Microsoft Word Отчёт по результатам исследования среди пожилых 2020 каз фин (1) (2). docx


Егде жастағы адамдардың бос уақыттарын өткізулері, спорттық немесе танымдық/



Pdf көрінісі
бет57/95
Дата03.11.2023
өлшемі6,51 Mb.
#189121
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
Байланысты:
қарттар

Егде жастағы адамдардың бос уақыттарын өткізулері, спорттық немесе танымдық/ 
білім беру қызметтеріне қатысулары 
 
2020 жылғы зерттеу нәтижелері көрсеткендей, егде жастағы адамдардың көбі оларға 
жақын ортаның әлеуметтік өміріне қатысуға белсенділік танытады. Қарт адамдар әртүрлі 
жиілікпен болса мынадай белсенділіктерге қатысады ол немерелеріне күтім көрсету (38%), 
жастарды еңбек дағдыларына үйрету (33%), моральды қолдау көрсету (62%)- бұларды олар 
аптасына 1-2 рет болсын істейді.
Егде жастағы адамдар отбасының әлеуметтік белсенділіктеріне көп ат салысады – 
олар әсіресе кішкентай балалар, немерелеріне, науқас немесе мүгедектігі бар туыстарына 
көмектесу, бұл жердегі гендерлік айырмашылықтай минималды – 45,4% 55 және оданда 
жоғары жастағылар үшін, балаларына, немерелеріне күтім немесе білім берумен аптасына 
бір рет болсын айналысатындар 45,1% ер адамдар, 45,5% әйел адамдар.
Жалпы алғанда, 25,1% сұрауға қатысқан респонденттер отбасының мүгедектігі бар 
немесе науқас мүшелеріне, көршілері мен достарына көмектесетіндіктерін айтқан (25,2% 


69 
ерлер, 25% әйелдер). Ал күнделікті түрде мүгедектігі бар, науқас отбасы мүшелеріне көмек, 
көршілері мен достарына көмектесетін қарт адамдар 18%- дан 20%-ға дейін.
Егде жастағы адамдардың бос уақыттарын өткізулері, спорттық немесе 
танымдық/ білім беру қызметтеріне қатысты қалаулары 
2020 сауалнамаға қатысқан респонденттердің 66,2% дене жаттығуларымен белгілі 
бір жиілікпен айналысады - күн сайын 48,6% немесе аптасына кемінде бір рет, 17,6% - 
айына бірнеше рет немесе одан аз. 
Пандемияға байланысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін, егде жастағы 
адамдардың жартысынан көбі (57%) мыналарға қатысқылары келетіндіктерін айтқан 
болатын: концерттер, театрлар, кинотеатрлар сияқты мәдени-демалыс шараларына 
барғысы келеді. Спорттық іс-шаралардың маңызды бөлігі (38%) бассейндерге баруды жөн 
көреді. Үштен бір бөлігі (30%) кітапханаларға баруды жөн көреді.
Сауалнамаға 
қатысушылар қандай әлеуметтік белсенді шаралар мен іс-шараларға барғылары 
келетіндіктерін атады: қонаққа баруға, тойға (мерекеге), достарына, туыстарына, мешітке, 
шіркеуге бару, көшелерде, саябақтарда, тауларда серуендеу, Қазақстанның ішінде және 
сыртында саяхаттау, санаторийлерге бару, курорттарда, кафеге бару, бақшаға бару, жеке 
шаруашылықпен айналысу, балық аулауға, саңырауқұлақ теруге, жидектер теруге, қолөнер 
үйірмесіне, нанды тағамдарды пісіру, гүл өсіру және т.б. істермен айналысқылары 
келетіндіктерін атаған.
Жалпы алғанда, 17% әр түрлі мәдени, спорттық және білім беру шараларына 
қатыспай, үйде тыныш отыруды қалайды. Зерттеу көрсеткендей, егде жастағы адамдардың 
бос уақытқа, спорттық және танымдық/тәрбиелік іс-әрекеттерге деген ықыластары әр түрлі, 
олардың маңызды бөлігі белсенді демалысты, үйде отырғысы келетіндер үй шаруасын 
жасауды немесе жақын адамдарымен, туыстарымен, достарымен сөйлесуді, жақсы 
оқиғаларымен бөлісіп отыруды, олармен пікір бөлісуді қалайтындықтары да анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет