1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның бұл қызметі
өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, нақтырақ айтсақ, тауар құнының
ақшалай көрінісін бағалар деп атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа
байланысты тауар құнынан ауытқып отыруы мүмкін.
2. Ақшаның айналым құралы ретіндегі қызметі. Ақшалар осы қызметі арқылы
қолма-қол нысанда нақты тауар айырбасына делдалдық жасайды. Айналымда жүрген
нақты ақша белгілері осы қызметті атқарады.
3. Ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметі. Бұл қызметті ақша тауарды несиеге
(төлем мерзімін ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер
рентасын, жалақыны, дивидендті, пәтер төлемін және басқа да төлемдерді төлегенде
атқарады.
4. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі. Болашақ тұтыныстарды
қанағаттандыру және ұзақ пайдаланылатын тауарларды (теледидар, жиһаз, білім алу, үй
сатып алу, т.б.) сатып алу ақшалар бұл жерде өз айналысын тоқтатып қорланады. Бұл нарық
жағдайында кездейсоқ жағдайлардан сақтану үшін әр адамға қандай да бір ақша резервінің
болуын қажет етеді.
5. Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметі. Бұл жерде әлемнің дамыған
елдерінің тұрақты валюталары (доллар, еуро, йена, рубль, т.б.) әлемдік ақшалар қызметін
орындайды.
Қазіргі экономикада тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер үш әдіс арқылы жүзеге
асырылады:
а) қолма-қол ақша беру арқылы; ә) банктегі есепте жазу арқылы;
б) бір тұлғаның екінші бір тұлғаға берешек екендігін куәландыра- тын құжаттар
арқылы.
Осыған байланысты төлем құралдарының үш түрі орын алады:
1.
Қолма-қол ақшалар (банкноталар, монеталар);
2.
Чектер, ағымдық есептер;
3.
Қарыз ақшалар (жеке тұлғалардың вексельдері, міндеттемелері). Ақшаның
экономикалық рөлі жоғарыда аталған қызметтерімен ғана шектеліп қоймайды, ақша
массасының өзгерісі ұлттық өндіріс көлеміне, жұмысбастылық пен орташа баға деңгейіне
де әсер етеді.