Миға шабуыл:
табиғат қандай компонентерден турады?
Мұғалім орманның, даланың, шөлдін, мұхиттың суреттерін көрсете
отырып сол жердегі компонентердің байланысын сұрайды. Оқушылар олардың
ерекшеліктерін айтады және табиғи аумақтық кешендер деген ұғымды
шығарады.
Оқу мақсаты: 7.5.1.2. Табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдау.
Миға шабуыл:
Тропиктік белдеулерде не себептен орман ресурстары көп
таралған? Минералды ресурстар таралу ерекшеліктері қандай?
Оқу мақсаты: 7.1.1.1 -географияның зерттеу нысандарын анықтайды
Миға шабуыл:
Тақырыптың мақсатын анықтау барысында төмендегідей
сұрақтармен жұмыс жасаймыз. География ғылым ретінде қалай пайда болған?
Оқушыларға географиялық фотосуреттер таратылып беріледі
Берілген суреттерді иерархия түрінде орналастырыңдар (ғарыштық, Жер
планетасы, географиялық қабық, құрлықтар), оқушылар осы суреттер арқылы
кеңістікті иерархия түрінде көрсетеді.
1.
Ғаламшарлық зерттеулер нысандары –
2.
Аймақтық зерттеу нысаны –
3.
Жергілікті тану жұмыстары –
Барлық географиялық нысандар, құбылыстар, процесстер шығу тегіне
байланысты нешеге бөлінеді:
Нысанның нақты мекенін анықтаудың маңыздылығы
:
Әр оқушы өзі
баратын нысанды таңдап алады. Мысалы: Саванна, Гималай тауы, Рим қаласы.
1. Біз бір жерге сапар мен саяхат жоспарлаған кезде ең алдымен қандай
мәліметтер аласыз.
2. Өзіңізге қажетті жерлерге қалай жетесіз және қандай әдістермен?
2)
Кластерлер, салыстырмалы диаграмма, пазл
Кластерлер (ағл. Cluster - «жүзімнің шоқтары» деген мағынада) – идея мен
ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба
кестелер. Мұнда негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің)
ортасына шеңберге жазылады да, одан туындайтын тақырыпшаларды
студенттер оның жан-жағына жазып, шеңберлеп бір-біріне қосады да, өз-ара
байланыстары туралы әңгімелейді. Кластерлер оқушының жеке орындауынан
басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.
Мысалы
,
Ең алдымен тақтаның ортасындағы дөңгелекке немесе дәптердің
ортасына сөз не сөйлем жазу сұралады. Мысалы «Марко Поло» деген сөз.
Сосын «ол не істеді?» деген сұрақ тастауға болады. Ол сөзді оң жағына
дөңгелекшенің ішіне жазып негізгі сөзбен екеуінің арасын тіке сызықпен
қосамыз. Енді біз оқушыларды оның не істегені туралы өз көзқарастарын
айтуға шақырамыз. Бұл пікірлерді «ол не істеді» деген дөңгелектің айналасына
топтастырып, жаңа дөңгелектерге жазып онымен қосуларын сұраймыз. Егер
оқушы «ол саяхатшы болған» десе, «саяхатшы» деген сөз жаңа дөңгелекшеге
жазылады. Егер оның саяхаты туралы жаңа мәлімет (қайда барды және т. с. с)
66
болатын болса, онда ол сөздер «саяхатшы» сөзінен айналып жүретін серік -
сөздер болады. Оқушылар кластерді орналастырып болған соң, олардан қай
жерде ақпарат аз екенін көрсетуді сұраймыз. Егер олар бір нәрсеге күдіктенсе,
сол жерге үлкен сұрақ белгісін қою керек. Содан соң ненің дұрыс болғанын, қай
жері дұрыс емес екенін, қандай тұстары анықталды соған көңіл бөлуін
сұраймыз. Мұндай кластерді тақырыпты қорытындылау бөлімінде рефлексия
түрінде беруге болады, сонда оқушының тақырыпты қалай меңгергендіктері
байқалады.
Пазл
(ағл. puzzle) – тең емес бөліктерден сурет құрастыратын балалар
ойыны.
Бұл әдіс бойынша тапсырмалардың орындалуын ойын түрінде өткізуге
болады. оқыту барысында өтілген материал карточкаларға жазылады, бірақ
әрбір карточкада келесісін іздеуге бағытталған мәлімет болуы тиіс.
География сабағанда картамен жұмыс жасағанда, теоремаларды,
анықтамаларды бекітуде, қайталау сабақтарында қолдануға болады, ол жеке не
топтық жұмыс болуы да мүмкін.
Мысалы
, «Тізбектің шегі» тақырыбында дәріс
сабағының рефлексия бөлімінде «Пазл» ойынын жүргізуге болады. Білім
алушыларға бір тапсырманың өзін үш карточка арқылы беруге болады. 1-ші
карточкада – анықтама берілсе; 2-ші карточкада – материктің бейнесі
бөлшектеліп; 3-ші карточкада – осы материкті айқындайтын белгілер
(мекендейтін жануарлар, ірі өзендерінің атау т.б.) арқылы қысқа жазылуы.
Шығармашылық тапсырма беру кезінде мұғалім сабақ соңында интеллект-
карта үлгілерін көрсете алады. Мұндай тапсырма қазақстандық мұғалімдер
үшін жеткілікті деңгейде таныс және кәсіби лексикада көбінесе «кластер»
ретінде қолданылады. Оқушылардың назарын оқулықтың тиісті параграфында
интеллект-карталарды құрастыру жөніндегі нұсқаулар мен графикалық
материалдың осы түрінің шартты мысалы берілгеніне аудару қажет.
Интерактивтi әдістің негiзiн интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалар
құрайды. Интерактивтi жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегілерден басты
айырмашылығы олар меңгерілген материалды тек бекiтуге ғана емес, жаңаны
оқып- үйренуге бағытталған.
Тренинг
(ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті
жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ
қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін
бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.
Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:
• оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар
қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар
мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне сенімділік артып,
қызығушылық танытады, ынталы болады);
• тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім
атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты
аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны) [9]
67
• бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау
және қолдау;
• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған
қатысуын қадағалау;
• оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды
сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс;
• оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы
керек;
• тренингтің бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және
«келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады;
• теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің арасында
сабақтастық болуы керек;
• кез-келген тренинг сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен
міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады;
• кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен
жұмыс ережесін жасаудан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |