1 Карипова М. Р


НАРЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ



Pdf көрінісі
бет44/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

 
5 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ 
 
Мақсаты: 
нарық ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлеріне, қызметтеріне, 
принциптеріне тоқталу, оның негізгі элементтерін, соның ішінде сұраныс пен ұсыныс 
теориясын, икемділіктің мәнін жан-жақты талқылау. 
Сұрақтар: 
1.
Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне 
байланысты түрлері; 
2.
Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері; 
3.
Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым; 
4.
Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары. 
Нарықтық тепе-теңдік; 
5.
Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. 
 
Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу өлшемдеріне 
байланысты түрлері 
Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия 
бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) «көрінбейтін қол» 
қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша
«көрінбейтін қол» – 
бұл 
сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты 
өзін-өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың 
пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. 
Сондықтан классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін 
механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге 
болады. 
Нарық (рынок) 
дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен 
байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы; 
2)
өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар-ақша қатынастары; 
3)
сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы 
құрал немесе тетік; 
4)
тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін 
экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы; 
5)
сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы 
түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара 
әрекеттестігі сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет