Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет179/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182
Алтайдың алсай тармағы
Н.А. Аристовтың зерттеу материалдарында 
Алсай руының ішіндегі Қожаназар, Ақбура аталықтарының атаулары айтылып 
261
Бөкейхан Ә. Н. Таңдамалы. – А, 1995. – 15 бетте.
262
МКЗП. Акмолинский уезд. Т.3. СПб., 1897. б.198
263
Сонда, б.198
264
Сонда, б.154


371
отырса,
265
1907 жылы жарық көрген Ақмола уезінің материалдарында Алсай 
руының құрамындағы Баян, Ізбасар, Қарақұс, Қайып, Ақбура, Қожаназар, 
Шақа тармақтары мен ата-аталықтарының атаулары кездесіп отырады.
266
Алсай 
тармағы қазіргі кезде Жаңаарқа ауданы Ақтүбек, Байғұл елді мекендерінде 
орналасқан. 
Алтай руындағы Алсай рулық бөлімінің тармақтарға, аталықтарға, 
аталар мен әулеттерге тармақталуы жөніндегі жоғарыда айтылған ой-
пікірлерімізді түйіндей келе, бұл ру бөліміне қатысты деректер мен 
мәліметтер баршылық, шежіресі ел аузында сақталған және кейбір жекелеген 
ру аталары мен аталықтары санының көптігіне байланысты орыс деректерінде 
дербес ру ретінде айтылған дейміз.
Нұрбай ру бөлімі
Алтай руындағы алты ру бөлімінің біріне жатады. Бұл 
ру бөлімінің атауы Н.А. Аристов, Г.Н. Потанин, М.Ж. Көпейұлы еңбектеріндегі 
материалдарда, XX ғасыр басындағы Ақмола уезі бойынша жүргізілген зерттеу 
жұмыстарының және шежіре-кітаптарының материалдарында жиі кездеседі. 
Ел аузындағы тарихи әңгімелердің бірінде Нұрбай Алтайдың әмеңгерлікпен 
алған әйелінен туса, екінші бір деректерде ол қолға түскен қалмақ қызынан 
дүниеге келген.
267
Екі дерек те Нұрбайдың батыр болғандығын баяндайды. 
М.Ж. Көпейұлы: «Алтайдың ақ сауыты Нұрбайда қалған. Қалмаққа олжаға 
түсіп қалған жерінен Нұрбай өзі барып алып келген, сауыттың аты – шежекөз. 
Сондықтан Нұрбай ұраны – шежекөз болған. Нұрбайдан басқасында белгі
жоқ», – деп жазады.
268
Әлке ру
бөлімі – Алтай руындағы жеті ру бөлімінің үшіншісі. Шежірелік 
материалдар бойынша Алтай руындағы Әлке, Байдалы, Сайдалы ру бөлімдеріне 
бастау болған үш адам бір анадан туған. Г.Н. Потанин, М.Ж.Көпейұлы 
бұларды Алтайдың Аққоян атты әйелінен туған деп айтса, І.Ісләмұлы 
олардың анасын Тоққоян деп көрсетеді. XX ғасыр басындағы Атбасар уезінде 
жүргізілген зерттеу материалдарында Әлке (Әлике) ру бөлімінің Еңке, Құтый 
және Мұрат атты үш ру тармағына бөлінетіндігі айтылады.
269
265
Аристов Н.А. Заметки об этническом составе…, б.105
266
Материалы по киргизскому землепользованию. Акмолинский уезд. 
Т.3.Ч.1. б.126
267
Ісләмұлы І. Алтай шежіресі.б.7
268
Көпейұлы М. Қазақ шежіресі. б.25-26
269
Бейсенбайұлы Ж. Қазақ шежіресі. б.121


372


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет