Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


ХХ ғасырдағы әкімшілік‑аумақтық өзгерістерге байланысты



Pdf көрінісі
бет142/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   182
ХХ ғасырдағы әкімшілік‑аумақтық өзгерістерге байланысты 
Ақтоғай ауданындағы елді‑мекендердің атауы
Орыс патшалығы ішкі істер министрі Столыпиннің қоныс аудару 
саясатының кезінде 1907-1910 жылдар біраз орыс шаруалары Қызыларайдың 
шығысына, қазіргі Қаратал совхозының орталығы Шылымға қоныс тебеді. Үй 
салып, көкөніс егеді. Оларды жергілікті халықтар «Қара Иван», «Сары Иван» 
деп атаған, насыбайлық темекіні сол жердің жапырақтарынан алып тұрған. 
Темекі тартатындар осы мекенді «Шылым» деп атаған. Бұлар кейін байып, 
кулакқа айналған. Ұжымдастыру кезінде кетуге мәжбүр болған.
Қазан төңкерісіне дейін Қоңырат ауданын құраған территорияда 
Қайдауыл, Қызылтас, Көрпетай, Нұртай жерлерін мекендеген Табын, 
Байдаулет, Абыз рулары: Нұра болысына қараған Қарақой, Баубек, Жыланды 
төңірегінде Медебе, Қойлыбай, Қуат рулары мекендеген. Тоқырауын 
бойын, Кенелі, Майтасты жайлаған. Тоқырауын өзенінің Шатырша (шатыр 
бейнелес тау) етегіне аудан орталығы Ақтоғай селосы орналасқан. Бұл 
аймақ Бөкейханның үшінші әйелінен туған Сұлтанғазы төренің жері болып 
есептелген. Бертін келе Жар төре, Кейкі төре мекеніне айналған.
Қазіргі Қусақ селосы 1928 жылдан бастап құрыла бастаған. Ол 2-3 
үй біріктіріліп артель болған. Көшпелі ауыл 1931-1932 жылдары Қусақ 
өзені бойында қыстау салып, жаз тоқырауын жағасына егін салып алғаш 
коллективтік шаруашылықтар ұйымдастыра бастаған еді. Алғашқы «Қопа», 
«Таң», «Берке» үш серіктестік ұйымдастырылған. Тасарал ауылы алғаш рет 
колхоз артель болып 1928 жылы Ағалық деген жерде құрылды.
1928 жылғы Бүкілодақтық мал-жан санағының қорытындысы бойынша 
Ленинградтан шыққан «Весь Казахстан» деген жинақта «Коунрадский район» 
имеет 6417 хозяйств, с 29951 чел. населения: из них казаков – 29921 (99,9%), 
европецев – 30 (0,1%) деп көрсетілген. /18/. Бүгінше де Ақтоғай ауданының 
көлемі осы мөлшердегі кең алқап.
Тасарал ауылы 1930 жылы артельден ірілендіріп «Қызыл қазақ» балық 
аулау колхозы болып құрылды. Алғашқы колхозды ұйымдастырушылар 
Тұрабеков Ержекен, Ахметов Жолтыш, Володкин Иван, Колхозды Тұрабеков, 
Ержекен басқарған. Бұл кісі қызыл шырайлы, әдеміше келген кісі болса керек. 
202
ҚОММ. 18.Қ. І.Т. 1988.1. 188.П.


259
«Түсі игіден түңілме» дегендей колхоз біршама өсіп, халықтың жағдайы 
жақсара бастағандықтан 1930 жылы колхозды осы кісінің құрметіне 
«Қызыл қазақ» деп атаған. Колхоздың негізгі кәсібі – балық аулау және мал 
шаруашылығы. Балық аулауды меңгеру мақсатымен 1931 жылы ауылдан бес 
балықшыны Арал жеріне жібереді.
1932 жылғы 20 ақпанда Орталық Атқару Комитеті 1932 жылғы 10 наурызда 
бекіткен аудандар жаңа құрылған облыстардың құрамына енген. Сол тізімде 
– 63 – Қоңырат-Ақтоғай селосы.
Осы аталған құжаттармен 1932 жылы 20 ақпанда құрамында 21 ауданы 
бар Алматы облысы құрылған аудандар қатарында – 15 – Қоңырат-Ақтоғай 
селосы.
1934 жылы Қоңырат ауданы Қарқаралы округінің құрамына енді. Ал 
29 шілде 1936 жылы ол округтің жойылуына байланысты аудан қайтадан
Қарағанды облысының құрамына берілді. Бұрын таратылған 24 серіктестік 
қайта ұйымдастырылып, колхоздар құрылды (102).
1936 жылы 29 шілдеде Қарқаралы округі таратылып, оның аудандары 
Қарағанды облысының құрамына берілген. Онда 4 – Қоңырат-Ақтоғай селосы 
деп көрсетілген.
Сол уақыттағы деректерге қарағанда аудан орталығында 230-ға тарта үй 
болған екен, халқының саны алты жарым мыңдай болған.
Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы бойынша халықтың қыстық 
мекендерден жайлауға қозғалысының көрсеткіші 20 мамыр 1937 жыл (103).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет