Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет47/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   182
мені осы араға
белгіге тастап жерлеңдер (біздікі- Т.А)»

деп өсиет айтса керек. Міне осы жерде Бәйкелді батыр күмбезі тұрғызылды.
Х1Х ғ. екінші жартысында жерді меншіктеу үрдісі басталды. Жерді 
меншікке айналдыру бір жағы Ресей саясаты ұстанған әкімшілік-
территориялық, екінші жағынан дәстүрлі ру аралық қатынасқа байланысты 
қаралды, көпшілік жағдайда көшпелілік салт-дәстүрге байланысты әр ру 
өзінің атақты адамдарың, ел басшыларына қойылатын белгі күмбездерді меже 
қылды, оларды шекара алқаптарға, даулы жерлерге қоюға ұмтылды. 
Жерді меншіктеу, меже белгілеу руаралық қақтығыстар мен қатар 
жайылымдардың тарылуына әкеп соқты. 
Бұл саясатты Крассовский былай суреттеді: «Даже и теперь уже можно 
считать по мере областных киргизов вполне закрепленным к постоянно 
занимаемым или ныне занимаемым местам, а при этом условии, особенно с 
возрастанием населения, приходится дрожит каждый клочок земли».
108
Жердің тарылуы сонымен қатар жергілікті әкімшілік дәрежесіндегі 
төрелердің, болыстардың өздеріне көпшілік жерді қаратуға тырысты. Далалық 
этнографиялық экспедиция кезінде жинақтаған материалдарға сүйенсек және 
көне көз қарттардың естелігінде бұл құбылыс Бөкей ұрпағы арасында да болса 
керек. Жамантай Шыңғысұлының бейіті Нұркен селосында орналасқан, ал 
Жамантай төре болса, осы өңірдің біршама жерін өзіне күшпен қаратқан.
Бұл жерге талас, руаралық территориялық қатынастардың күшейе түсуі, 
107
Аршабеков Т.Т. Қарқаралы күмбездері. Қарағанды: Арко, 1997. – 96 б.
108
Красовский М. Материалы для географии и статистики России, собранные офицерами 
Генерального штаба. Область Сибирских киргизов .СПб, 1868. Ч 3. – 264 с


138
көрші уездерге де тән болды. Мысалы, Ақмола, уезінде қыстақтарға талас 
қуандық руының сармантай және қареке рулары арасында туған. Бұл жерде 
руаралық таласпен қатар, әлеуметтік қайшылықтар қатар жүрген .
Архив құжаттарын далалық этнографиялық материалдар айғақтай түседі. 
Мысалы қареке руының батыры Алданазар күмбезі, сармантай руымен 
жапсарлас Қызылоба тауының етегінде меже ретінде қойылған.
Бұл құбылыс Орталық Қазақстанның батыс өңірінде де байқалды. ХІХ 
ғасырдың 30- ншы жылдарында Батыс Сібір губернаторлығы бағаналы-
найман, қыпшақ, арғын руларынан жеке Торғай округын құруды ойластырды, 
бірақ бұл шешімге Орынбор әкімшілігі келісімін бермеді. Сондықтан екі округ 
арасындағы шекара осы рулардың жайылымдардың ортасынан өтті. Осындай 
жерге даулы кезеңде қыпшақ рулары Торғай өзені, Жыланшық өзендерінің 
бойындағы жайылымдарға ие бола бастады. Бұл аталған руаралық жер 
дауын архив құжаттарында: «Расположенная зимовками на всем протяжении 
пространства заключающиеся между границею, отделяющую Оренбурских, 
пишут кипчаки, что -они выражают большие затруднения (из- за найманов- Т.А) 
в прокормлении скота лишаются возможности производить сенокошения».
109
ХІХ ғ. 50-нші жылдарынан бастап наймандар өздерінің рулық қыстақ 
жерлерін тастауға мәжбүр болды. Сондықтан да шекаралық меже ретінде бұл 
жерге бағаналықтар Иманбек күмбезін салса керек. Иманбек өз заманында 
осы өңірге мәлім болған адам. Күмбезі Ұлытау ауданының Сарлық селосынан 
70 км шамасында орналасқан.
ХІХ ғ. ІІ-нші жартысында Қазақстан өмірінде әлеуметтік - экономикалық 
күрт өзгерістерге әкеліп тіреді. Қазақ қауымы жөнінде зерттеушілердің 
бірі А.А.Кауфман «қырғыз (қазақ –Т.А) шаруашылығында, таза көшпелілік 
шаруашылықтан, отырықшы шаруашылыққа көше бастады, қыс мезгіліне 
байланысты қыстақтардың салынуы, екіншіден – шөп шабу, үшіншіден – жер
шаруашылығының пайда болуы болды. Ерден қыстағының бірінші қыстағы 
4 бөлмелі тастан қаланған, терезесінде шынылар бар, екінші қыстағы екі 
бөлмеден тұрады, жұпыны деп» атап көрсетеді.
110
Бұл қыстақтың орналасқан 
жері Ерден Сандыбайұлы кесенесінен 2-3 км жерде Қарағанды өзенінің 
бойында.
«Қыстаулар рудан руға мұра ретінде тапсырылады» – деп жазады А.Гейнс. 
Қыстаулардың жерлері ру басыларының ұсыныстарымен бекітіліп отырады 
және бұл жерлер ешқандай әкімшілік жарғысымен қаралмайды.
Қыстаулардың иелері өздеріне қатысты жерлердің шекарасын толық 
игерген. Ал қыстау жерлерін бөліске салар жағдайда, көршілес ауылдардың 
ақсақалдарды, құрметті, сыйлы азаматтарын шақырып, шекаралық белгі 
109
Муканов М. С. Этническая территория казахов в ХVIII- нач. ХХ вв. Алматы. 1991
110
Кауфман А. А. Свод трудов местных комитетов по Кавказу, Области войска Донского, Сибири, 
Степному краю и Туркестану, СПб., 1907.


139
анықталған. Ал шекаралық белгі жойылған болса, бұл жағдайда көрші ауыл 
куәгер ретінде алынады – деп атайды . 
Жаңа территориялық өзгерістерді одан әрі толығырақ осы автор: « Роды не 
пересекают свои территориальные границы. Каждая волост по приемуществу 
составляется из аулов одного и того же рода. Подразделение зимовок 
производится между родственниками по указаниям родоначальников. В случае 
споров возникающих между родичами по зимовкам, аульный старшина, по 
требованию родоначальника созывает аул. В случае если родоначальник не 
может решит спора, дело передается на решение умному, уважаемому бию».
111
Жерге қатысты осы өңірдегі этнотерриториялық қатынас 1870-80 жж. 
жаңаша дамыды. Себебі 1868 жылғы Уақытша ереже әкімшілік-рулық 
территорияның орнына, таза территориялық болыстарды енгізді. Әрине 
оларда рулардың жерді пайдалану және шекара межесі бекітілмеді, екіншіден 
бұл жерлердің тарылуы халықтың өсіміне қатысты болды, үшіншіден көшпелі 
шаруашылықтың құлдырауы, жер шаруашылығының дамуына байланысты 
болды. 
АЙБОСЫН
– 
бейіт, 
Сарысу өзенінің оңт. жағ.-да, Бұл атау 
ай 
(зат 
есім) және 
болсын 
(етістік) деген екі сөзден қосылып жасалған. Кісі 
жерленген бейіт, сол бойынша белгіленген жер (объект-бағдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет