Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Қосымша Б. Орталық Қазақстан өңірінде Щербина жүргізген санақ құжаттары



Pdf көрінісі
бет177/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182
Қосымша Б.
Орталық Қазақстан өңірінде Щербина жүргізген санақ құжаттары.
Өткен ғасыр басында жүрген Ақмола ояздығын зерттеу құжаттарында 
Спасск болыстығына (ұлысына) қатысты құжаттар тарихтың маңызды дерек 
көзі. Бұл деректерден біздер жер-су атына қатысты құнды мәлімет ала аламыз, 
сондай-ақ бұл жерлердің нақты қандай аталарға тиесілі мирас болғанын 
байқай аламыз. 1907 жылы жүргізілген санақ есебі бойынша берілген бұл 
санақ құжаттарында кеңес өкіметі жойған «Алаш» ұғымына қатысты жер 
атаулары болғанын да байқаймыз.
258
Рулардың аталмыш жер-суы Әлихан Бөкейханов қатысқан Щербина 
экспедициясы жасаған санақтардың нәтижесі болып табылады. Әлихан 
мұрасының қазақ шежірелерімен байланысатын екі тұсы бар. Оның 
бірі халық шежірелерін жинау ісіне ұйытқы болу, ал екіншісі – шежіре 
жайында білдірген ой-толғамдары. Шежірелерге орай жазған Әлиханның 
еңбектерінде шежіренің екі қыры туралы айтылады: бірі – шежірелердің 
рулар генеалогиясын жер мәселесімен байланыстыру және хан-сұлтандардың 
ата-тек кестелері; екіншісі – шежірелердің тарих мәнісі мен мазмұны туралы. 
Одан басқа, Әлихан – Шәкәрім шежіресіне пікір білдріген зерттеуші. 
Тобыл губерниясында жүргізілген санақ жұмыстарына қатысып мол 
тәжірибе жинаған Әлекең, 1896-1901 жылдары Ақмола мен Семей облыстары 
жерін зерттеуге шыққан Ф.Щербина бастаған экспедициясы құрамында 
болып, 12 ояздығын зерттеуге қатысты. Алғашқыда статист, кейін жеке 
зерттеу тобы басшысы болды. Осы Щербина экспедициясы құрамындағы 
зерттеу жұмыстары нәтижесінде Әлиханның шежіре мен ұлттық тарихы 
тақырыбына ізденіс етуіне оң әсер етті. Әлихан қазақ жерлері әрбір рудың 
өз мекені – қыстау-жайлауы, өзен-суы, құдықтары, яғни ол жерлер арғыдан 
қоныс қылған қазақтың ата жұрты екенін анық көрсетіп, картаға белгілеп, 
ру басыларының есімімен қатар олардың жеке шаруашылығының жағдайын 
сипаттап көрсету арқылы қазақта иесіз жер жоқ, әрбір жер-судың тұрақты 
иесі бар екенін көрсетіп берді. 
ХХ ғасырдың басындағы Патшалық Ресейдің Казақстанды өз құрамына 
енгізіп, отарлап алу барысында жаппай орын алды. Нақтылай айтқанда, 
елді-мекендер атауын жаппай өзгерту – қазақтан жерді тартып алып, оған 
келімсектерді қоныстандыру саясатын заңдастырудың ең төте және сенімді 
құралына айналды
ХХ ғасырдың бас кезеңдерінде сан ғасырлық бірегейлігі, қаймағы 
бұзылмаған ұлттық жер-су атауларымыз сыртқы күштер ықпалымен түбегейлі 
258
Дала облыстарын зерттеу экспедициясы жинаған және реттеген қазақтың жер пайдаланулары 
туралы материелдар. – Ақмола облысы. – Ақмола уезі. – Т. 3. – Б. 1. Кестлер. СПб.: «Т-ва 
Художественной Печати» Баспасы, 1907. (ор. тілде)


366
өзгеріске ұшырағаны баршаға белгілі жайт. 
Орыс тіліндегі кірме топонимдердің пайда болуы тарихи жағдайларға 
байланыс ты Ресей мен Украинадағы шаруалардың қазақ жеріне қоныс тебуінен 
бастау алатынын айта кеткен жөн. Сондықтан қазақ даласына орыс тілінен енген 
топонимикалық атаулардың қалыптасуын екі кезеңге бөліп қарастырамыз. 
Бірінші кезеңге Патшалы Ресей дәуіріндегі еріксіз күшпен таңылған 
отаршылдық мазмұндағы топонимиялық атауларды жатқызамыз. Ал екінші 
кезеңді Патшалық құрылыстың құлауымен бірге оның саяси идеологиялық 
атаулары Қазан төңкерісінен соң коммунистік рухтағы топонимдермен 
алмастырылып, революциялық сипаттағы жер атауларының өмірге ене 
бастағанымен байланыстыруға болады. Бұл кезеңнің ерекшелігі, социалистік 
негіздегі қоғамның саяси талаптарына сай жүргізілген шаралар шешуші 
орынға шықты. Расында, бірінші кезеңде қазақ жерінің ұлттық этнографиялық 
топонимиясы өзгеріске ұшырап, халықтық атаулар мақсатты түрде өзгертіліп, 
олар отар және отаршыл әкімшілік қайраткерлерінің, Романовтар әулетіндегі 
патшаның ерекше адамдарының, князь, ханзада, ханшайым, миссионерлердің, 
әскер басшыларының есімдерімен атала бастады. Сөйтіп, ұлттық топонимдер 
жат-жұрттық топонимдермен алмастырылды. Кірме атаулар өзгеше тілдік 
табиғатына байланысты ұлттық жүйеден оқшауланып, жеке топонимдік 
жүйе құрады. Егер біз қазақ топонимиясындағы моңғол қабатының негізін, 
ену кезеңін анықтау жолында терең тілдік талдау жүргізіп, көптеген тарихи 
еңбектер мен сөздіктерге жүгінсек, орыс тілінен енген топонимдерді анықтап, 
топтастыруда мұндай терең талдау жасау міндетті емес. Кірме топонимдердің 
басым көпшілігі белгілі бір кезеңдегі тарихи оқиғалардан деректер беретін, 
негізінен, символдық топонимдерден тұрады. Аңғарғанымыздай, славян 
топонимиясы сол өңірдің географиялық ерекшеліктерін дәл беруден гөрі, кісі 
есімдерін, саяси атауларды көбірек қолданады. Осылайша, сол өңірдің тарихы 
да берілген атаумен байланыстырылып, құлаққа сіңісіп кете берген. 
Спасск ұлысының №1 ауылында Қошқар ата ұрпақтарының 32 жеке 
шаруашылығы орналасқан деп айтылады; №2, 7 ауылдарында Сармантай 
ұрпақтарының 65 және 32 жеке шаруашылық ауыл тұрғындары болған. №№4-
32 ауыл тұрғындары Қошқардың бір атасы – Жанай ұрпақтары. 
Ауыл дегеніміз жылқы шаруашылығы дамуы барысында туыстық негізде 
қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік ұйым. Түркі халықтарында қоғамның 
іргелі әлеуметтік құрылымы. Ауыл елдің ұлт болып даму үрдісінде рухани-
әлеуметтік бірігу ұйтқысы болды. Қазақта ауыл әлеуметтің ең төменгі қауым 
түрі болған және негізінен тек туыстық жақындығына қарай бас қосып 
құралатын болған. Кейін ауыл ішіне аталастардан басқа жекжат, жамағайын 
да келіп қоңсы болған. Ауыл адамдары тіршілік қамы үшін бір-бірлеріне 
сүйеніш, қамқор болды. Бір ауылда 5-6 шаңырақтан – 10-15 шаңыраққа дейін 


367
түтін түтететін болған. Үй саны ауылдың әл-ауқатына, мал басы санына, жер 
көлемі мен жайылым ыңғайына және суат мөлшеріне қарай реттелетін болған.
Спасск ұлысының №1 ауылының 32 жеке шаруашылық тұрғындары 
Қошқар ұрпағы. №№4-32 ауыл тұрғындары Қошқардың бір атасы – Жанайлар 
болған. Осы болыстағы №3 ауылдың №№1-5, 17-20 ауылдарында Қошқардың 
ұрпағы Өжет балалары, ал №8 ауылдың 3, 9 жеке шаруашылығында Қият 
ұрпақтары өмір сүрген.
472
№1 ауыл бойынша жеке шаруалар: №1 – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет