Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


АҚПАН –  бейіт. Жаңаар. ауд. Ақтүбек с/о. Антропоним. Алтай Алсай  руының белгілі биі жерленген жер.  АҚ МҰСТАФА



Pdf көрінісі
бет48/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
АҚПАН
– 
бейіт.
Жаңаар. ауд. Ақтүбек с/о. Антропоним. Алтай Алсай 
руының белгілі биі жерленген жер. 
АҚ МҰСТАФА 

 
мешіт. Адам атына байланысты қойылған атау. Мұрағат 
деректеріне сүйенсек Мұстафа Жәнібекұлы 1865 жылы осы арада мешіт 
салғызған [толығырақ: Аршабеков Т., Жұмабеков Ж., 2005]. Мұстафа араб 
тілінде – таңдаулы деген мағынаны білдіреді [Джанузаков Т., б.150]. Мұстафа 
есімі ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап Орталық Қазақстан өңіріне ислам 
дінінің толық енуіне байланысты жиі қойылатын болған. Ақ Мұстафа аталуы 
осы тұлғаның халық арасында құрметке ие болуына байланысты.
«АҚТАУ АРУЫ»
– 
сынтас, арх. ескерткіш.
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о 
жеріндегі ғылымға белгілі тас мүсін. Ақсай шатқалынан 7-8 км қашықтықта 
солтүстікке қарай орналасқан. Алдында отқа табыну орны сақталған.
АШКЕМПІР
– 
бейіт, 
Жаңаар. ауд. 
Аш 
(сын есім) 
+кемпір 
(зат 
есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Тама руы байының бәйбішесі 
қайтыс болғанда,жаназасына сойылған малдың семіздігі соншалықты, 
жиналған ел жей алмай, аш қайтқандықтан қойылған есім. 
АЛАҚҰНАН
– 
зират, 
Сарысу өзенінің оңт.-де, Жаңаар. ауд. 
Ала 
(сын 
есім)+құнан 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау.
ӘУЛИЕ‑МОЛА 

 
бейіт.
Әулие сөзімен байланысты жер атаулары көптеп 
111
Гейнс А. Собрание литератруных трудов. СПб., 1898. Т..2 – 512 с.


140
кездеседі. Ғалымдардың пікірінше мұндай атаулар «қазақ халқының өткендегі 
пұтқа табынған дәстүрін аңғартады» [Қойшыбаев Е., б.57]. Мола деп қазақта 
«өлген адамның сүйегі жерленетін бейітті» атайды [ҚТТС.ІІ-том, б.145].
ДАРАБАЙ
– 
бейіт, мешіт,
Жаңаар. ауд., Ералиев с/о. ХІХ ғ. тұрғызылған 
зират. Ералиев елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 27 км. жерде. 
Антропоним.
БЕРЛІБАЙ 
– мешіт,
Жаңаар. ауд., Талды-манақа өзенінің бат.-да. 
Кісі есімінен койылған жер. Антропонимдік атау. Берлібай қажы Алтай 
Сайдалы руынан шыққан есімі халыққа кеңінен танымал діндар адам болған
Ақтау өңірінде мешіт тұрғызған. Ежелгі түрік тілінде берклиг – күшті, мықты 
мағынасына ие [ДТС., б.96].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет