Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет146/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   182
Осакаров ауданы
Орталығы – Осакаровка пос.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1940 ж. 28 желтоқсандағы 
каулысымен ірілендірілген Тельман ауданының аумағының (отыз колхоз, 
Литвинское, Трудовая және Ударная МТБ), Нұра («Октябрь» колхозы) жэне 
Ақмола облысы және комендатуралардың Вишневский ауданының («1-е 
августа» және «8 марта» колхоздары) аймақтарының бір бөлігінің негізінде 
Осакаров ауданы құрылды.
211
Статистика органдарының деректері бойынша бұл өндірістік бірліктер: 
Тельман ауданынан берілген Вольский, Краснокутское, Тельман; Нұра 
ауданынан берілген Скобелев селолық кеңесі; Ақмола облысы Вишневский 
211
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. 1940.№12.


272
ауданынан берілген Окольный селолық кеңесі сияқты бес селолық кеңестің 
және он шақты комендатуралардың қарамағында болған.
7,8
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1941 ж. 23 мамырдағы 
қаулысымен «Красное озеро», «Родник» және «Шортанды» елді мекендері 
Ақмола облысы Вишневский ауданының құрамына берілді.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 ж. 29 маусымдағы 
қаулысымен «Осакаровский» совхозының орталық усадьбасындағы 
поселкеде селолық кеңес құқығында поскеңес құрылды. Оған Үленді деген 
ат қойылды.
212
Ақмола облаткомының 1956 ж. 2 ақпандағы Осакаров аудандық атқарушы 
комитетінің 1956 ж. 24 ақпандағы жэне Қарағанды аткомының 1956 ж. 12 
наурыздағы шешімдерімен Ақмола облысының Вишневский ауданының 
Ворошилов атындағы колхоздың №4 егін шаруашылық бригадасы (Ералы 
ауылы) Осакаров ауданының «XIX партсъезд» атындағы (Озерное с.) 
колхозымен бірігіп, Ералы селосы Осакаров селолық кеңесінің әкімшілік 
бағынысына берілді.
213
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 ж. 11 қаңтардағы 
қаулысымен Вольский селолық кеңесінің Молотов атындағы колхоздың 
аймағы Краснокутский селолық кеңесінің құрамына берілді.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1959 ж. 14 тамыздағы қаулысымен 
аудан құрамына Нұра ауданының аумағынан 1054,8 ш. м
3
аумақ жері берілді
5
.
Қарағанды облаткомының 1961 ж. 31 мамырдағы шешімімен төмендегі 
селолық кеңестер бірікті:
Краснокутский және Батпақ селолық кеңестері орталығы Вильгельм Пик 
атындағы орталық усадьбасындағы Батпақ селосындағы Батпақ селолық 
кеңесіне; Вольский және Ударный орталығы «Коммунар» совхозының 
орталық усадьбасындағы Вольское селосындағы Вольский селолық кеңесіне 
бірікті. Сонымен бірге оның құрамына Шоқай селосы мен «Қарасор» мал 
шаруашылығының жері берілді.
Окольный және Коллективный орталығы «Новый путь» совхозының 
орталық мекенінде Октябрь селосы бір Окольный селолық кеңесіне.
Аталған шешіммен төмендегі селолық кеңестер екіге бөлінді:
Осакаров: Осакаров селолық кеңсесіне, орталығы Осакаровка с. (аудан 
орталығы); Озерный селолық кеңесіне,орталығы орталық усадьбада болатын 
«XIX портсъезд» атындағы колхозға берілген; Скобелев: Құндызды селолық 
кеңесіне, әкімшілік бағынысына орталығы орталық усадьбада болатын 
№4, совхоз берілген; Теміртау селолық кеңесіне, орталығы Скобелевка 
селосынан «Теміртау» совхозының орталық усадьбасына көшіріліп, атауы 
212
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. 1954. №7.
213
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. 1956. №7.


273
Теміртау селолық кеңесі болып өзгертілген; Тельман: Тельман селолық 
кеңесіне орталығы Тельман атындағы совхоздың орталық усадьбадасында; 
Трактористский селолық кеңесіне, орталығы «Тракторист» совхозының 
орталық усадьбадасында Қарағанды облаткомының 1961 ж. 3 шілдедегі 
шешімімен Окольный селолық кеңесінің атау Октябрь селолық кеңесі болып 
өзгертілді.
214
Қарағанды облаткомының 1962 ж. 7 желтоқсандағы шешімімен 
Осакаров аудандық аткомының 1962 ж. 30 қазандағы совхоздардың 
орталық усадьбаларының селоларына атаулар беру шешіміне байланысты 
(«Осакаровка» совхозының Дальнее селосы, «Тракторист» совхозының 
Молодежный селосы, №4 совхоздың Николаевка селосы, «Родниковское» 
совхозының Родниковское селосы
 
«Темиртауский» совхозының Садовое 
селосы, Тельман атындағы совхоздың Тельман селосы төмендегі селолық 
кеңестердің атаулары өзгертілді: Құндызды – Николаев селолық кеңесі, 
орталығы Николаевка с.; Теміртау – Садовый селолық кеңесі, орталығы 
Садовое с.; Трактористский – Молодежный селолық кеңесі, орталығы 
Молодежное с.; Үленді – Дальний селолық кеңесі, орталығы – Дальнее с.
8
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 ж. 2 қаңтардағы қаулысымен 
Осакаров ауданының шекарасында орталығы Осакаровка селосы болып 
Осакаров ауданы кұрылды.
215
Аудан құрамына келесі селолық кеңестер кірді: 
Батпак, Вольский, Дальний, Красноармейский, Молодежный, Николаев, 
Озерный, Октябрь, Осакаров, Иионер, Родниковский, Садовый, Тельман жэне 
Трудовой.
Қарағанды облаткомының
 
1963 ж. 24 каңтардағы шешімімен орталығы 
Шідерті селосы болып Шідерті селолық кеңесі құрылды.
216
Қарағанды облаткомының 1964 ж, 20 сәуірдегі шешімімен Осакаровка 
селосы қалалық поселкелер қатарына жатқызылып, селолық кеңес поскеңес 
болып қайта кұрылды.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1967 ж. 16 қыркүйектегі 
қаулысымен Қарағанды облаткомының 1967 ж. 8 тамыздағы шешімімен 
кұрылған селолық кеңеске Садовый селолық кеңесінің іріленуіне байланысты 
Скобелев селолық кеңесі деген атау берілді. Оның орталығы Скобелевка 
селосында болды.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 ж. 10 наурыздағы қаулысымен: 
Вольский, Дальний, Молодежный, Родниковский, Тельман, Трудовой және
Шідерті селолық кеңестері Молодежный ауданының құрамына берілді.
5
Қарағанды облаткомының 1972 ж. 11 сәуірдегі шешімімен Нұра ауданының 
214
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. 1961.№38. ҚОММ.18.Қ. 1.Т.3301.І.62.П.
215
Қазақ КСРЖоғаргы Кеңесінің ведомостері. І963.№18. ҚОММ.18.Қ. І.Т. 3482.1. 19, 21.П. 6
216
ҚОММ. 18.Қ. 1 .Т. 3306.І.103.П.


274
Маржанкөл және Чапаев селолық кеңестер; аудан құрамына берілді.
1975 ж. 1 қаңтарда аудан құрамына: Осакаровка поселкесі (аудан 
орталығы), Батпақ (Батпақ с.), Красноармейский (Литвинское с.), Маржанкөл 
(Морозовка с.), Николаев (Ңяколаевка с.), Озерный (Озерное с.), Октябрь 
(Октябрьское с.), Пионер (Пионерское), Садовый (Садовое с.), Скобелев 
(Скобелевка с.), Чапаев (Чапаево с.) селолык кеңестері кірді.
Қарағанды облаткомының 1975 жылғы қарашадағы шешімімен 
«Құндызды» совхозының аумағында орталығы Богучар селосы болып 
Құндызды селолық кеңесі құрылды. Оның құрамына Қосымбай селосы кірді.
ҚР Үкіметтің 1949 ж. 8 мамырдағы №865 каулысымен құрамына 
Молодежный пос., Вольский, Дальнии, Ертіс, Қаратомар, Мирный, Пролетар, 
Родниковский, Тельман, Трудовой, Шідері селолық аймақтары кірген, 
таратылған Молодежный ауданының аумағының қосылуына байланысты 
Осакаров ауданының шекарасы өзгерді.
1998 ж, 1 қаңтарда аудан құрамына: Осакаровка, Молодежное жұмысшы 
поселкелері; Батпақ, Вольский, Дальний, Қаратомар, Красноармейский, 
Құндызды, Мирный, Маржанкөл, Николаев, Озерный, Октябрь, Пионер, 
Пролетар, Родниковский, Садовый, Скобелев, Тельман, Трудовой, Чапаев, 
Шідерті ауыл аймақтары кірді.
Қарағанды облыстық маслихаттың 2002 ж. 4 сәуірдегі ХVII сессиясының 
шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік 
ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде төмендегі елді 
мекендердің атаулары өзгертілді: Богучар селосы (Құндызды с.а.) Шұңқыркел 
селосына, Вольское селосы (Вольское с.а.) Сарыөзек селосына, Қосымбай 
селосы (Құндызды с.а.) Қасенбай селосы кұрамына селосы (Батпақты с.а.) 
Ошағанды селосына, Крестовка селосы (Батпақты с.а.) Сарыөзен селосына, 
Новый Кронштадт (Батпақты с.ауыл Ақпан селосына, Пролетарское селосы 
(Пролетар с.а.) Ақбұлақ селосына, Скобелевка селосы (Скобелев с.а.) Сұңқар 
селосына өзгертілді.
217
Қарағанды облыстық маслихаттың 2004 ж. 30 қыркүйектегі
IX сессиясының шешімімен ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік 
ономастикалық комиссияның қорытындысының негізінде төмендегі елді 
мекендер және ауыл-аймақтарының атаулары өзгертілді: Вольский селолық 
аймағы Сарыөзек селолық аймағына, Литвиновка селосы (Красноармейский 
с.а.) Есіл ауылына, Красноармейский селолық аймағы Есіл селолық аймағына, 
Октябрьское селосы (Октябрь с.а.) Қарағайлы селосына, Октябрь селолық 
аймағы Қарағайлы ауыл аймағына, Пролетар селолық аймағы Ақбұлақ ауыл 
аймағына, Скобелев селолық аймағы Сұңқар ауыл аймағына.
2009 ж. 1 қаңтарда аудан құрамына: Молодежный, Осакаровка поселкесі, 
217
ҚОММ. 17.Қ. І.Т. 6.1. ІЗЗ.П


275
Акбұлақ, Батпақ, Дальний, Есіл, Звездное, Ертіс, Қарағайлы, Қаратомар, 
Құндызды, Маржанкөл, Мирный, Николаев, Озерный, Пионер, Родниковский, 
Садовый, Сарыөзек, Сұңқар, Тельман, Трудовой, Чапаев, Шідерті ауыл 
аймақтары кірді.
2010 жылдың 7 желтоқсанынан №27/05 Қарағанды облысы әкімшілігінің 
қаулысы және 2007 жылдың 14 желтоқсанынан №47 Қарағанды облыстық 
мәслихаты сессиясының шешімімен елді мекендер: Откормочное Сенокосное 
селолық елді мекенінің, Первомайское-Мирное, Майбұлақ-Ақбұлақ, 
Төртқұдық-Қарасу, Жақсы қандыадар-Шідертінің құрамына қосылған. 
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет