1 Карипова М. Р


жан басына шаққандағы ЖІӨ



Pdf көрінісі
бет96/169
Дата27.10.2023
өлшемі3,61 Mb.
#188867
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169
Байланысты:
Экономикалық-теория.-Карипова

жан басына шаққандағы ЖІӨ, 


78 
таза экономикалық әл-ауқат 
және 
ұлттық байлық 
деген көрсеткіштер тұрғындардың 
өмір сүру сапасы мен деңгейін, экономикалық өсудің жағымды жақтарын, ғылыми-
техникалық прогресстің жетістіктерін сипаттай алады. 
10.4 Атаулы және нақты жалпы ішкі өнім. Бағалар индексі 
ЖІӨ және ҰТ сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштер 
болғандықтан, олардың көлемі елдегі бағалар деңгейіне тәуелді болып табылады. Өндіріс 
көлемінің шамасын анықтау үшін индекс түрінде көрінетін бағалар деңгейінің қандай 
екендігін білу қажет. 
Бағалар индексі 
– бұл осы жылдағы (ағымдық) тауарлар мен қызметтердің белгілі 
бір жиынының (тұтыну себеті) жиынтық бағасы мен өткен жылғы (базистік) тауарлар мен 
қызметтердің сондай тобының жиынтық бағасы арасындағы арақатынас. 
Осы жылғы бағалар индексі = 
осы жылғы тұтыну қоржынының нарықтық бағасы / өткен жылғы тұтыну 
қоржынының нарықтық бағасы × 100%. 
Мысалы, 2018 жылы тұтыну қоржынының нарықтық құны 64 долларға тең; ал 
өткен 2017 жылы 50 долларға тең болса, онда 2018 жылғы бағалар индексі мынадай 
болады: 
2018 жылғы бағалар индексі = 64 / 50×100% = 128%. 
ЖІӨ-нің бағалар индексі. 
ЖІӨ-нің бағалар индексін 
ЖІӨ дефляторы 
деп атайды. 
Ол тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағаларынан, инвестициялық тауарлардың 
бағаларынан, мемлекеттің сатып алатын тауарларының бағаларынан және әлемдік нарықта 
сатылған және сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағаларынан құралады. ЖІӨ 
дефляторы ақшалай нысандағы, яғни атаулы ЖІӨ- ді бағалардың өзгеруіне байланысты 
түзетуші көрсеткіш болып табылады. 
ЖІӨ дефляторы арқылы әртүрлі жылдар арасындағы өндіріс көлемін салыстыруға 
болады. Әртүрлі жылдар үшін алынатын бағалар индексінің жиыны бағалардың 
қаншалықты өскендігін немесе төмендегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, біз 
ЖІӨ-нің ақшалай, уақытша және сандық көрсеткіш екендігіне көз жеткіземіз. Оның 
шамасына өндірілген өнімнің санымен қатар, бағалар деңгейі де әсер етеді. Олай болса, біз 
ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет