140
кездеседі. Ғалымдардың пікірінше мұндай атаулар «қазақ халқының өткендегі
пұтқа табынған дәстүрін аңғартады» [Қойшыбаев Е., б.57]. Мола деп қазақта
«өлген адамның сүйегі жерленетін бейітті» атайды [ҚТТС.ІІ-том, б.145].
ДАРАБАЙ
–
бейіт, мешіт,
Жаңаар. ауд., Ералиев с/о. ХІХ ғ. тұрғызылған
зират. Ералиев елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 27 км. жерде.
Антропоним.
БЕРЛІБАЙ
– мешіт,
Жаңаар. ауд., Талды-манақа өзенінің бат.-да.
Кісі есімінен койылған жер. Антропонимдік атау. Берлібай қажы Алтай
Сайдалы руынан шыққан есімі халыққа кеңінен танымал діндар адам болған,
Ақтау өңірінде мешіт тұрғызған. Ежелгі түрік тілінде берклиг – күшті, мықты
мағынасына ие [ДТС., б.96].
Достарыңызбен бөлісу: