Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет53/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
САҒАЛ ТАМЫ 

 
бейіт.
 
Жаңаар. ауд. Бидайық с/о жерінде. Сарысу 
өзенінің бойындағы жайлауда қайтыс болған руы Тарақты Сағал байдың 
есіміне байланысты қойылған атау. Сағал деп қазақ тілінде «жағал, айғыз-
айғыз» деген мағынада қолданылады. Ал, там деп «мола, зират, бейіт» 
меңзеліп тұр [ҚТТС. ІІ-том., б.326].
САРЫ ТОҚА 
– бейіт.
 
ХІХ ғ. Жаңаарқа территориясындағы Манақа 
өзенінің бойында Сайдалы Сары Тоқа есімді тарихи тұлға өмір сүрген. Алтай 
Сайдалы руының болысы, әрі атақты күйші, сері адам болған. Халық Тоқа 
руының атауымен шатастырмас үшін руы Сайдалы, өңі сары болғандықтан 
Сайдалы Сары Тоқа атап кеткен.
ТҰЯҚ
– 
бейіт, көне заман мола, қорғандары. 
Жаңаар. ауд. Қарағаш 
ауылынан 11,5 км. қашықтықта орналасқан. Антропоним.
 
ҮЙТАС
– 
андрон мәдениетіне жататын көне зираттар тобы. 
Ақтау 
с/о жерінде, Жаңаар. ауд. Қола дәуірінің әлеуметтік молалары. Атауы тас 
үйінділеріне байланысты қойылған.
ҚУРАЙЛЫ ОБА 
Құра – бір нәрселердің басын қосып, топтастыру
жинау [ҚТС,424]; оба – тастан, топырақтан үйіп жасалған көлемі мен биіктігі 
әр түрлі төбешік, төмпешік, қорым [ҚТС,483]. Нұра ауд.
ТӨРТҚҰЛАҚ МОЛА
Төрт – үштен кейінгі есептік сан [ҚТС, 647]; құлақ 
– адам мен жануардың есту мүшесі [ҚТС, 419]; мола - өлген адамды жерлейтін 
көр, бейіт [ҚТС, 465 Нұра ауд.
ОБАЛЫ Оба
– тастан, топырақтан үйіп жасалған көлемі мен биіктігі әр 
түрлі төбешік, төмпешік, қорым [ҚТС,483]. Нұра ауд.
БЕРДІБАЙ МОЛАСЫ
Мола – өлген адамды жерлейтін көр, бейіт [ҚТС, 
465]. Бердібай деген адам жерленген жер. Нұра ауд.
АҚШОҚЫ, ТАС ОБА
Ақ – 1. сүттің, қардың түсіндей аппақ түс [ҚТС, 
25]; шоқы – 1. биік жота, төбе; 2. қол жеткен табыстың, жетістіктің шыңы 
[ҚТС, 735]; тас – таулы жерлердегі қатты кристалл жыныс, соның үлкенді-
кішілі бөлшектері [ҚТС, 621]; оба – тастан, топырақтан үйіп жасалған көлемі 
мен биіктігі әр түрлі төбешік, төмпешік, қорым [ҚТС,483. Нұра ауд.
БОЛТАЙ МОЛАСЫ
Мола - өлген адамды жерлейтін көр, бейіт [ҚТС, 
465]. Болтай деген адам жерленген жер. Нұра ауд.


144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет