а
б
Сурет 23.1. Б83 (а) жəне БКА (б) баббиттерінің микроқұрылымы
466
Қорытпаларға Al, Mg жəне Sn аз мөлшерін қосу қатты ерітіндінің тығыздануына ықпал
етеді.
Кальциилі баббитердің микроқұрылымы қатты а-ерітіндінің қара негізі мен ашық түсті
қатты Pb3 кристалдары қоспаларынан тұрады.(23.1 б. Сур).
Баббитің беріктігі төмен болғандықтан подшипниктің қосымшаларын биметалл
ленталардан –болаттан –штамптау арқылы немесе ортаны айналдыра құю немесе қысым
астында қорабын болаттан, шойыннан немесе қоладан құю арқылы жасайды.
Қоладан жасалатын қосымшалар жауапкершілік көп түсетінғ жылдам қозғалатын
двигательдерге, қысымның үлес салмағы жоғары болатын жəне динамикалық күш көбірек
түсетін подшипниктерге салынады,
Қоладан жасалатын подшипник қосымшаларына қалайы жəне қорғасынды қолалар
пайдаланылады, мысалы, БрОС8-12 (8% Sn, 12 % Pb), БрОС5-25 (5 % Sn, 25 % Pb), БрС30 (30
% Pb) маркалы қолалар. Қалайылы қолалардың қатты ерітіндісі жұмсақ негіз ретінде
пайдаланылады( тегістікте ол сұр домалақ дендрит түрінде), ал (а + +Ь) – эвтекоид (ашық
түсті бөліктері) –қатты қоспалар түрінде болады.
Таза қорғасынды қоланың (БрС30 (70 % Cu, 30 % Pb) жұмсақ мыс негізді құрамында
қорғасынның өте жұмсақ қосылыстары болады, ал оның қорғасыны мыста ерімейді. Мұндай
антифрикациялық қорытпалардың төзімділігі, иілгіштігі мен жылу өткізгіштігі жоғары
болады. Олардың басты кемшілігі – бғасының жоғары болуы жəне салыстырмалы түрде
қарағанда механикалық беріктігінің төмендігінде болып тұр. Сондықтан кейде қоланы
болаттан жасалған лентаға дəнекерлейді. Дəнекелеу жұмыстары қорғанысы бар атмосферада
өткізіледі.
Соңғы кездерде қоланы ұнтақталған антифрикациялық материал құрылымы немесе
жұқа қабырғалы кеуекті майлау материалдарын сіңірген қаптамалар ретінде кеңінен
қолданылады.
Латундарды қоладан жасалған үйкеліс тіректернің орнына қолдануға болады, бірақ олар
антифрикациялық қасиеттері жағынан қолалардан қалыс қалады. Екі фазалы ЛЦ16К4,
ЛЦ38Мц2С2, ЛЦ40Мц3А латундар жəне өзгелері (МОСТ 17711—93) сырғу жылдамдығы
төмен болғанда ( 2 м/с-тен төмен болғанда) жəне жүктеме күш аз түсетін жағдайларда
қолданылады. Оларды деталь тіректерінің үйкелісі үшін пайдаланады. Қола мен латунның
қасиеттері 23.2 кестеде көрсетілген. Екінші түрдегі қорытпаларға құрамындғы графит
жұмсақтық қасиет беретін сұр шойындар жатады.Қысым аз түсетін жəне сырғу жылдамдығы
төмен болған жағдайларда сұр түсті шойындар СЧ15, СЧ20 жəне легирленген
антифрикациялық сұр АЧС -1, АЧС -2, АЧС-3 шойындары жəне беріктігі жоғары АЧВ -1,
АЧВ -2, соғуға төзімді АЧК-1, АЧК -2 шойындары пайдаланылады. Ілеспе детальдардың
тозуын азайту үшін шойынның қаттылығы подшипник ішіндегі болаттан құйылған
мойындық (цапфа) қаттылығынан төмен болуы керек.
467
23.2 кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |