Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет45/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   182
Ахметеспе 
– Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы өзен. Араб 
тілінде Ахмет «мақтаулы», «мақтауға тұрарлық» дегенді білдіреді, ол 
Мұхаммедтің қосалқы аты. Ал атаудың құрамындағы еспе сөзі – халықтық 
географиялық термин. Ол Екі түрлі мағынада жұмсалады. Біріншісі – белгілі 
бір мерзімде ғана су ағатын, көктем кезінде қатты тасып, арнасып орып,
97
Самарқан поселкесіне 1906 жылы адамдар тұра бастады, ал 1909 жылы 10 ақпаннан бастап дербес 
ауылдық басқару құқығын алды. Поселкеге алғашқы жылдары Самаркан губерниясынан немістер 
келген. Атау екі сөздің негізін алған: «Самар» - қоныс аударушылардың бұрынғы тұрған отаны және 
«қант» елді мекен деген мағынада. Осымен тұрғындар өздерін самарқандық екенін айрықтаған.
98
Доскей шығармаларының негізгі тақырыбы Қарағанды кеншілерінің өмірі мен еңбегі болды. 
«Қарағанды», «Екі сайлау», «Жүрегім» деген өлеңдері ақынның таңдаулы шығармалары болып 
есептеледі. Д. Әлімбаев облыстық ақындар айтысын ұйымдастырушылардың бірі. Ақынға Қазақстанның 
еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы, «Құрмет Белгісі» ордені берілді, жерленген жеріне ескерткіш 
қойылған.


134
жуып кететін, соңынан кеуіп қалатын өзенді білдіреді, ал екіншісі – үстірт 
жақта онша терең емес құдықты айтады. 
Некронимдер этимологиясы 
Жер тарихы – ел тарихы. Оның бетіндегі белгі – бедер ішінде бүгінгі, 
ертеңгі ұрпақ үшін, ең қымбатты материалдық белгілер ескерткіштер. Қазірдің 
өзінде Орталық Қазақстанда көне заманнан бүгінгі күнге дейін айғақ болар 
жүздеген ескерткіштер бар.
Кез-келген жәдігер өткен тарихи уақыттың, оқиғаның ғана куәсі емес, 
сонымен қатар елдің, рудың тарихи мұрасы. Ел арасындағы қасиетті ата-қорым, 
әулеттік сағана сияқты ұғымдардың өзі ерекше. Олай десек, ескерткіштер, 
қорымдар бұл жердің Орта жүздің руларының жері екеніне жәдігерлер айғақ 
болады. 
Тарихта ерте кезеңде белгілі шартты түрде үш жүздің территориясы 
болғанын тарихи құжаттардан кездестіреміз. Территориялық қатынас, 
байланыс жер мәселесіне байланысты құжаттардан жерге қатысты
қатынастардың өзі әлеуметтік құрылымға қатысты болған.
Жалпы көшпелі қауым көзқарасында территориялық тұтастық жерге 
деген сүйіспеншілігі қоғамдық байланыстардан тыс қалыптасқан. Қазақта 
«ел», «жұрт», «халық», «Отан», деген 
мағына
бар. Бұлардың бәрі де ру 
мағынасынан әлдеқайда кең, олардың әрқайсысының тұтас бір ел, халықтар 
сыйып кетерлік маңызы бар.
Сонымен қатар территориялық тұтастық ұғымы, жер мәселесі біріншіден 
негізгі ұғым бойынша «Құдайдың жері» – Алла тағала құдай осы рулардың 
ата-бабаларына тиесілі еткен. Осы территория көлемінде, көшпелілік 
дәстүрді сақтай отырып, кез келген ру, тайпа күнделікті тұрмыста қажеттігіне 
қарай, мысалға, аштық, жұт немесе шөптің нашар шығуына байланысты 
айырбастауына мүмкіндігі болды.
99
[1].
Тарихи аңыздар, фольклорлық жырлар күнделікті тұрмысқа қатысты 
осы қағиданы толықтыра түседі. М.Ж.Көпеев шежіресі бойынша: оның арғы 
бабасы Тілеуімбет он бес баласымен Сырдан Арқаға қоныс аударып жолай 
қалмақпен соғыста өлген. Оның баласы Бегім Ұлытауда біраз жыл қоныс 
еткен, оған сол жердің Бегімнің бес саласы атануы куә, ал енді Бегімнің 
баласы Ақжігіт қырық тоғызында Көкшетау баурайында Шортан Қаратай-
Қаздың қара суы деген жерге қойылған, оның баласы Ермахамбет Қызылтауда 
қартайып өлген. Шежіреге орай шежірешінің төрт атасының ғұмыры тұтас 
ХVІІІ ғ. сәйкес бір ғасыр бойы олардың руы Сарыарқаның нақты бір бөлігін 
иемденбеген. Бұл жағдай қазақтың сол тұстағы көпшілік руларға ортақ деп 
99
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Алматы: Санат, 1996. 
– 656 с


135
атауымызға болады.
100
[1]
ХVІІІ ғасырдан Сарыарқаға елдің қоныстана бастауын Н.Н.Балкашин 
дерегінде:
 
«Прежде из-за Каратауских гор к р. Чу и к Улутауским горам 
направились момуны. В их числе были роды: атыгай, багыс, канджигали, 
табукли, сарджетим,-чак, басентеин, караул. Далее басентеин и табуклы ушли 
к Баянаулу. После момунов, из за Каратау пришел союз кувандык, состоявший 
из аргынских родов алтай, калкаман, агыс, карпык и темеш. Этот союз 
оттеснил момунов к северу и расположился в степях по верховьям р.Сарысу 
по р. Нуре и.т.д. С кувандыками прикочевал еше род каракисяк, занявший горы 
у Балхаша. Позднее пришел третий аргынский союз суюндык,состоявший из 
родов дюрт-аул, каржас с козганом и каксалом».
101
[2, 256]
Бұл қағидаға дәлелдеме ретінде Сарыарқа өңірінде кездесетін ХVІІІ 
ғ. салынған тарихи ескерткіштерді атауымызға болады. Себебі бұл кездегі 
күмбездердің көпшілігі рулық территория жеріне емес, белгілі бір тарихи 
оқиғаларға орай салынған. Мысалы, Қарағанды облысы Қарқаралы 
ауданындағы Аппаз күмбезі. Далалық этнографиялық материалдар негізіне 
сүйенсек, осы жәдігердің Аппаз аталуына үлкен бір байдың баласы көш 
кезінде ме, әлде жорық кезінде ме осы жерде мертігіп қаза табады. Қаза тапқан 
баласын ел болып жерлеп, басына күмбез орнатады.
102
Немесе Шет ауданындағы Қабанбай қорымындағы, Бәзілбай күмбезі де
ХVІІІ ғ. қатысты. Этнографиялық экспедиция кезінде жергілікті қариялардың 
айтуынша бұл жерден Қабанбай батыр бір немесе екі мәрте қонып өтсе керек. 
Содан жердің аты Қабанбай атанған.
103
Қай қоғамда болмасын меншіктің басты белгісі – жер. Жердің молдығы 
көші-қонның ұзақтығы мал шаруашылығының берекелі дамуының алғы- 
шарты.
Әрине қалыптасқан шекаралы меншікті қазақ жерінен ХVІІІ ғ. көре 
алмаймыз. Дегенмен, жерді шаруашылық ыңғайына байланысты оқшаулау 
әр рудың өз жайылымдарына, әсіресе қысқы қонысына иелік ету, сол ХVІІІ
ғ. өзінде кезігіп қалады. Жер үшін ру аралық келіспеушіліктер Орта жүзде 
алтай мен қаракесек арасында қалыптасып, бұл дау Қаздауысты Қазыбектің 
інісі Сәдібек тұсында болса керек. Қуандықтар қаракесектерді Нұраға 
жолатпаймыз дейді, себебі Сәдібек ауылы отырған жерде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет