Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx


Сурет 18. COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты



Pdf көрінісі
бет27/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95
Байланысты:
қарттар

Сурет 18. COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты 
медициналық көмектерге жүгінгендерге қатысты қойылған сұраққа жауаптарды 
жеке қарастыру (n=2000)
Жалпы, 55-тен жоғары жастағы әрбір бесінші қазақстандық (18,3% немесе 366 
респондент) соңғы 12 айда медициналық тексеруден өтуге немесе емделуге мұқтаж болған 
жағдайға тап болды, бірақ осындай медициналық көмекті ала алмады.
Осындай жағдайдың ең көп таралған себебі – карантин (36,1%) болып табылады, 
карантин енгізілген кезде жүруге және көп шоғырланған орындарға баруға шектеулер 
енгізілді. Басқа себептер келесіде көрсетілген (n = 366): 

Керекті емдеу түрі тек қана ақылы түрде көрсетіледі – 16,7%;

Қабылдауға кезектің көп болуы – 12,3%; 

Қажетті сала маманының болмауы – 9,6%; 

Қажетті құрылғылар мен медициналық дәрі-дәрімектердің болмауынан – 7,1%; 

Басқа да себептер бойынша медициналық қызметтерді ала алмағандар – 6%; 

Адын ала дәрігердің қарауына жазыла алмағандар – 5%;

Жұмысына байланысты дәрігерге баруға уақыты болмағандар, егде жастағы 
туысына немесе немересіне күтім жасайтындар – 3,8%;

Басқа адамдардың көмегінсіз медициналық мекемеге бара алмағандар / 
медициналық мекемеге дейін бару қиынға соқты дегендер – 2,7%;

Қандай медициналық мекемеге бару керектігі мен қандай медициналық сала 
дәрігеріне қаралу керектігі жайлы ақпарат жоқ болды, білмегендер – 0,8%. 
Өткен жылы егде жастағы адамдардың 13,8% (276) стоматологиялық тексеруден 
өтуге немесе емделуге мұқтаж болған, бірақ оны ала алмайтын жағдайға тап болды. Мұндай 
жағдайдың ең көп таралған себебі - «Қажетті емдеу тек ақылы негізде ұсынылды / өте 
қымбат болды» - 276 респондент яғни 51% осылай жауап берді. Қалған себептер келесідей 
бөлінді: 

COVID-19 байланысты карантин кезінде– 23,6%;

Қабылдауға кезектің үлкен болуы – 4,3%; 

Тісін емдеуге қорқатындар– 3,6%; 

Медициналық қызметтерді басқа да себептерге байланысты ала алмағандар – 3,6%; 

Қажетті сала маманының болмауы себебінен – 3,3%; 

Дәрігердің қарауына алдын ала жазыла алмағандар – 2,9%;

Білікті тіс дәрігерін білмейтіндер – 2,9%;


33 

Басқа адамдардың көмегінсіз медициналық мекемеге бара алмағандар / медициналық 
мекемеге дейін бару қиынға соқты дегендер – 2,2%; 

Жұмысына байланысты дәрігерге баруға уақыты болмағандар, егде жастағы туысына 
немесе немересіне күтім – 1,4%;

Қажетті құрылғылар мен медициналық дәрі-дәрімектердің болмауынан – 1,1%. 
Ұсынылған мәліметтерден көрініп тұрғандай, коронавирустық инфекцияға байланысты 
қабылданған карантиндік шаралар егде жастағы адамдарға (осы қызметтерге мұқтаж 
респонденттердің төрттен бір бөлігіне) стоматологиялық тексеруден өтуге немесе емдеу 
қызметтерін алуға мүмкіндік бермейтін екінші маңызды себеп болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет