Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


Гидронимдердің этимологиясы мен тілдік семантикасы



Pdf көрінісі
бет54/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
Гидронимдердің этимологиясы мен тілдік семантикасы
Қола дәуірінде қоныстар кішігірім өзендердің, көлдердің жағалауларына 
орналасты. Бұл шаруашылық мүдделеріне байланысты болды, мал үшін 
қаулап өскен шөпті жер, егіншілік үшін ыңғайлы қара топырақ қажет болды
Сарыарқаның батысы мен шығысын, солтүстігі мен оңтүстігіндегі ашық 
дала мен таулы өңірлерді қоныстанып, өзен жағалауларын жайлаған, сақ 
тайпалары екі түрлі қорған ескерткіштерді тұрғызған.
Гидронимия – топонимиканың күрделі де көлемді саласының бірі. 
Ол – грек тілінде гидро – су, оним – атау, яғни су атаулары үғымын берді. 
Демек, гидронимия – өзендер мен көлдердің, көлшіктердің, қайнарлар мен 
бастаулардың, бұлақтар мен құдықтардың, яғни су обьектілерінің жиынтық 
атауы. 
Өзендер мен көлдердің, жалпы су атаулының адам өміріндегі алатын орны 
ерекше. Сулы жердің дала қазақтары үшін қолайлы мекен болатыны анық. 
Бұл жерлер бірте-бірте атауларға ие болады және олар бір-бірін қайталамаған. 
Потамонимдер этимологиясы
АҚСУ 

 
өзен.
Жаңаар., ауд. Сарысу өз. алабында. Бұлақтардың 
қосылуынан түзіліп, Сарысу өзеніне құяды. Ұз. 42 км. 5 саласы бар. 
Жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Атауы 
ақ
(сын 
есім) және 
су
(зат есім) сөздерінен құралған. Мағынасы – «таза су».
АҚТАСТЫ 

 
өзен, 
Талдыбұлақ кентінің оңт. жағ.-да, Айғыржал тауынан 
басталып, Сарысуға кұяды, ұз. 58 км, Жаңаар. ауд, 
таулар, 
Омарбек тауының
оңт.-шығысында, Жақсы Иманақ тауының оңт.-батысында, 
сай-сала,
Желтау 
т. солт.-батысында, Ақтау ауылының оңт.-шығысында, 
су қоймасы 
Ақтасты 
өзенінің солтүстігінде, Жақсы Иманақ тауының батысында орналасқан. 
Ақ 
(сын есім) және 
тас 
(зат есім) 
-\-ты 
(зат есімнен туынды сын есім 
жасайтын жұрнақ) сөздерінен бірігіп жасалған өзен аты. Мағынасы: «ақ 
тастары басым өзен, су».
АҚТАССУ
– 
өз., 
Қарашоқы тауының оңт. жағ.-да,. Жанаар. ауд. 
Ақ 
(сын 
есім) және 
тас 
(зат есім) 
-\-су 
(зат есім) сөздерінен бірігіп жасалған өзен 
аты. Мағынасы: «ақ тастың астынан шығып жатқан ағынды су».
АЛАШБАЙ
– 
өз.,
Жаңаар. ауд. Кісі есімінен қойылған өзен аты. 
Ұзындығы 55 км., су жинайтын алқабы 1220 шаршы км. Шұбароба және 
Қосқара тауларынан басталып, Бозкөлге жетпей құмға сіңіп кетеді. Қар және 
жер асты суларымен толысады. Жазда құрғап қалады, суы ащы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет