Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет49/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
ЕРКЕБҰЛАН 

 
күмбез.
Антропоним. Еркебұлан есімді осы жерді 
мекендеген Тарақты руының батыры жерленген. Қазақтар жақсы көретін, 
кенже балаларын еркелеткен, ерке деген немесе бұла өскен дейді. Бұлан –
«салалы, үлкен мүйізді, аша тұяқты, бұғы тектес аң» [ҚТТС.2-том, б.28]. 
ЖАЙМА
– 
бейіт,
Жаңаар. ауд. Ақтүбек с/о. Ақтүбек елді мекенінен 
батысқа қарай 23 км. жерде. Алтай Алсай руының беделді биі Жайма 
жерленген жер. ХІХ ғ. тұрғызылған зират. 
Жайма 
сөзі қазіргі қазақ тілінде 
«ашық алаңдағы базар» деп түсіндіріледі (Қойшыбаев Е., 1985. б. 102-103).
ЖАМАНТАС
– қола дәуірінен қалған мола
. Жаңаарқа ауданының Бесоба 
қыстағының оңтүстігінде 3 км. жерде. 1955ж. Ә.Марғұлан бастаған Орталық 
Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Моланың диаметрі 4,6-
5,0 м., сыртқы іргесі үлкен тастармен қоршалған. Өліктің қол-аяғын бүгіп, 
қоршалған тас жәшіктің ішіне ас ішкен құмыра ыдыстарымен бірге қойған. 
Моланың сыртқы құрылысына және саз балшықтан істелген құмыраларға 
қарағанда, бұл өңірді мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар мекендеген.
ЖАҚСЫБАЙТАМ
– 
бейіт, 
Жаңаар. ауд. Жақсыбай есімді кісі 
жерленіп, басында айшықты там, мазар (мазарат) тұрғызылған бейіт, сол 
бойынша белгілі жер (объект), бағдар.
ЖАНБАБА
– 
бейіт, 
Жанаар. ауд., Талдыбұлақ елді мекенінен оңт. 
шығ. жақта. Тұңғатар руының осы есімді адамы жерленген бейіт, сол 
бойынша белгілі жер (объект), бағдар.
ЖАНБОЛ
– 
бейіт, 
Жаңаар. ауд., Сарысу өзенінің солт.-де. Алтай 
Алсай руының Жанбол есімді адамы жерленген бейіт, сол бойынша белгілі 
жер (объект), бағдар.
ЖАНБЕК
– 
бейіт, 
Жаңаар. ауд. Кісі жерленген бейіт, сол бойынша
белгілі жер (объект), бағдар.
ЖАҢАБАЙ
– 
бейіт, 
Жаңаар. ауд.-да, Тасбұлақ сайының оңтүстік 
жағында. Кісі қойылған бейіт, сол бойынша белгілі жер (объект), бағдар.
ЖАРҚЫМБАЙ
– 
бейіт, 
Жаңаар. ауд.-да. Кісі қойылған бейіт, сол 


141
бойынша белгілі жер (объект), бағдар. Жаңаар. ауд.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет