1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет122/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

12.1-сурет
Филлипс қисық сызығы 
Суреттен көріп отырғанымыздай, инфляцияның аса жоғары қарқыны кезінде (9%) 
жұмыссыздық деңгейі төмен болады (2%) – бұл N нүктесі. Ал инфляцияның төменгі 
деңгейінде жұмыссыздық өседі – М нүктесі. 


99 
Сонымен, 
Филлипс қисық сызығы 
– бұл жұмыссыздық деңгейі мен инфляция 
қарқыны арасындағы кері байланысты көрсететін графикалық кескін. 
Филлипс қисығы жұмыссыздық деңгейінің шығындардың бір элементі болып 
табылатын жалақының көтерілу мүмкіндігін шектейтіндігін көрсетеді. Жалақының өсуінің 
шектелуі бағалар деңгейіне әсер етеді. 
Филлипс қисығы инфляцияның қарапайым бір факторлы үлгісін көрсетеді. 
Инфляция жұмыссыздықтың функциясы болып табылады: 
π = ƒ (u)
, мұнда, π – инфляция; u – жұмыссыздық. 
Алайда, бағалардың қозғалысына тек жалақы ғана әсер етпейді. Инфляция 
теориясы жалғыз ғана себеппен шектелмейді. Жалақы оның тек бір бөлігі ғана, және 
шығындардың аз көлемін қамтиды. Инфляцияның басқа да себептерін ескермеу Филлипс 
теориясына стагфляция деген құбылысты түсіндіруге мүмкіндік бермеді. Егер Кейнс 
бойынша инфляция мен жұмыссыздықтың арасында таңдау болса, онда 70-жылдары екі 
құбылыс та қатарынан орын алды, яғни жұмыссыздықпен бірге инфляция да өрши түсті. 
Сол кездері жұмыссыздықтың жоғары деңгейі бағалардың маңызды түрде өсуімен ұласты. 
Ал 1983-1991 жылдары инфляция да, жұмыссыздық та төмендеді. 
Стагфляция 
– бұл өндірістің құлдырауы (стагнация) жағдайында жұмыссыздық пен 
инфляцияның қатар орын алуы. 1973-1975 жылдары орын алған дағдарыс Халықаралық 
мұнай өндірушілер мен экспорттаушылар ұйымының (ОПЭК) мұнайға деген бағаның 
бірнеше рет өсуінен тауар бағаларының өсуімен сипатталды. Сол жылдары бірқатар 
елдерде астық шықпай қалып ауылшаруашылық өнімдеріне деген бағалар күрт өсті. 70-
жылдары болған стагфляциялық құбылыстар инфляцияның бір факторлы үлгісінің 
инфляцияның барлық себептерінің өзара байланысын есепке алмайтындығын көрсетіп 
берді. 
Стагфляция жағдайында мемлекет өндірістің құлдырауы мен инфляцияны жоюдың 
аса күрделі мәселелерін бір уақытта шешеді. Инфляцияны басу үшін мемлекеттік бюджет 
тапшылығын төмендету қажет, несиелік белсенділікті шектеп халықтың табыстарын 
қысқарту керек. Бірақ мұндай саясат өндірістің әріқарай терең құлдырай беру қаупін 
туғызады, әсіресе, бұл экономикада шығындар инфляциясы дамығанда өте ауыр болады. 
Алдағы уақытта өндіріс шығындарын өтей алмайтын кәсіпорындар мұндай саясатқа 
жауап ретінде өз істерін тоқтатады. Олардың жабдықтаушылар мен жеткізушілерге 
қарыздары өседі. 
Өндірістің құлдырауымен күресу кезінде үкімет пен орталық банк 
кәсіпорындарды несиелеу арналарын кеңейтіп, бюджет тапшылығын ұлғайтуы 
мүмкін. Бірақ бұл инфляцияның серуендеуіне алып келеді. Мәселенің ұшығуы оның 
шешілмейтіндігін білдірмейді. Мемле- кеттің экономикалық саясаты өндірістің 
құлдырауы мен инфляция, инфляция мен жұмыссыздық арасында белгілі бір уақытта 
амалдай тұруды мәжбүр етеді. Осындай экономикалық жағдайлардың қарама- қайшылығы 
мен күрделілігін мойындау инфляцияның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет