Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с


Білім мазмұнын жаңарту аясында «География» оқу пәнін оқыту



Pdf көрінісі
бет21/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu

3 Білім мазмұнын жаңарту аясында «География» оқу пәнін оқыту 
бойынша әдістемелік ұсыныстар 
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі географиялық білім оқушылардың 
бойында картографиялық сауаттылықты қалыптастыруды, өмірде кездесетін 
түрлі табиғи, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайлар мен 
құбылыстарды түсіндіру, бағалау және болжау үшін географиялық білімді 
пайдалана білуді, қоршаған орта жағдайына бейімделуді қамтамасыз етуі тиіс. 
Білім алушылар түрлі теориялық және практикалық мәселелерді шешудің, 
болжам құрастырудың, бақылау жүргізудің, алынған нәтижені бағалаудың және 
талдаудың және оларды өмірде кездесетін жағдаяттармен салыстырудың 
ғылыми әдістерін меңгереді. 
География қоғамдық және жаратылыстану-ғылыми білімді жинақтайды, 
сондықтан да «География» оқу пәнінің мазмұны қоғамдық және 
жаратылыстану пәндерінің, табиғат пен қоғамның өзара байланысы туралы 
көзқарасты дамытуға қажетті экологиялық, әлеуметтік, тарихи, экономикалық 
тағы басқа көріністерді, жалпы географиялық ортаны және Жердің түрлі 
аумақтарын зерделеудің кешенді тәсілін қамтиды. 
«География» оқу пәні білім алушылардың тақырыптың мазмұнын меңгеру 
барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды қауіпсіз 
пайдалану, нәтижені талдау, шешімді ғылыми дәлелдер арқылы ұсыну 
дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды. 
«География» оқу пәнін оқыту білім алушылардың бойында ғылыми 
дүниетанымды қалыптастыру, жалпы ғылыми әдістерді (бақылау, өлшеу, 
модельдеу) меңгеру, ғылыми білімді өмірлік тәжірибеде қолдана білу 
«Физика», «Химия», «Биология», «Математика», «Тарих» және басқа 
пәндермен пәнаралық байланысқа негізделеді. 
География сабақтарында өлкетану компонентін: 
– 
жобалау-зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру; 

әлеуметтік-мәдени және табиғи нысандарға саяхат жасауды 
ұйымдастыру барысында жүзеге асыруға болады. 
Географиялық білім жергілікті және ғаламдық деңгейлерді қамтитын 
көптеген геосаяси, саяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипатқа 
ие проблемалардың шешімін, географиялық заңдылықтарды түсінуге 
көмектеседі. 
Қазіргі заманның талабы – шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істейтін, 
өзгермелі өмірде бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, құзіретті тұлға 
тәрбиелеу. 
Осыған байланысты білім алушылардың бірін бірі түсініп, ұжымдық 
қарым-қатынас орнатып, өзара бірігіп іс-әрекет жасауларын бағалаудың жаңа 
түрі – критериалды бағалау болып табылады. 
Критериалды бағалау – бұл білім алушылардың оқу және дүниетанымдық 
біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін нақты анықталған, бір-біріне 


75 
сәйкес келетін білімнің мазмұны мен мақсаты, сонымен қатар оқушылардың 
оқу жетістіктерін бағалау үшін алдын ала анықталған критерийлер. 
Критерийлер – пәннен нақты тақырыпты меңгеру барысында білім 
алушылардың орындайтын іс-әрекеттері, яғни оқу мақсатын жүзеге асыруға 
арналған өлшемдер. 
Критерийлер көрсеткіштер арқылы шешімін табады, әр нақты тапсырмаға 
арналған бағалау критерийлері берілген оқу тапсырмасын орындаудың 
нәтижесі қандай болуы керек екенін дәл көрсетеді, ал кез келген көрсеткіш 
бойынша бағалау – бұл қойылған мақсатқа оқушының қаншалықты 
жеткендігінің анықтамасы. Критерий – нәтижені бағалаудың қойылған 
талаптарға сәйкестігі бойынша шешім қабылдаудың белгісі, негіздемесі, 
ережесі.
Білім алушыларды мектепте оқытудың сапасын арттыру және мектеп 
түлектерінің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру – критериалды 
бағалауды енгізудің мақсаты болып табылады. Критериалды бағалау жүйесі 
білім алушыларды әділ бағалау проблемасын шешуі және оларды неғұрлым 
жоғары жетістіктерге жетуге жетелеуі тиіс. Бағалау жүйесі: 
– 
оқу материалы мен практикалық дағдылардың қаншалықты табысты 
меңгерілгені және қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік беруі тиіс; 
– 
білім алушылардың өз жетістіктерін өздерінің бағалауына ынталандыру 
және дамыту механизмі қалыптасуы тиіс; 
– 
мұғалім, білім алушы, ата-ана және мектеп ұжымы арасындағы үздіксіз 
қарым-қатынасты қарастыруы және қамтамасыз етуі тиіс; 
– 
нақты бір сыныпқа бірдей қолдануға арналуы тиіс; 
– 
білім алушының психологиясына байқап ұқыпты қарауды, 
психологиясын жаралайтын, зақым келтіретін жағдаяттардан қашық болуды 
қамтамасыз ететіндей құрылуы тиіс. 
Критериалды бағалау жүйесінің артықшылықтары: 
– 
оқу пәнінің мақсаттарына сәйкес келеді және әділ бағалауды арттыруға 
мүмкіндік тудырады; 
– 
жетістік деңгейлері нақты құрастырылған; 
– 
бағалауды білім процесіне қатысушы білім алушылар, ата-аналар, 
мұғалімдер үшін бірдей түсінікті етеді; 
– 
өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасайды; 
– 
білім алушының өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілігін тәрбиелейді; 
– 
білім алуға қызығушылығын арттырады; 
– 
білім алушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау мүмкіндігін жасайды 
(білім алушылар қорытынды бағаның неден шығатынын көреді). 
Білім алушыларға бағаның қайдан шығатыны түсінікті болуы үшін, оларға 
әр түрлі критерийлер ұсынылады. Осы кезеңнің ең маңызды сәті, білім 
алушыларға өзін және басқаларды бағалауға мүмкіндік беру болып табылады. 
Бағалау критерийлерін мұғалім өзі немесе білім алушылармен бірігіп те 
әзірлеуі мүмкін: бұл оқытудың осы кезеңінде білім алушылардың меңгеруі тиіс 
стандарты болып табылады. Критерий дегеніміз – бұл білім алушылардың 


76 
білуі, түсінуі, өзгертуі, дәлелдеуі тиіс фактілер, ұғымдар мен дәлелдер. 
Критериалды бағалау жүйесі бір оқушыны басқа оқушымен салыстыру 
жағдайы болдырмайды, бағалаудың қосымша мүмкіндіктері пайда болады, 
сонымен қатар білім алушылар өз жетістіктерін бір немесе басқа критерийлер 
бойынша жетілдіру мүмкіндігі болады. 
Жекелеген жұмыстарды бағалай отырып, мұғалім білім алушының 
назарын қорытынды баға қойылған жалпы жұмыстың бір немесе басқа 
құрамдас бөлігінен қол жеткізген жетістігіне аудартады. Критериалды бағалау 
әдісі білім алушының оқу әрекетіне қызығушылығын арттырудың және 
тұлғалық тәсілдің ықпалды құралы болып табылады. Бағалау жүйесінің аталған 
технологиясын енгізу барысында әр білім алушы дамудың нақты деңгейіне қол 
жеткізе алады, себебі бұл технология оқушының алға басуына және өзін-өзі 
танытуына бағытталған [13]. 
Критериалды бағалаудың жүйесі: 
– 
сабақтың әр бөлігіндегі дайындық деңгейін; 
– 
пәннің оқу бағдарламасындағы мақсаттарын орындау қабілетін 
анықтауға; 
– 
тұлғаның даму жетістігін бақылауға; 
– 
білімді меңгеру барысында жіберген қателіктерін анықтауға; 
– 
өзі орындаған жұмысқа берілген бағаның әділдігіне көз жеткізуіне; 
– 
білімді меңгеруі туралы мұғалім – оқушы, мұғалім – ата-ана арасындағы 
байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалаудың білім алушылар үшін де, мұғалімдер және ата-
аналар үшін де маңызы бар. Мысалы, 
білім алушылар: 
– 
өздерінің танымдық және ойлау қабілеттерінің деңгейін арттыру үшін 
оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану; 
– 
жаңа білімді меңгеру барысында табысқа жетелейтін бағалау 
критерийлерін түсіну; 
– 
сын тұрғысынан ойлау, өз ойын еркін айту, білімін көпшілік алдында 
көрсету (ұсыну), өзін-өзі және сыныптастарын бағалау арқылы кері байланыс 
орнату мүмкіндігіне ие болады; 
– 
өзбетінше жаңа білім алу, оқу әрекетін ұйымдастыру, мақсат қою, 
жоспарлау, өзін-өзі бақылау және өз әрекетінің нәтижесін бағалау, өз әрекетінің 
болуы мүмкін нәтижелерін алдын-ала болжау дағдыларын меңгереді; 
– 
бастапқы фактілер мен болжамдарды, теориялық модельдер мен нақты 
нысандарды түсіндіру үшін, олардың арасындағы айырмашылықты түсіну 
мүмкіндігіне ие болады; 
– 
белгілі фактілерді түсіндіру және ұсынылған болжамды эксперименттік 
жолмен тексеру, процестер мен құбылыстардың теориялық модельдерін әзірлеу 
үшін болжамдар мысалында ыңғайлы оқу әрекетін меңгеру; 
– 
қабылдау, өңдеу және ақпаратты сөз, образдық, белгілік түрлерде беру, 
алынған ақпаратты қойылған мақсатқа сәйкес талдау және қайта өңдеу 
дағдыларын қалыптастыру; 


77 
– 
оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын белгілеу, қойылған сұраққа мәтіннен 
жауап табу және мәтіннің мазмұнын баяндау; 
– 
танымдық мақсаттарды жүзеге асыру үшін ақпараттың жаңа 
технологияларын, өз бетінше іздеу, талдау және іріктеп алу үшін түрлі ақпарат 
көздерін пайдалану; 
– 
монологтік және диалогтік сөйлеуді дамыту, өз ойын жеткізу және 
сұхбаттаушысын тыңдай білу білігі, оның көзқарасын түсіну, басқа адамның 
ойларын қабылдау мүмкіндігі; 
– 
ерекше жағдаяттарда қажет болатын әрекет түрлерін, проблемаларды 
шешу әдістерін және эвристикалық әдістерді меңгеру; 
– 
әлеуметтік түрлі рөлдерді орындау арқылы топта жұмыс істеу білігін 
қалыптастыру, оқыту және өз көзқарасын және пікірін қорғау, пікірталас 
жүргізу [14].
Мұғалімдер: 
– 
оқытудың сапалы нәтижесіне жеткізетін критерийлер құрастыру; 
– 
білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін есепке ала 
отырып, әр оқушыға арналған критерийлер немесе тапсырма түрлерін 
жоспарлау; 
– 
бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалану; 
– 
білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланыс орнату 
мүмкіндігі. 
Ата-аналар: 
– 
өз баласының білім жетістіктерін бақылау; 
– 
білім сапасының және нәтижесінің сапасымен танысу; 
– 
оқуына қолдау көрсету бағытын білу мүмкіндігі. 
Мұғалім критериалды бағалау жүйесін қолдану үшін сыныптағы білім 
алушылардың дайындық деңгейін және ерекшеліктерін ескере отырып, пәннің 
оқу мақсаттарына сәйкес «білу және түсіну», «қолдану», «сыни ойлау және 
зерттеу», «коммуникация және рефлексия» және т.б. критерийлері бойынша 
дескрипторлар әзірлеуі тиіс. Әр критерий оқушының тапсырманы орындауын 
жүйелі бағалануына мүмкіндік беретін дескрипторлардан тұрады, сонымен 
қатар білім алушылар осы дескрипторларға сүйене отырып өз жұмысының 
нәтижесін бағалай алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет