1 Карипова М. Р


Студенттің өзіндік жұмыстары



Pdf көрінісі
бет27/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

Студенттің өзіндік жұмыстары 
Мақсаты: 
тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік тұрғыдан қарастыру 
үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту 
үшін төмендегідей ұсынылатын тапсырмаларды орындау. 
1.
 
Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий). 
2.
 
Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру. 
3.
 
Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары: 
Тауар-ақша қатынастарының Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы; Ақшаның шығуы 
мен пайда болу тарихы; 
Қазіргі электрондық ақшалар жүйесі. 
4.
 
Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект): 
1)
Қызмет көрсету ерекше экономикалық игілік ретінде. 
2)
Еңбек құнының теориясы. 
5.
 
Жаттығулар: 
1)
 
Сіздің қолыңызда 1 млн. долларға тең қолма-қол ақша бар, ал сіздің 
досыңызда құны 1 млн. долларға бағаланатын қаланың сыртында үйі бар. Кімнің мүлігі 
аса жоғары өтімділікке ие болып табылады? Аса жоғары өтімді әдіспен мүлікті сақтау 
әрқашанда ұтымды болып табыла ала ма? 
2)
 
Мына көрсетілген жағдайлар ақшаның қандай қызметтерін орындайды: 
а) банктегі Сіздің депозитіңіз; 
ә) көлікті несиеге сатып алу; б) базардан көкөніс сатып алу; в) шәкіртақы алу; 
г) дүкенде сатылатын тұрмыстық техниканың прайс-парағы; ғ) жер телімін сату; 
д) студенттік асхананың тағам мәзірі. 
6.
 
Тест тапсырмалары: 
1.
 
Экономикалык игiлiктер дегеніміз – бұл: 
А) Айырбасқа арналған шикізат өнiмдер 
В) Тұтынуы өндiрiспен сәйкес келетiн материалдық қызмет нәтижесi 
С) Қажеттiлiктi қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер 
D) Өндiрiс факторлары Е) Өндiргіш күштер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет