271
Мемлекеттік ономастикалық комиссияның 1999 ж. 24 желтоқсанда
шығарған қорытындысының негізінде ауданда селолардың атаулары
өзгертілді: Захаровка с. – Ақмешіт с., Қазақауыл с. – Кертінді с., Плаховка с.
– Қантай с., Родник с. – Топаркөл с., Семеновка с. – Көбіккөл с., Черниговка
с. – Көбетей с., Энтузиаст с. – Ахмет с. болып өзгертілді.
2006 ж. 1 каңтарда аудан құрамына: Киевка, Шұбаркөл поселкелері,
Ақмешіт, Амантау, Ахмет, Байтоған, Балықтыкөл, Баршино, Жанбөбек,
Жараспай, Заречное, Ивановка, Изенді, Кертінді, Көбетей, Қарақасқа, Қараой,
Құланөтпес, Майоровка, Пржевальское, Соналы, Талдысай, Тассуат, Тікенекті,
Шахтерское, Щербаковское селоларының әкімдері кірді.
1998 жылдың 5 қыркүйегінен №19/17 Қарағанды облысы әкімшілігінің
бірлескен қаулысы және 2006 жылдың 5 қазанынан №351 Қарағанды облыстық
мәслихаты сессиясының шешімімен Ивановка ауылы Кәрім Мыңбаев ауылы
болып өзертілген.
2007 жылдың 7 желтоқсанынан №27/05 Қарағанды облысы әкімшілігінің
қаулысы және 2007 жылдың 14 желтоқсанынан Қарағанды облыстық
мәслихаты сессиясының шешімімен елді мекендер: Малайқұдық Жараспай
елді мекенінің, Қылыш, Шортыкөл-Талдысай, Көбікөл-Ақмешіт, Керей-
Жанбөбек, Қызылшілік-Мыңбаев, Отарбай-Құланөтпес, Қосарал, Баянбай,
Қазықұрт-Соналының құрамына қосылған.
2008 жылдың 8 желтоқсанынан №32/03 Қарағанды облысы әкімшілігінің
бірлескен қаулысы және 2009 жылдың 12 желтоқсанынан №265 Қарағанды
облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен Оразалы, Қызыл Жұлдыз,
Старое Баршино селолары, Амантау селолық аймағы және Амантау селосы,
Аршалы селолық аймағы және Қарақасқа селосы ыдыратылған.
2008 жылдың 17 маусымынан №309 Қарағанды облыстық мәслихаты
сессиясының шешімімен Жөкей селосы ыдыратылған.
Достарыңызбен бөлісу: