Методические рекомендации по изучению учебного предмета «География» (7- 9классы) в рамках обновления содержания образования. Методическое пособие. Астана: нао имени И. Алтынсарина, 2017. 121с



Pdf көрінісі
бет17/86
Дата01.11.2023
өлшемі2,84 Mb.
#188984
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
Байланысты:
mazmnyn-zhaartu-ayasynda-7-9-synyptarda-geografiya-ou-pnin-oytu-boyynsha-distemelik-synystar-zirleu

«Даналық ағашы» әдісі:
Ойынның шарты: әр оқушы тақырып бойынша бір сұрақтан жазып 
сандықшаға салады, әр оқушы бір бірден алып жауап беру тиіс 
«INSERT» әдісі 
тақырыпты оқып, белгілер қою: «v» - бұрын білгені, «+» 
бүгінгі білгені, «?» - қызық болғаны (ұнағаны), «!» - мәтіңдегі түсінбегені 
бойынша белгілер қояды [11]. 
Белгі қойып оқу (INSERT-
Interactive Noting System for Effective Reading and 
Thinkeng– 
тиімді ойлау мен оқуға арналған белілеудің интербелсенді жүйесі
) – 
жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі. Оқушы сабақты тыңдағанда 
жекелей кестені толтырып отыруы тиіс: 
бірінші («қанатша») бағанға оқушы сабақта кездестірген өздерінің 
бұрыннан білетін таныс мәліметтерді келтіреді. 
Екінші («плюс») бағанға оқушы осы сабақта өздері үшін жаңа болып 
табылатын ақпаратты жазады. 
Үшінші («минус») бағанға осы сабақта келтірілген қандай ақпараттың 
олардың бұрыннан білетініне қайшы келгенін жазады. 
Төртінші («мен») бағанға тақырыптың оқушыға қалай септік тигізіп, 
қандай пайда келтіретіндігін жазады. 
Сабақтын әр бөлігінен кейін оқушылар өз кестелерін салыстырып, өзара 
талқылау жұргізіп отырғандығы орынды. Ал оқытушы бұл тәсілді 
шығармашылық түрғыдан қарастырып, оған өзгертулер енгізуге болады [11]. 
Мысалы, тақырыбы бойынша оқушылар келесі түрдегі кестені толтырады: 



мен 
«Бұрынан білемін» 
«Жаңа 
ақпарат» 
«Менің ойлағаныма 
қайшы, кереғар» 
«Қайда қолдана 
аламын» 
 


68 
Инфографика. 
Мәтін мен графиканың кез-келген тіркесімін, ақпарат, 
деректер мен білімді жеткізудің графикалық тәсілін инфографика деп атауға 
болады. Күрделі ақпаратты жылдам және анық ұсыну қажет болған кезде 
қолданылады. Алайда инфографиканы пайдаланып қана қоймай, құру да керек 
– 
бұл кез-келген істе табыс үшін пайдалы. 
Инфографика ерекшеліктері:
 
ұсынылатын ақпаратпен ассоциативті 
жағынан байланысқан не ұсынылатын деректердегі өзгеріс бағыттарының 
графикалық бейнесі болып табылатын графикалық нысандар, көрнекі 
көрсетілім, тақырыпты анық және ойластырып ұсыну. 
Инфографика табысының құрамдас бөліктері: тартымды, түсінікті 
тақырып, байсалды, әдемі, тиімді дизайн, сандар толық мағлұмат бере алады, 
ішкі тұтастық, эмоционалды түстер, сапалы диаграммалар, масштаб таңдау, 
қызықты фактілерді таңдау, визуализация, қарапайымдылық, дерек көздерінің 
беделділігі және дәйектілігі.
Инфографиканың кейбір категориялары: 

Суреттегі сандар: сандық деректерді анағұрлым түсінікті етуге 
мүмкіндік беретін ең кең тараған категория, 

Кеңейтілген тізім: статистикалық деректер, уақыт желісі, қарапайым 
фактілер жиынтығы бейнеленуі мүмкін, 

Үдеріс және перспектива: күрделі үдерісті бейнелеу не кейбір 
перспективаны ұсыну үшін қолданылады. Сандық деректерден құрылмауы да 
мүмкін [12]. 
Бейнелеу тəсіліне қарай 
инфографика келесі түрлерге бөлінеді: 

Статикалық инфографика – анимация элементтері жоқ жеке суреттер; 

Динамикалық инфографика – анимацияланған элементтері бар 
инфографика. Бейнеинфографика, анимацияланған суреттер, презентациялар 
динамикалық инфографиканың негізгі ішкі түрлері болып табылады. 
Мысалы: Елдердің типологиясы. Геосаясат. Әлемдік өркениеттер. Саяси 
қатынастар және халықаралық ұйымдар 
Топпен жұмыс. Осы параграфтың тақырыпшалары бойынша инфографика 
құрыңдар. Әр топ бір тақырыпшаны таңдайды: «Қазіргі әлем елдерінің 
типологиясы»; «Әлемдік өркениеттер»; «Геосаясат және геосаяси жағдай»; 
«Саяси география және саяси қатынастар»; «Халықаралық ұйымдар».
Инфографика түсіндіру арқылы бүкіл сыныпқа ұсынылуы тиіс. Өз 
инфографикаларыңның презентациясы барысында негізгі назарды тақырыптың 
ашылуына аударыңдар. 
Инфографиканы қалай құрастыруға болады? 
Әдетте жазатын тақырыппен байланысты жақсы бір идея туралы 
ойланыңдар. Қызықты фактілер мен статистика іздестіріңдер. Нақты және 
маңызды дәйектер дайындаңдар. Қорытынды жасаңдар. 
Өз деректеріңді ұсынудың ең сәйкес келетін форматын ойластырыңдар. 
Инфографика көп түрлі форматтарда болады, сондықтан өз статистикаларыңды 
қалай көрсеткілерің келетінін ойластырыңдар: бұл уақыт шкаласы, қозғалмалы 


69 
сызба, түсініктемелері бар карта, график, диаграмма, қандай да бір 
құбылыстарды көлемі және құндылығына қарай салғастыру болуы мүмкін. 
Негізгі тұстарды жылдам жеткізуді мақсат етіп қойыңдар. Жеңілдетіңдер! 
Бір суретте тым көп ақпарат ұсынбаңдар. 
Сай келетін және назар аудартатын түс тәсімін анықтап алыңдар. 
Инфографикаларыңдағы фактілер арасындағы байланысты анықтаңдар. 
Инфографиканы табысты құрудың үш басты сатысы бар: 
1) 
қандай ақпарат түрінің ұсынылатынын анық түсіну: кеңістік, 
хронологиялық, сандық не аралас комбинациялар; 
2) 
ақпараттың тиісті бейнесін біртұтас, яғни карталар, сызбалар бен 
диаграммалар жиынтығынан үлкен түрінде түсіну; 
3) 
қажетті презентация типін таңдап алу – статикалық, динамикалық не 
интерактивті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет