Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


ЖӘКЕЙ –  бейіт, күмбез



Pdf көрінісі
бет50/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
ЖӘКЕЙ
– 
бейіт,
күмбез.
 
Жаңаар. ауд., Сарысу өзенінің солт.-де. 
Антропоним, адам атымен қойылған атау. ХІХ ғасырда өмір сүрген Алтай 
Сайдалы руынан шыққан белгілі тарихи тұлға. 
ЖҰБАН ӘУЛИЕ 
– 
мола, көне заман ескерткіші. 
Жаңаар. ауд. Көне 
топоним. Бұл күмбездің сызбасын кезінде Ш.Уәлиханов қағазға түсірген 
болатын [Уәлиханов Ш. т.4, б.158]. Күмбез туралы алғашқы деректерді 
П.И.Рычков «Орынбор топографиясы» атты еңбегінде (1762) келтіреді. 
Қазақтар бұл жерді әулие санайды, ақтық байлайды. Жұбан сөзі иран тілінде 
джаван
«жас, кіші, жас адам, бозбала» дегенді білдірсе [Джанузаков Т., 
б.141], қазақ тілінде жұбату, тыныштандыру мағынасында қолданылды. 
Бірінің артынан бірі қайтыс бола берген балалардан кейін туған балаға 
осындай есім беріледі. Ә.Марғұлан бұл архитектуралық құрылымды оғыз-
қыпшақ дәуіріне жатқызады. Жұбан ана бейіті Жаңаарқа өңіріндегі ең көне 
сәулет құрылысының үлгілерінің бірі. Республикалық маңызы бар тарихи 
және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
ИСАБЕК 

 
бейіт.
 
Антропонимдік атау. Иса ежелгі еврейлік Иисус 
сөзінің араб тіліндегі қалыбы [Джанузаков Т., б.143]. ХІХ ғ. қазақ арасында 
мұмсылмандықтың кең таралуынан дінмен байланысты есімдер қойыла 
бастаған.
КЕЗЕКМОЛА
– 
бейіт, 
Жаңаар, ауд., Қарашоқы тауының оңт.-бат. 
жағында. Алтай Аралбай руының адамы жерленген жер.
КӨКЕНБАЙ
– 
бейіт, 
Жаңаар. ауд. Басына орнатылған белгісі бар 
бейіт, сол бойынша белгілі жер (бағдар-объект).
КӨЛШІБАИ
– 
бейіт, 
Жаңаар. ауд. Аталған кісі жерленген зират
сол бойынша белгілі жер (объект-бағдар).
ҚАРААҒАШ ОБАСЫ
– көне бейіт орындары. Жаңаарқа ауданы Қараағаш 
селолық округінің Сарыкөл дейтін жерінен 4,5 км. солтүстікте орналасқан. 
Обалардың орташа диаметрі 2-15 м., биіктігі 1-4,5 м. Қараағаш обасын 
1904 ж. А.Козырев пен А.Петровский тауып, бір обаны қазған. Тас мүсін 
және мәйіт қойылған тас жәшік аршылған. Мүрденің жанынан жылқының 
қаңқасы табылған. Қазып алынған материалдар: алтын тәж (диадема), тас 
орнатылған екі сырға, тас орнатылған алтын тілікше, кәрібтас моншақ (16 
дана), алтын таспалар, өрнек салынған көзе, т.б. Табылған заттар мен жерлеу 
рәсіміне қарағанда, б.з.б. VI-IV ғасырларға жатады. Қарағаш обасы Қазақстан 
археологиясы тарихында ең алғашқы қазба жұмыстары толық жүргізілген 
ескерткіштердің бірі ретінде ғылыми маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет