С. А. Вологжанина, А. Ф. Иголкин материалтану оқУ ҚҰралы



Pdf көрінісі
бет221/239
Дата27.10.2023
өлшемі8,95 Mb.
#188857
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   239
Байланысты:
6 Вологжанина Материалтану. Оқулық

Бақылау сұрақтары 
1.
Металл-керамикалық қатты қорытпалардың тозуға төзімділігі неге байланысты? 
2.
Металл-керамикалық қатты қорытпалар неден тұрады? 
3.
Қатты қорытпалардағы карбидтік бөлшектерді байланыстыру үшін қандай элемент 
қолданылады? 
4.
Қатты қорытпалардың қаттылығы қалай реттеуге болады? 
5.
Кобальттың мазмұнын берік қатты қорытпалардың беріктігі мен қаттылық 
сипаттамаларына əсері қандай? 
6.
Қатты қорытпаларды қолданудың негізгі бағыттары қандай? 


23 ТАРАУ 
АНТИФРИКАЦИОНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР 
Машина двигательдерін жасағанда тербеліс подшипниктері мен жылжу подшипниктері
пайдаланылады. Оларды дайындау үшін антфрикациялық қорытпаларды қолданады.
Сырғу подшипниктері тербелістерге төзімді, көлемдері онша үлкен болмайды жəне 
жұмыс кезінде дыбыс есітілмейді, шу болмайды. Сырғу подшиптиктеріне материалдың
сырғу кезінде үйкеліс коэффициенті төмен жəне бөлшектердің тозу жылдамдығы өте аз 
болуы қажет деген негізгі талаптар қойылады.
Бұл талаптардың орындалуына сырғу подшипниктерінің білікке қосылуы, майлау 
материалдарымен майлануы жəне жылу өткізгіштігі қасиетінің ұлғаюы ықпал етеді. 
Подшипниктердің білікте орнықты болуына үйкеліс кезінде материалдың жеңіл серпімді
деформациялануы жəне оның нақты байланыс аумағының ұлғаюы əсер етеді.
Бұл үйкеліс кезіндегі подшипникке түсетін қысым мен температураның төмендеуіне 
əкеледі.
Подшипниктік материалды бағалаудың көрсеткіштері ретінде үйкеліс коэффициенті
мен мүмкін болатын жүктеме –жылдамдық сипаттамасы алынады: р қысым – тірекке əсер 
етеді, V-жылжу жылдамдығы, pv –үйкелістің үлес салмағын анықтайтын параметрлер болып 
табылады. Pv параметрінің мүмкін болатын мəні ұлғайған сайын, материалдың қыздыру 
температурасы төмендеу қасиеті жоғарылап, майлану қасиеті де бір деңгейде сақталады. 
Жылжу подшипниктерін дайындау үшін металл материалдар, металл еместер, кешенді 
(қоспалы) материалдар жəне минералдар (жартылай бағалы жəне бағалы тастар)
пайдаланылады. Материал подшипниктердің майлану режимі мен жылжу тірегінің
жұмысына қарай таңдалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет