достарыңызбен бөлісу: |