жақсартады. Білік тірелетін қатты қосылыстар тозуға төзімділікті қамтамасыз етеді. Майлау
материалдарын ұстайтын оңтайлы антифрикациялық кең микроорта құрылады.( Шарпи
қағидасы деп аталады).
Баббиттер - қалайы мен қорғасын негізді жұмсақ антифрикациялық материалдар(300
НВ) болып табылады. Антифрикациялық қасиеттері жағынан олардың өзге қорытпалардан
артықшылығы жоғары болғанымен,қажуға кедергі көрсету жағынан кем қалады.
Тұтқырлығы бар баббиттер өзге қатты бөлшектерді біліктердің соқтығысып қалуын
болдырмай сіңіреді.
23.1 кестеде баббиттердің құрамы мен негізгі қызметі көрсетілген.
Қалайы бағасының қымбат тұруына байланысты, баббиттердің жұқа қабатын тек ең
жауапты қызмет атқаратын үлкен жылдамдық пен күш түскен кезде жұмыс істейтін
подшипниктер дайындау үшін қолданады.
Жеңіл жұмыстар үшін қалайының орнына қорғасыннан жасалған баббиттер
пайдаланылады. Мысалы, Б16 баббитінің иілгіштігі аз жəне жұқа материал болғандықтан
жоғары күш түсетін, жүктемесі жоғары машиналарда қолданылмайды.
23. 1 суретте Б83 баббитінің микроқұрылымы көрсетілген. Түсі сұр –қоңыр болып келетін
Sb жəне Cuң қалайының қатты а-ерітіндісінің жұмсақ негізінде SnSb р- фазасының ірі
ашық түсті квадрат кристалдары мен Cu2Sn қосылыстарының кристалдары таралады.
Баббиттердің антифрикациялық жəне механикалық қасиеттерін никель, кадмий жəне
мышьяк қоспаларын енгізу арқылы ұлғайтуға болады.
Кальцийлі баббиттер БК теміржол көлігіне қолданылады( вагон пошипниктері,
дизельдің иінді біліктері). Қорғасын негізді БКА қорытпасында 0,95...1,15 % Са, 0,7...0,9
% Na болады. Мұндай баббиттердің жұмсақ Ca қатты а –ерітіндісі мен қорғасындағы Na
құраса, ал қаттысында Pb3Ca кристалдары құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: