23.1.
Металл емес және қоспалы материалдар
Сырғу подшипниктерін дайындау үшін термореактивті жəне термопластикалы
пластмассаларды қолданады. Текстолит термореактивті пластмассаларға жатады. Олардан
прокат станоктары, гидравликалық машиналар, кемелердің есу бұрандаларының
подшипниктерін жасайды.
469
469
Мұндай подшипниктер ауыр жұмыстарға салынады, беткі қабаттары салқындататын
жəне жұмсартатын сумен шайылады.
Полимерлерден ПС10, капрон жəне фторопласт кеңінен қолданылады. Полимерлердің
үйкеліс коэффициентінің төмендігі, тозуға төзімділігі жоғары, коррозияға қарсылығы жоғары
болатын жетістіктері бар.
Фторопласттың антифрикациялық қасиеттері ерекше, болаттың үстіңгі бетінде
майлаусыз үйкеліс коэффициенті 0,04....0,06 құрайды. Алайда фторопласт артық күш
түскенде, барлық полимерлер секілді «ағады», жылуды аз өткізеді. Олар шектеулі күш пен
жылдамдықта ғана пайдаланылады. Сондықтан фторопласттың жоғары деңгейлі
антифрикациялық қасиеттерін өзге материалдармен қоспасы ретінде алып жүзеге асырады
жəне оны жұқа қаптама немесе толтырғыш ретінде пайдаланады.
Металлфторпластты подшипниктердің антифрикаициялық қасиеттері жоғары (200.280
°С; f = = 0,03.0,1; pv = 150 МПа • м/с) болады. Оларды майлаусыз жұмыс жасайтын үйкеліс
түйіндеріне қолданады. Олардың вакуумда,майлаусыз сұйық ортада, жұмсақ материалдарға
тез бататын қасиеті бар. Мұндай подшипниктерді машина жасау жəне авиация өндірісінде
қолданады.
Майлаушы
подшипниктер
ұнтақ
металлургия
əдісімен
алынады.
Мұндай
антифрикациялық материалдардың ерекшелігі оларда сұйық маймен сіңген кеуектің
болуы (8.27% көлемінде).Мұндай материалдардың металдық негізін - темір, болат, мыс,
қола, никель құрайды. Сонымен бірге, пісірілген материалдар құрамында қатты майлаушы
қызметін атқаратын (графит, сульфидтер, селенидтер жəне т.б.) материалдар болады. Бұл
жəне өзге де ерекшеліктер пісірілген материалдардың пайдалану қасиеттерін көрсетеді.
Пісірілген материалдардың тозу төзімділігі қоланың, латунның жəне биббиттердің тозу
төзімділігінен 1,5 -3 есе жоғары (үйкелу коэффициентінің мəндері бірдей).пісірілген
материалдарды үстіңгі бетіне шынықтырылған немесе шынықтырылмаған болаттармен
қосып пайдалануға болады. Түсті металл негізді антифрикациялық материалдардың
құймасын темір негізді пісірілген материалдармен ауыстыру бұйымдардың əрбір мың
тоннасынан 3,3,5 млн рубль үнемдеуге мүмкіндік береді. Пісірілген антифрикациялық
материалдарды темірграфитті, металлграфитті жəне қолаграфитті материалдар деп бөлінеді.
Темір негізді пісірілген материалдар (23.4 кесте)бос құрылымды графиттен, сульфидтен
жəне кеуек құрамды перлит пішінді болады.
ЖГр3Цс4 и ЖГрДс3,5 маркалы мырыш сульфиді немесе мыс сульфиді темірграфитті
материалдар түсті металл негізді антифрикациялық материалдарды ауыстыра алады, оларды
жылдам айналатын детальдарды жасауға пайдаланады.
470
23.4 кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |