35
Мемлекеттік емханаларда қызмет көрсетудің сапасы төмен, ал жеке меншіктік
ауруханаларда керісінше қымбат;
Дәрігерге алдын ала жазылу бір апта бұрын жасалынады, ол уақытта науқас
сауығып кетеді;
Жүре алмағандықтан емханаларға бармаймын, ал дәрігерлер үйге келіп емдемейді;
Толық және кешенді ем қабылдауды ұсынбайды, тек қана не ауырады соны ғана
емдейді;
Тым көп сынамаларды тапсыруды сұрайды;
Сала маманының қабылдауына жазылу өте қиын;
Стоматология қымбат және сапасы төмен;
Ауылдан емханаға дейін бару өте қиын.
2008 жылы медициналық қызметтердің қол жетімді еместігін көрсеткен
респонденттерден қол жетімді емес медициналық қызметтердің аттарын сұралған болатын.
Респонденттердің шамамен үштен бір бөлігі қымбат дәрі-дәрмектер оларға қол жетімді
емес екенін айтты. Респонденттердің едәуір бөлігі мамандандырылған медициналық
көмекке олардың атауы жоқ деп жауап берді (24%). Ақылы медициналық қызметтер
респонденттердің 17% қол жетімді емес деп көрсетті. Респонденттердің шамамен 7%
ультрадыбыстық зерттеуге, стоматологиялық қызметке, санаторий-курорттық емге қол
жеткізе алмайтындығын атап өтті; 6% жауаптарында стоматолог-ортопед пен тіс технигі
қызметтерінің қол жетімді еместігін көрсетті; 5% - хирургтың қызметі; және 3% - емдеу
бөлмесінің қызметінің қол жетімді емес екендігін айтқан. 2008 жылы осы ашық сұрақты
талдау көрсеткендей, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жатпайтын қызметтер
анықталды.
2020 жылы «Сізге қажетті медициналық қызметтер қандай?» деген ашық сұрақ
барлық респонденттерден сұралды. Оған жауап бере отырып, сауалнаманың әрбір төртінші
қатысушысы (25,5%) барлығы қол жетімді деп жауап берді, тағы 10% медициналық
қызметтердің түрін айтуына қиынға соқты. Респонденттердің қалғандары әртүрлі
медициналық қызметтерді атаған болатын, жауаптарды талдау кезінде қол жетімді емес
қызмет түрлері анықталды: мамандандырылған дәрігерлердің тексеруі (хирург, кардиолог,
офтальмолог, уролог, гинеколог, ортопед, эндокринолог және т.б.) (16%),
МРТ және
компьютерлік
томография
(15%),
стоматология
(12%),
әртүрлі
органдардың
ультрадыбыстық зерттеуі (7%). Тағы 11% барлық ақылы қызметтер қарт адамдар үшін қол
жетімді емес, көптеген қарт адамдар ақылы медициналық қызметке ақы төлей
алмайтындығын атап өтті. Шамамен 7% қымбат дәрілердің қол жетімді еместігін атаған.
Достарыңызбен бөлісу: