98
бастады. Ал ХХІ ғасырдың басында инфляцияға деген көзқарастар өзгере бастады. Дәстүрлі
түрде инфляция тұтынушылық бағалардың өсуі ретінде сипатталады.
Инфляцияның зардаптары.
Инфляция экономикаға қарама-қарсы түрде әсер етеді.
Бағалардың қарқынды түрде өсуі инфляцияның барлық жағынан ұдайы өндірілуіне алып
келеді. Бағалардың өсуінен жалақы өседі. Жалақының өсуі өз кезегінде бағалардың
әріқарай өсуіне себепші болып табылады.
Инфляция амортизациялық қорды құнсыздандырады
және өндірістің жұмыс
істеуіне қауіп төндіреді. Несиелер құнсызданады. Қалыпты экономикалық қатынастар
бұзылады. Ақшаның қызметтері істен шығып олардың
сатып алушылық қабілеті
төмендейді. Қандай бағаларға және пайыздың қандай мөлшерлемесіне бейімделу керек екені
түсініксіз болады. Ұзақ мерзімді инвестициялар тиімсіз болып табылады.
Әсіресе, гиперинфляция құбылысы өте қауіпті, мұндай
жағдайда ақшадан қашу
деген орын алады. Бартерлік келісімдер (тауарды тауарға айырбастау) орын алады, бірақ олар
кейбір өндірілген өнімдерді тұтыну заттарына айырбастауға болмайтын кәсіпорындарды,
аймақтарды және қалаларды күйзеліске ұшыратады.
Инфляция ұлттық табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Инфляциядан табысы
тұрақты болып табылатын адамдар (зейнет- керлер, қызметкерлер) көп зардап шегеді.
Инфляция кредиторлар үшін де қолайсыз болып табылады.
Инфляцияның дамуында инфляциялық күтімдер деген құбылыстар өте үлкен рөл
атқарады. Инфляция тек экономикалық себептерден ғана емес, психологиялық себептерге
де байланысты өрши түседі. Бағалардың өсуін күту
тұтынушыларды ақшалардың
құнсыздануынан сақтану үшін тауарларды молынан сатып алуға мәжбүрлейді. Мұндай
жағдайда тұтынушылардың мінез-құлқы дүрлікпе сұраныстың пайда болуына алып келеді.
Инфляциялық күтімдерді басу инфляциямен күресудің
дұрыс бағытын таңдауға
көмектеседі. Инфляциялық күтімдерді алдын алу мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатты
дұрыс жүргізе алуына байланысты болып табылады.
Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.
Филлипс қисығы. Кейнстің пікірінше, экономикада
рецессиялық алшақтық
(жұмыссыздық пен құлдырау инфляцияны шектейді) немесе инфляциялық алшақтық
(толық жұмысбастылық кезінде жалақының өсуінен инфляция орын алады) болуы мүмкін.
Басқаша сөзбен айтқанда, жұмыссыздық пен инфляция үдерістері қарама- қарсы бағытта
дамиды: не
инфляция болады, не жұмыссыздық болады. Ағылшын экономисі Албан
Филлипс (1914-1975) Кейнстің осындай қорытындысы
негізінде жұмыссыздық пен
инфляция арасындағы сандық байланыстың графикалық көрінісін ұсынды (12.1-сурет).
Оны Филлипстің қисық сызығы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: