Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет145/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Молодежный ауданы
Орталығы

Молодежный пос
.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 ж. 10 наурыздағы қаулысымен 
орталығы Молодежное селосында болатын Молодежный ауданы құрылды. 
Аудан құрамына: Осакаров ауданының Вольский, Дальний, Молодежный, 
Родниковский, Тельман, Трудовой және Шідерті селолық кеңестері, Тельман 
ауданының Покорненский селолық кеңесі мен Қушоқы қалалық поселкесі 
кірді.
203
Қарағанды облаткомының 1972 ж. 15 наурыздағы шешімімен
Покорненский селолық кеңесі Тельман ауданының құрамына берілді
10
.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 ж. 7 шілдедегі қаулысы 
бойынша Қарағанды облаткомының 1972 ж. 13 маусымдағы шешімі бойынша 
құрылған орталығы Новостройка селосында болатын селолық кеңес Тұзды 
селолық кеңесі деп аталатын болды.
204
Нұра ауданы
Орталығы

Киевка пос.
1936 ж. аудан кұрамына Ақтөбе, Горный, Жараспай, Жыланды, Захаров, 
Киев, Киров, Көкмөлдір, Қорғанжар, Қызылтал, Маржанкөл, Новокарповский, 
Скобелев, Талдысай, Чернигов, Шақаман селолық кеңестері кірген.
1939 ж. халық санағының қорытындысы бойынша құрылған елді мекендер 
тізіміне сәйкес, 1939 ж. Нұра ауданының құрамына Ақтөбе, Горный, Жараспай, 
Жыланды, Захаровка, Қызылтал, Киевка, Кировка, Көкмөлдір, Қорғанжар, 
Маржанкөл, Новокарповский, Скобелев, Чернигов, Шахман селкеңестері 
кірді.
205
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1940 ж. 28 желтоқсандағы 
жарлығымен Осакаров ауданының құрамына Скобелев селкеңесі және осы 
селкеңестің бағынысындағы «Октябрь» совхозы берілді.
206
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1954 ж. 30 маусымдағы 
жарлығымен Индустральный, Пржевальский совхоздарының орталық 
усадьбасының поселкелерінде селкеңес құқығында аттас поскеңестер 
құрылды «Нұра» совхозының орталық усадьбасының поселкесінде Кеңжарық 
203
Қазақ КСР Жоғаргы Кеңесінің ведомостері.1972.№12.
204
Бұл да сонда.№17.
205
ҚР ОММ.1 109.Қ.5. Т.46.1.19.П. КСРО Завдар жинағы.1938-1975.1.Т.108-109.Б.
206
ҚазақКСР Жоғарғы Кеңес Ведомостері. 1940. №12. ҚОММ. 596.Қ.1/Ю.Т. 37.1. 4,7. П


270
поскеңесі құрылды.
207
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1954 ж. 16 шілдедегі 
жарлығымен: Ақтөбе және Киров селкеңестері орталығы Майоровка елді 
мекеніндегі Киров селкеңесіне; Горный және Жыланды селкеңестері орталығы 
Семеновка елді мекеніндегі Горный селкеңесіне бірікті.
Шахман селкеңесі таратылып, оның «Қызылжұлдыз» колхозының 
елді мекендері Чернигов селкеңесінің құрамына, «1 мая» колхозы Киевка 
селкеңесінің құрамына берілді.
Қорғанжар селкеңесінің «Қызылшілік» совхозы Киевка селкеңесінің 
құрамына; Жараспай селкеңесінің «Құланөтпес» колхозы Новокарповский 
селкеңесінің құрамына; Горный селкеңесінің «Еңбекқорғау» колхозын 
Қызылтал селкеңесінің құрамына берілді.
208
ҚазақКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1955 ж. 6 тамыздағы 
жарлығымен Айнабұлақ совхозының шекарасы Жаңаарқа ауданының 
құрамына берілді.
ҚазақКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1955 ж. 22 қарашадағы 
жарлығымен «Щербаковский» совхозының орталық усадьбасының 
поселкесінде селкеңес құқығындағы Тассуат поскеңесі құрылды.
209
ҚазақКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1956 ж. 30 маусымдағы 
жарлығымен Құланөтпес совхозының орталық усадьбасының поселкесінде 
селкеңес құқығындағы Дон поскеңесі құрылды.
210
ҚазақКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1957 ж. 23 мамырдағы 
жарлығымен Киев және Энтузиаст совхоздарының орталық усадьбасының 
поселкелерінде селкеңес құқығындағы Зареченский (Заречный) жэне Степнов 
поскеңестері құрылды. Талдысай (Талдысай с.), Тассуат (Щербаковское с.), 
Чернигов (Черниговка с.), Шахтер (Шахтерское с.) селкеңестері кірді.
ҚазақКСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1990 ж. 13 қыркүйектегі 
жарлығымен жоғарыда көрсетілген селкеңестер осы жарлықпен қалпына 
келтірілген Теңіз ауданына берілді.
Нұра аудандық әкімшілігі басшысының 1994 ж. 17 ақпандағы қаулысымен 
Новокарповский селолық әкімшілігінің құрамынан бөлінген Қараой 
селосында селолық әкімшілік құрылды.
ҚР Үкіметінің 1997 ж. 23 мамырдағы №865 қаулысымен аудан шекарасы 
құрамына Шұбаркөл пос.; Баршино, Жанбөбек, Қарақасқа, Құланөтпес, 
Соналы, Талдысай, Тікенекті селоларының әкімдері кірген таратылған Теңіз 
ауданының аумағының қосылуының негізінде өзгерді.
207
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Ведомостері 1954. №7. ҚОММ. 18.Қ.1.Т.1988.І. 151-153. П.
208
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Ведомостері 1954. №7. ҚОММ. 18.Қ.1.Т.1988.І. 151-153. П Қазақ КСР 
Жоғарғы Кеңес Ведомостері 1954. №7. ҚОММ. 18.Қ.1.Т.1988.І. 151-153. П
209
ҚОММ. 18.Қ.1.Т.1988.1. 122. П.
210
ҚОММ. 18.Қ.1.Т.1988.1. 122. П.


271
Мемлекеттік ономастикалық комиссияның 1999 ж. 24 желтоқсанда 
шығарған қорытындысының негізінде ауданда селолардың атаулары 
өзгертілді: Захаровка с. – Ақмешіт с., Қазақауыл с. – Кертінді с., Плаховка с. 
– Қантай с., Родник с. – Топаркөл с., Семеновка с. – Көбіккөл с., Черниговка 
с. – Көбетей с., Энтузиаст с. – Ахмет с. болып өзгертілді.
2006 ж. 1 каңтарда аудан құрамына: Киевка, Шұбаркөл поселкелері, 
Ақмешіт, Амантау, Ахмет, Байтоған, Балықтыкөл, Баршино, Жанбөбек, 
Жараспай, Заречное, Ивановка, Изенді, Кертінді, Көбетей, Қарақасқа, Қараой, 
Құланөтпес, Майоровка, Пржевальское, Соналы, Талдысай, Тассуат, Тікенекті, 
Шахтерское, Щербаковское селоларының әкімдері кірді.
1998 жылдың 5 қыркүйегінен №19/17 Қарағанды облысы әкімшілігінің 
бірлескен қаулысы және 2006 жылдың 5 қазанынан №351 Қарағанды облыстық 
мәслихаты сессиясының шешімімен Ивановка ауылы Кәрім Мыңбаев ауылы 
болып өзертілген.
2007 жылдың 7 желтоқсанынан №27/05 Қарағанды облысы әкімшілігінің 
қаулысы және 2007 жылдың 14 желтоқсанынан Қарағанды облыстық 
мәслихаты сессиясының шешімімен елді мекендер: Малайқұдық Жараспай 
елді мекенінің, Қылыш, Шортыкөл-Талдысай, Көбікөл-Ақмешіт, Керей- 
Жанбөбек, Қызылшілік-Мыңбаев, Отарбай-Құланөтпес, Қосарал, Баянбай, 
Қазықұрт-Соналының құрамына қосылған.
2008 жылдың 8 желтоқсанынан №32/03 Қарағанды облысы әкімшілігінің 
бірлескен қаулысы және 2009 жылдың 12 желтоқсанынан №265 Қарағанды 
облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен Оразалы, Қызыл Жұлдыз, 
Старое Баршино селолары, Амантау селолық аймағы және Амантау селосы, 
Аршалы селолық аймағы және Қарақасқа селосы ыдыратылған.
2008 жылдың 17 маусымынан №309 Қарағанды облыстық мәслихаты 
сессиясының шешімімен Жөкей селосы ыдыратылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет