Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: План және карта. Сабақ тақырыбы



Pdf көрінісі
бет19/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: План және карта. Сабақ тақырыбы. 
«План» және «шартты белгілер» ұғымы. 
Жергілікті жердің планы, шартты белгілер бойынша анықтайды. 
Әңгіме 
бойынша 
шартты 
белгілерді 
пайдаланып, 
сызбаны 
құрастырыңдар.
Біз әжем екеуміз (қаладан) __________ шығып, (тас жол) ___________ 
мен жүріп, (өзендегі ағаш көпір ) _________ ден өттік. (Көл мен батпақты) 
__________ айналып, (аралас орман)____________ жанындағы жар 
бойымен__________ (үйіне) бардық. Әжем сонда қалды. Біз Серік екеуіміз 1 
шақырым (шалғындағы соқпақ жол) ___________ мен (жеміс бағына) 
__________ барып, алма жинадық . 
1.
1-
суретте Алматы қаласының картасы 
 
 
 
 
Эстафета ойыны 
топ мүшелері тақырыпқа сәйкес жарысады. Мысалы, екі 
бағанға мемлекеттердің атын жазып 
«Фишбоун» - балық қанқасы әдісі. 
Балықтың басы – проблемалық сұрақ, 
сүйектері – шығу жолдары, құйрығы – қорытынды. Мысалы, ғаламдық 
жылыну(проблема). 
«Фишбоун» әдісі бойынша жұмыс жүргізу. «Оқытуға 
әсер ететін факторлар» 
үлестірме таратылады. «Фишбоун» сызбасы арқылы 
оқытудағы кедергілер мен шешу жолдарын, содан шыққан шешімді бейнелейді. 
Өздеріңіздің сабақтарыңызды көз алдарыңызға келтіріңіз. Сабақта тып-тыныш 
және керісінше шулап отыратын балалар болады. Ендеше, сіздерге топта мына 
сұрақтарды талқылауларыңызды сұраймын [12].

Әлеуметтік деңгейде кездесетін кедергілер. 

Эмоциялық деңгейде кездесетін кедергілер. 

Зияткерлік деңгейде кездесетін кедергілер. 
«Алты телпек» әдісі. 
Ақ телпек: Фактілер, ақпарат, сұрақтар. 
Қызыл телпек: эмоциялар, сезу, сезімдер.


71 
Сары телпек: артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу 
керек? Артықшылықтары қандай?
Қара телпек: қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер 
бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? 
Жасыл телпек: Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады.
Көк телпек: ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол 
жеткіздік? Болашақта не істеу керек? 
8-
сынып. Тақырыбы: Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама.
Мағынаны тану (20 мин) 
«Алты телпек» әдісі арқылы мәтінді 
оқушыларға бөліп беру және талдау 
жасауларына ықпал ету. 
Топтар бойынша деңгейлік тапсырмалар 
1) өзендердің және көлдердің аттарын 
бағанға бөліп жазу; 
2) сөйлемдерді толықтыру; 
3) алаптар бойынша ірі өзендерді кескін 
картаға түсіру. 
Әр топ жеке, жұппен жəне топпен 
орындайды.
Әр топ жеке қорғайды
Оқиды, ойлайды, әр топ өз міндеттері 
аясында ойларын ортаға салып пікір 
алмасады, ойларын қорытады, постерге 
түсіріп, қорғайды. 
Еліміз аумағындағы өзендер мен көл 
аттарын 
бөлек 
бағана 
етіп 
жазу, 
сөйлемдерді толықтырып жазу, ірі өзендерді 
кескін картаға түсіру, қорғау. 
Қорғау кезінде айтылған мәліметтерді 
орындарында 
отырған 
оқушылар 
дәптерлеріне түртіп алады. 
 
«Ақ телпек» - алап бойынша бір ірі өзенге сипаттама бере отырып, өзеннің 
статистикалық деректеріне көп мән беруі керек. СТАТИСТИКАЛЫҚ.
«Сары телпек» - алап бойынша ірі өзенге сипаттама бере отырып, оның 
тіршілікке пайдалы жақтарын баса көрсетуі керек. СӘТТІЛІК.
«Көк телпек» - алап бойынша ірі өзенге сипаттама бере отырып, өзен 
суының біз үшін не қажеті бар, не үшін пайдалануымызға болады, ол өзен 
болмаса не болар еді? деген сұрақтарға жауап беру керек. АНАЛИТИКАЛЫҚ.
«Қызыл телпек» - алап бойынша ірі өзенге сипаттама бере отырып, бұл 
өзен болмағанда не болушы еді? Табиғат, жануар, өсімдік дүниесі қандай 
өзгеріске ұшырар еді?- деген сұрақтарға жауап беру керек. СЕЗІМТАЛ.
Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруі процесіндегі 
пайдаланылған сыни тұрғыдан ойлау стратегияларының бірі – «Алты телпек» 
стратегиясы. Әрбір топ-бастарындағы киіп отырған телпек түсіне байланысты 
өздерінің орындайтын міндеттері болады. Мәтінді меңгергенде топ сол 
міндеттерге мән беруі керек және жұмысын қорғағанда оны дәлелдер келтіріп 
түсіндіруі қажет. (Жоғарыда әр телпектің міндеті жеке көрсетілген).
Есіл, Каспий, Теңгіз, Нұра, Іле, Шағалалытеңіз, Ертіс, Марқакөл, Жайық, 
Балқаш, Сырдария, Арал, Сасықкөл, Зайсан, Жем, Сағыз, Бурабай, Жасылкөл, 
Қорғалжың, Тобыл, Шу, Ойыл, Қаратал, Лепсі, Алакөл, Есіккөлі, Үлкен 
Алматыкөлі, Ор, Жаңадария.
Бұл тапсырмада оқушыларға жоғарыда көрсетілген өзендер мен көлдерді 
бөлек бағандарға қатесіз бөліп тізуі қажет. Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты 
байланыстыра отырып, оқушылардың есте сақтау, номенклатура жаттау 
қабілеттерін нығайтады.


72 
1.
Қазақстан өзендері ... алабына және ... алаптарға жататын өзендер.
2.
Еліміз аумағында ірілі-ұсақты ... өзен бар.
3.
Қазақстан аумағында ұзындығы ... км-ден асатын ... өзен бар.
4.
Олар: ..., ..., ..., ..., ..., ..., ... өзендері.
5.
Ертіс өзені ... мемлекеті аумағында ... өзеніне қосылып барып ... 
мұхитына құяды.
6.
Ертіс өзенінің бойында ..., ..., ... ірі СЭС орналасқан.
7.
Жайық өзені ... тауынан басталып, ... теңізіне құяды.
8.
Сырдария өзені ... тауларынан бастауын алады, еліміз аумағындағы 
ұзындығы ... км.
«Сөйлемдерді толықтыр» тапсырмасы да жаңа тақырыпты бекітуге 
бағытталған. Бұл тапсырманың мақсаты еліміз аумағындағы өзендердің негізгі 
және статистикалық анықтамаларын жаттап, есте сақтауларына ықпал ету және 
күнделікті өмірде қажет болғанда пайдалана білуге дағдыландыру.
«Бағалау парағында» топ басшысына сабақтың бас кезінде таратылып 
берілген парақтарды сабақ барысында толтырып отырып, соңында оқып 
шығады. Бұл әдіс оқушыларды өзін-өзі, сыныптастарын әділ бағалауға 
дағдыландырады. Өз іс-әрекетіне сын көзбен қарауға, кейінгі сабақтарда 
белсенділік көрсету қажет екендігін оқушы өздігінен түсінеді. Оқушылардың 
бағалауы, сабақ барысында мұғалімнің формативті бағалауы жиынтықталып, 
суммативті баға қорытындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет