С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет191/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

П о л и с т и р о л
(МОСТ 20282—86) көп қолданылатын жəне көпшілікке кеңінен
танымал пластмасса. Полистирол - қатты, түссіз, аморфты, əр алуан түске жеңіл боялатын
полимер. Полистиролдің өзге термопластармен салыстырғанда, суға төзімділігі, тұз, 
қышқыл жəне сілті ерітінділеріне химиялық төзімділігі секілді жақсы қасиеті бар. 
Полистиролдің кемшілігі - ұрып күш түсіргенде нəзіктігі жоғары болады, тозуға бейім, жылу 
мен суыққа төзімділігі төмендігінде. Полистиролды радио-электр аппаратуралары 
бөлшектерін, үйге қажетті бұйымдарды, балалар ойыншықтарын, сымдарды оқшаулау 
түткітерін, электр кабельдерін оқшаулау жабындыларын, ашық ыдыстар, жарық фильтрлерін, 
электр шаң сорғыштарды, жиһаз бөліктерін дайындауға қолданады. Соққыға төзімді 
полистиролдан (полистирол мен каучуктің механикалық қосындысы) жолаушы 
вагондарының, автобустар мен самолеттің жолаушылар отыратын бөліктерін қаптауға 
қолданады. Оларды тоңазытқыштың үлкен бөлшектерін, телефон аппаратының корпусын 
жасауға пайдаланады. Сонымен бірге тағам өнімдерімен (сүт жəне сүт өнімдері, шарап, 
шампан жəне т.б.) тікелей байланысқа түсетін машиналар мен аппараттардың бөлшектерін 
жасауға жəне ыдыстар мен орау құралдарын шығаруға пайдаланады.
Сонымен бірге оларды кеуекті материалдар дайындауға да қолданады. Әр алуан 
синтетикалық материалдармен қатар газтолтырғыш пластиктер де кеңінен тараған, олар 
пенопластар мен поропластар деп бөлінеді. Пенопластардың микроскопиялық
ұяшықтары газбен толтырылған, өзара байланыссыз, пенопластар тығыздығы 0,3 г/см
3
кем. 
Поропластар ұяшықтары өзара байланыста, олардың тығыздығы біршама жоғары. 
Пенопластар мен поропластар полистиролдан, поливинилхлоридтен жəне эфирлік 
полимерлерден алынады. 
405 


Пенопластты кемелердің астыңғы бөлігіне, жүк тасушы машиналардың фургонын, ет –
сүт жəне балық өнеркəсібінде тоңазытқыш камераларында
жылу өткізбейтін қабат ретінде пайдаланады.
П е н о п о л и с т и р о л д ы п р е с с те у м е н п р е с т е у с і з ә д і с т е р ме н э м у л ь с и я л ы қ
п о л и м е р д е н а л ы н а д ы .
Пенополистирол тоңазытқыш пен сауда құрал –жабдықтарын 
жылу өткізуден қорғауға қолданылады. Тағам өнімдерімен байланысқа түсетін бұйымдарды 
шығаруға суспензиялық полистирол қолданады. Пенополистиролды пресстеу əдісімен 
алуда (маркасы ПС-1 и ПС-4) эмульсиялық жұқадисперсті полистирол қолданады, оны кеуек 
түзетін қосындымен араластырады, пресстейді, содан кейін арнаулы қыздыру камераларында 
көбектендіреді. Пресстемеу əдісімен суспензиялық стиролдан стиропор деп аталатын 
пенополистирол алынады. Стиропордың полимерленуін үздіксіз араластыру арқылы 70 °С с 
температурада өткізеді.
Пенополистирол қатып қалған көбік құрылымды болады, ол ылғалға, минералды ортаға 
төзімді (азоттық қышқылды ортадан өзге).Престемеу əдісімен алынған пенополистиролдың
жоғары химиялық төзімділікке ие.Ол биологиялық жағынан да орнықты, шірімейді, 
кеміргіштер мен зиянды жəндіктер əрекетіне төзімді келеді. Пенополистрдің беріктігі кеуек 
қабырғаларының көлеміне, пішінін жəне беріктігіне байланысты болады. Престелмеген
пенополистрдің механикалық қасиеттері престелген пенополистрден төмен. Пенополистрдің 
кемшілігі - оның құрамында жанатын кеуек түзетін, мысалы, изопентанның болуында. Бұл 
қауіпті антипирен енгізу арқылы азайтуға немесе жоюға болады. 
Пенополистиролды термо жəне дыбыс азайтқыш материал ретінде əр алуан
өнеркəсіпте, тағам өнеркəсібінде - тамақ өнімдерін -35...-15 °С температурадп сақтау үшін
қолданады. Пенополистролдің жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігіне жақын.
Жақсы жетілген амортизациялау қасиеттері мен тығыздығының төмендігіне байланысты 
пенополистиролды орау материалдары ретінде пайдаланады. Мипора пенопластын
эмульсиялық карбамидоформальдегидты олигомерлер негізінде дайындайды.
Мипораның тығыздығы өте аз ( 0,02 г/см

артық емес),қысым түсіргендегі ыдырау
кернеуі 2,2.5 МПа болады. Мипораның жылу өткізгіштік коэффициенті ауаның жылу 
өткізгіштігіне пара пар жəне 0,023 Вт/(м • К) тең. Мипора тығынан 10 есе жеңіл, жанбайды
отқа төзімді. Отқа оранған мипора көмірленеді, бірақ жанбайды. Мипорадағы газ 
толтырылған ұяшықтар өзара байланыссыз болуы оларды жылуды өткізбейтін материал 
ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.Мипораның кемшілігі оның нəзіктігі мен суды көп 
жұтатындығында болып отыр. Оның сынғыштығын азайту үшін мипораға глицерин қосады, 
бірақ бұл да көп жағдайда жақсы нəтиже бере бермейді. Мипораны су өтуден су өткізбейтін 
қабығы қорғайды. 
406 


 Соңғы кездерде өнеркəсіптке тығыздық үлесі жоғарылату мақсатында тығыздығындаға 
кемшіліктер беріктігімен ұлғайтылған армирленген газтолтырылған пластмассалар кеңінен 
қолданылуда. 
Газтолтырылған пластмассаларды металл жабындымен немесе беріктігі жоғары 
газтолтырылған пластмассалармен армирленеді. 
(МОСТ 5960—72, МОСТ 9639-71, МОСТ 9998—86, МОСТ 16214—86, МОСТ 
16272—79) поливинилхлорид негізді пластмассалардың электроқшаулау қасиеттері жақсы, 
химикаттар əсеріне төзімді, жанбайды, ауаға, суға, майға жəне бензинге төзімді. 
Полинвинилхлоридтің тағы бір түрі –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет