Коучинг сессиясының тақырыбы



Дата22.08.2017
өлшемі49,97 Kb.
#24309
Астана қаласы №38 мектеп –лицейінің екінші негізгі деңгей бағдарламасы бойынша курстан өткен ағылшын тілі пәні мұғалімі Рахимова Т.Х мен география пәні мұғалімі Қашығұлова Р.Е 2015/2016 оқу жылы 6 желтоқсан күні «Критериалды бағалау-табысқа жетелейтін баспалдақ» тақырыбында өткізген коучинг сессиясының рефлексивті есебі

Коучинг сессиясының тақырыбы:

«Критериалды бағалау-табысқа жетелейтін баспалдақ»

Мақсаты:

Коучинг сессиясының эпиграфы :

«Біздің түсінігімізге сәйкес келетін туындыға ғана «баға» баса береміз критериалды бағалаудың оқу үдерісін жетілдірудегі маңызын анықтау.

Тақырыпты таңдау алдында қандай тақырып ойландырады немесе қайсы модульмен жұмыс жасаған қиындық келтіретіндігі туралы әріптестерімізбен сөйлесіп, талқыладық. Бағалау сабақ үрдісiнің ажырамаc бөлігі бoлғандықтан, әріптеcтерімді бағaлау арқылы оқушының үлгерiмін қaлай жaқcартуғa болaтындығы ерeкше қызықтыратындығын түсіндік.

Әріптестерімізге критериалды бағалауды оқу үдірісінде пайдалану жолдарын өз тәжірибемізбен бөлісуді дұрыс деп ойладық.

Сессияға әр түрлі пәндерден барлығы 31 мұғалім қатысты.

Коучинг сессиясын психологиялық ахуал орнатудан бастадық.

Психологиялық ахуалдың өзінде мұғалімдер бір-біріне баға берді.Мысалы, Жанар Абеновна өзінің әріптесіне төмендегідей баға берді, Ашық жарқын мінезді, сырт келбеті көрікті, ұқыпты, тез тіл табысқыш.

Миға шабул ретінде Иван Ургант «Взгляд сверху» бейнетаспасы көрсетілді.

Бейнетаспаны қарай отырып, мұғалімдер бағалау туралы өз ойларын ортаға салды. Әріптестерге «Славаның іс-әрекетін қалай бағалауға болады және бола ма?» деген сұрақ қою арқылы пікірлері тыңдалды.

Әріптестер бағалауға болады деген ортақ пікіәрге келді.

Коучинг сессиясының тақырыбымен таныстырылды.

Мұғалімдер ортаға шақырып, берілген «Өлшем», «Деңгей», «Жетістік», «Сапа», «Градация» сөздерін таңдау арқылы топтарға бөлінді.

Топ мүшелері ролдерге бөлінді. Топтарға «Несие», «Теңге», «ЭКСПО», «Сервис», «Баға» сөздері беріліп, РАФТ стратегиясымен өз ойларын ортаға салу тапсырылды. Әр топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, топтық жұмысты ұйымшылдықпен жасады. Өлшем тобының мүшелері несиенің аудиториясы жанұя, ал оның рөлі қажеттілік деп өз пікірлерін ортаға салды. Деңгей тобының мүшелері теңгенің аудиториясы халық, рөлі экономикадағы орнын айтып түсіндірді. Теңгенің қазіргі және бұрынғы деңгейін салыстыра сипаттама бере отырып, ойларын айтты. Мұғалімдерге РАФТ стратегиясымен жұмыс жасау ұнады.

Топтарға келесі тапсырма берілді. Әрбір топқа ас мәзірінің суреті салынған парақ ұсынылады. Берілгін сурет бойынша мәтін құрастыру және мәтін ұсынылған арнайы бағалау критерийне сай , мәтін құрастыруда берілген критерийді тиімді қолдану қажет болды. Әр топ мүшелері берілген тапсырманы мейлінше талапқа сай орындауға жұмыстанды. Әсіресе деңгей тобының мүшелері берілген бағалау критерийне сәйкес жұмыс жасады. Мәтінде төл сөз бен төлеу сөзді тиімді қолданды, ойы жүйелі, мәтін мағыналы, сөйлеу мәдениеті сақталғанғ тұжырымды , яғни барлық талаптарға сай орындалды. Жетістік тобының мүшелері бағалау критерийлдерін сақтамады. Оларға әлі де болса, бағалау критерийлері туралы мәліметтер жеткіліксіз, бағалау туралы білімдерін толықтыру қажеттілігі байқалды. Топ мүшелерінің әлі де болса тәжірибеде қолдана алмайтындығы көрінді.

Мұғалімдердің алғашқы жұмысы мен соңғы жұмыстары салыстырылды.

Алғашқы жұмыстарында ешқандай бағалау критерийлері қолданылмады, өйткені бағалау критерийлер берілмеді.

Соңғы жұмыста бағалау критерийлері берілді, мұғалімдер талапқа сай жұмыс жасады. Бағалау критерийлерімен жұмыс жасаған кезде жұмыс жасаудың тиімжді екендігін түсінді.

Мұғалімдерге « Қай жұмысты жасау жеңіл болды?- деген сауал қойылғанда, әрине бағалау критерийлері берілген кезде жұмыс жасау неғұрлым жеңіл және тиімді болды деп жауап берді.

Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдермен критериалды бағалауды өз тәжірибемізде қалай пайдаланып жүрміз, тәжірибемізбен бөлістік.

Критериалды бағалауға анықтама бердік. Критериалды бағалау- бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалау ұстанымының негізі төмендегідей :

1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.


2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі
болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет

Ағылшын тілі және география сабақтарында критериалды бағалауды қалай жүргізетіндігіміз туралы өз тәжірибемізбен бөлістік. Ағылшын тілі бойыынша жоба-шығармашылық жұмысын қалай бағалауға болатындығын, тиімді бағалау критерилері ұсынылды. География сабақтарында оқушы білімін бағалаудың критерийлері таныстырылды.

Коучинг сессиясының соңында мұғалімдер төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, кері байланыс жасады.

Коучингте маған ұнағаны, өйткені...

Коучингте маған ұнамағаны, өйткені...

Маған түсінікті болды...

Маған түсініксіз болды...

Коучингте маған ұнағаны, миға шабул бөліміне арналған бейнеролик , бейнероликпен жұмыс, бейнероликтегі баланың іс-әрекетіне баға беру, ас мәзірі бойынша берілген тапсырма, тапсырманы бағалау критерийлері бойынша мәтін құрастыру -31 мұғалімге ұнады.

Коучингте маған ұнамағаны болған жоқ.

Маған түсінікті болды, бағалау критерийлері -25 мұғалім;

Маған түсініксіз болды, әлі де болса бағалауды жүзеге асыру жолдары-6 мұғалім;

Коучинг сабағы туралы рефлексивті есеп

Екiншi коучинг сaбaғының тaқырыбы: «Бағалау - оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі» Тaқырыпты таңдаудaғы баcты мақсaтым әрiптестеріме бағалaудың түpлі нысандары турaлы түсінік беру және мұғалiмдердің оқыту мен оқу cапасын бағалау арқылы жақсаpта алатындығынa көз жеткiзу. Мектeп жағдайындa бағалау сабақ үрдісiнің ажырамаc бөлігі бoлғандықтан, әріптеcтерімді бағaлау арқылы оқушының үлгерiмін қaлай жaқcартуғa болaтындығы ерeкше қызықтыpды. 


Мектептегі 35 сынып комплектісінің көпшілігі жаратылыстану пәндері бойынша кеңейтілген сыныптар. Осы пәндер бойынша оқушыларға білімді жетік меңгерту үшін мұғалімдер жаңа әдіс – тәсілдермен көптеген жұмыстар жүргізуде екендігін ескере отырып, Кембридж бағдарламасының жалпы мазмұны - мұғалімдердің оқыту мен оқудағы табыстылығын, мұғалім құзіреттілігін жетілдіруін, оқу мен оқытудағы әдістерді өзгертуді басшылыққа ала отырып, бағдарлама аясында алған білімдерім мен мектебімнің басты проблемасын анықтай келе, мен де оқу мен оқыт 
уда әдістерді өзгертудің қажеттілігін сезіндім. Себебi, бағалаудың дәcтүрлі сабақта тeк техникалық әдіc pетінде қoлданылатыны мәлiм. Мұғалімдер оқушы жұмыcын бағaлауда жазбаша және ауызшa бағалау фoрмаларын пайдаланады. Бұл бағалау әрдайым оқушы білімiнің шынайы көрінісі дeп айтуға келмeйді. Бұндай бaғалау фoрмасын қолдануда oқушының дамуын, мотивациясын, өзін – өзi бағалауын ескермeйміз. Жинақтaлған баға санына бaғыттала отырып, бір ғана cабақ аясында бағалаймыз. Бұл oқушының крeативті ойлауынан бұрын, шығармашылық тұрғыдан дамуын шекте�
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет