1 Карипова М. Р



Pdf көрінісі
бет29/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

10.
 
Қызмет көрсету салаларында орын алатын бағаның түрі: 
А) Бөлшек сауда бағасы В) Көтерме сауда бағасы С) Тарифтер 
D) Прейскуранттық бағалар E) Тарифтік бағалар мен прейс- куранттық бағалар 
Мақсаты: 
әртүрлі өлшемдеріне байланысты экономикалық жүйелердің типтеріне 
тоқталу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталу, меншік қатынастарын 
зерттеу және Қазақстанның өтпелі экономика жағдайындағы ерекшеліктеріне тоқталу. 
Сұрақтар: 
4.1 Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және 
ұйымдастыру үлгілері; 
4.2 Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары, объектілері мен 
субъектілері; 
4.3 Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағыттары. 
3.1. Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және 
ұйымдастыру үлгілері 
Кез келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселе- лерін шешу үшін 
өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді және институттарды қолдана алады. 
Осындай механизмдердің бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы 
қарас- тыруға болады. 
Экономикалық жүйелер 
– экономиканың өзара байланысқан элементтерінің 
жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы 
бар: 
1.
Ашықтылық дәрежесі бойынша: 
Жабық экономикалық жүйе 
– бұл барлық іскерлік белсенділік операциялардың ел 


31 
ішінде ғана жүргізілуі орын алатын экономиканың ұйымдастырылуы. 
Ашық экономикалық жүйе 
– бұл экономиканың халықаралық экономикалық 
қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы, бұл жерде ұлттық валютамен қатар 
шетел валютасы қолданылады. 
2.
Меншік қатынастары бойынша: 
Дәстүрлі экономикалық жүйе 
– ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрлерге 
негізделген қатынастар. 
Бұл жүйенің сипатты белгілері: 
-
өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге негізделеді; 
-
әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс қарқынының тым 
төмен болуы; 
-
техникалық прогресстің шектелуі; 
-
халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан тұрақты түрде 
артып отыруы; 
-
сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы; 
-
мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет