Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет149/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   182
Тоқырауын ауданы
Орталығы – Шашубай пос.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1977 ж. 15 ақпандағы 
Жарлығымен орталығы Озерный қалалық поселкесіндегі Приозерный 
ауданы құрылады. Оның құрамына Ақтоғай ауданынан Айыртас, Қарабұлақ, 
Қусақ селолық кеңестері; Балқаш қалалық кеңесінің Ортадересін, Тасарал, 
Торанғылық селолық кеңестері және Гүлшад, Озерный, Сарышаған, Саяқ 
қалалық поселкелері кірді.
238
Жезқазған облаткомының 1979 ж. 28 наурыздағы шешімімен Саяқ қалалық 
поселкесі Балқаш қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді.
239
Жезқазған облыстық халық депутаттары Кеңесінің аткомының 1985 
ж. 25 қыркүйектегі шешімімен аудан аумағында әкімшілік орталығы Абай 
селосында орналасқан Абай селолық кеңесі құрылды.
Жезқазған облаткомының 1987 ж. 27 тамыздағы шешімімен Гүлшад 
поселкесі Балқаш қалалық кеңесінің әкімшілік бағынысына берілді
12
.
1989 ж. 1 қаңтарда аудан құрамына Озерный, Сарышаған поселкелері, 
Абай (Абай с.), Айыртас (Айыртас с.), Қарабұлақ (Жаңаорталық с.), Қусақ 
(Қошқар с.), Ортадересін (Ортадересін с.), Тасарал (Тасарал с.), Торанғылық 
(Торанғылық с.) селолық кеңестері кірді.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1991 ж. 5 шілдедегі қаулысымен 
Озерный пос. атауы Шашубай жұмысшы поселкесі болып өзгертілді .
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1993 ж. 4 
мамырдағы қаулысымен Приозерный ауданының атауы Тоқырауын болып 
өзгертілді.
240
ҚР Президентінің 1997 ж. 3 мамырдағы Жарлығымен Жезқазған 
облысының таратылуына байланысты Тоқырауын ауданының аумағы 
Қарағанды облысына қосылды.
ҚР Президентінің 1997 ж. 23 мамырдағы Жарлығымен аудан жойылды
4
.
ҚР Үкіметінің 23 мамырдағы қаулысымен аудан аумағы Ақтоғай 
ауданының құрамына қосылды.
238
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес ведомостері. 1982. №( 139)
239
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес ведомостері. 1979. №( 13)
240
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. 1991. №29-30. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі нің 
ведомостері. 1991. №29-30.


284
Берілу сәтінде аудан құрамына Сарышаған, Шашубай жұмысшы 
поселкелері Абай, Айыртас, Қарабұлақ, Қусақ, Ортадересін, Тасарал, 
Торанғылық селолық аймақтары кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет