Экономикалық өсудің аралас типі өсудің экстенсивті және интенсивті
факторларының қатар орын алуымен жүзеге асырылады. Сондықтан осыған қарап
экономикалық өсудің салыстырмалы экстенсивті және салыстырмалы интенсивті
жолдарын қарастырған жөн.
Қазіргі уақытта, экономикалық әдебиеттерде
экономикалық өсудің факторлары төмендегідей топтастырылады:
1.
Ұсыныс факторлары, бұларға адам ресурстарының болуы, табиғи ресурстар, негізгі
капитал, технология деңгейі жатады.
2.
Сұраныс факторлары, бұларға бағалар деңгейі, тұтыну шығындары,
инвестициялық шығындар, мемлекеттік шығындар, таза экспорт көлемі жатады.
3.
Бөлу факторлары, бұлар экономикалық айналымға тартылатын ресурстардың
тиімділігін, ресурстардың өндіріс үдерісінде толық, әрі ұтымды түрде пайдаланылуын
көрсетеді.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика экономикалық өсудің жаңаша сапалық
кезеңіне өтумен сипатталады. Жаңаша сапалық экономикалық өсудің бірқатар өзіне тән
ерекшеліктері бар. Біріншіден, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері, ресурстарды
үнем- дейтін технологияны қолдану негізінде өндірістің тиімділігін көтерудің интенсивті
сипаты ескеріледі. Екіншіден, технологиялық прогрессті анықтайтын және адамдардың
қажеттіліктеріне қызмет ететін салалардың өнімдерін көбейту қарастырылады.
Үшіншіден, экономикалық өсудің әлеуметтік жағынан қақтығыстарға алып келмейтін
шекараларын белгілеумен көрінеді. Мұндай шектеулерді енгізу арқылы адамның өмір сүру
ортасын және қалпына қайтып келмейтін ресурстарды сақтап қалуға мүмкіндіктер
ашылады.
Жаңаша экономикалық өсудің осындай ерекшеліктерін толығымен сақтамайтын
бүгінде әлемде ешбір ел жоқ. Өйткені әлем елдерінің, әсіресе, дамыған елдердің
экономикасын өсудің жаңаша сапасына нарықтық іс-қимылдар мен нарықтық
шаруашылықтың заңдылық- тары күш беріп соған қарай итермелейді. Сондай-ақ,
мемлекеттің де экономикалық өсудегі рөлін жоққа шығармау қажет.