ЖӘКЕЙ –
бейіт, күмбез. Жаңаар. ауд., Сарысу өзенінің солт.-де.
Антропоним, адам атымен қойылған атау. ХІХ ғасырда өмір сүрген Алтай
Сайдалы руынан шыққан белгілі тарихи тұлға.
ЖҰБАН ӘУЛИЕ –
мола, көне заман ескерткіші. Жаңаар. ауд. Көне
топоним. Бұл күмбездің сызбасын кезінде Ш.Уәлиханов қағазға түсірген
болатын [Уәлиханов Ш. т.4, б.158]. Күмбез туралы алғашқы деректерді
П.И.Рычков «Орынбор топографиясы» атты еңбегінде (1762) келтіреді.
Қазақтар бұл жерді әулие санайды, ақтық байлайды. Жұбан сөзі иран тілінде
джаван «жас, кіші, жас адам, бозбала» дегенді білдірсе [Джанузаков Т.,
б.141], қазақ тілінде жұбату, тыныштандыру мағынасында қолданылды.
Бірінің артынан бірі қайтыс бола берген балалардан кейін туған балаға
осындай есім беріледі. Ә.Марғұлан бұл архитектуралық құрылымды оғыз-
қыпшақ дәуіріне жатқызады. Жұбан ана бейіті Жаңаарқа өңіріндегі ең көне
сәулет құрылысының үлгілерінің бірі. Республикалық маңызы бар тарихи
және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
ИСАБЕК –
бейіт. Антропонимдік атау. Иса ежелгі еврейлік Иисус
сөзінің араб тіліндегі қалыбы [Джанузаков Т., б.143]. ХІХ ғ. қазақ арасында
мұмсылмандықтың кең таралуынан дінмен байланысты есімдер қойыла
бастаған.
КЕЗЕКМОЛА –
бейіт, Жаңаар, ауд., Қарашоқы тауының оңт.-бат.
жағында. Алтай Аралбай руының адамы жерленген жер.
КӨКЕНБАЙ –
бейіт, Жаңаар. ауд. Басына орнатылған белгісі бар
бейіт, сол бойынша белгілі жер (бағдар-объект).
КӨЛШІБАИ –
бейіт, Жаңаар. ауд. Аталған кісі жерленген зират,
сол бойынша белгілі жер (объект-бағдар).
ҚАРААҒАШ ОБАСЫ – көне бейіт орындары. Жаңаарқа ауданы Қараағаш
селолық округінің Сарыкөл дейтін жерінен 4,5 км. солтүстікте орналасқан.
Обалардың орташа диаметрі 2-15 м., биіктігі 1-4,5 м. Қараағаш обасын
1904 ж. А.Козырев пен А.Петровский тауып, бір обаны қазған. Тас мүсін
және мәйіт қойылған тас жәшік аршылған. Мүрденің жанынан жылқының
қаңқасы табылған. Қазып алынған материалдар: алтын тәж (диадема), тас
орнатылған екі сырға, тас орнатылған алтын тілікше, кәрібтас моншақ (16
дана), алтын таспалар, өрнек салынған көзе, т.б. Табылған заттар мен жерлеу
рәсіміне қарағанда, б.з.б. VI-IV ғасырларға жатады. Қарағаш обасы Қазақстан
археологиясы тарихында ең алғашқы қазба жұмыстары толық жүргізілген
ескерткіштердің бірі ретінде ғылыми маңызға ие.