146
толысады. Сәуірде тасиды, шілдеде төменгі деңгейі қалыптасады. Жаздың
ыстық айларында жекелеген қарасуларға бөлініп кетеді. Өзен суы ауыз суға,
мал
суаруға пайдаланылады, аңғарында жайылымдық, шабындық жерлер,
қыстаулар бар. Монғол тілінде «манах» – «түңгі уакытта мал жайып, оны
күзету. Алтай тілінде «манакай», тува тілінде «манагы» – өзен аттарымен
тубірлес. Атаудың топонимдік мағынасы: Кезінде шөбі шүйгін, мал жаюға
ыңғайлы өзен жағасы. Кейінде кұрғап, суы тартылып қалған өзен, құрғақ
су
арнасы
ҚАРҚАНӨЗЕН
–
өз.,
Жаңаар. ауд.
Қарқан
(етістік)
, өзен
(зат есім)
сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Топонимдік мағынасы: «жалғасып
жаткан, ұштасып жатқан өзен».
ҚҰДАЙМЕНДЕ
–
өзен,
Сарысу алабында. Терісбұлақ өзенінің оңт.-
де, Жаңаар. ауд. Кісі есіміне байланысты қойылған атау. Ұзындығы 63 км., су
жинайтын алқабы 649 шаршы км. Атасу кентінен солтүстік-батыста 40 км.
жердегі Айғыржал тауынан басталып, бұрынғы Өндіріс ауылының тұсында
Атасу өзеніне құяды. Жағалауы жатық, ағысы баяу. Жер асты, жауын-шашын
суларымен қоректенеді. Жазда суы иірімдерге бөлініп қалады. Жылдық
орташа су шығыны 0,18 м/сек. Алабы – шабындық.
ҚҰЛАНӨТПЕС
–
өзен.
Жаңаарқа ауданындағы Аймысық,
Айғыржал
тауларынан басталып, Нұра, Қорғалжын жерімен ағады. Теңіз көліне құяды.
Ұзындығы 364 км., су жинайтын алқабы 25900 шаршы км. Аңғары кең,
жағасы тік жарлы. Жер асты,
жауын-шашын, қар суларымен толысады. 17
саласы бар. Жылдық орташа су ағымы сағатына 3,0 текше м/с. Жайылмасы
– шабындық, алабы – егістік. Топонимдік мағынасы: «құлан жүзіп өте
алмайтын терең өзен».
ҚЫЗЫЛЕСПЕ
–
өзен,
Жаңаар. ауд. Түгіскен с/о. Сарыжал төбесінің
оңт.-батысынан бастау алады, Кенжебай-Самай ауылының батысымен ағады,
сай-сала,
Қоңыртөбе тауының солт.- шығысында, Кенжебай-Самай ауылының
оңт.-батысында.
Қызыл
(сын есім) +
еспе
(зат есім) сөздерінен жасалған атау
ӨЗЕН
–
өз.,
Жаңаар. ауд.-да. Отаутас тауының солт.-шығ. жағ.-да.
Өзен
«белгілі
бір арнамен тұрақты ағатын, едәуір көлемді табиғи су» (ҚТТС,
7, 519). Бұл сөздің өзге түркі тілдеріндегі мағыналары: балқар тілінде –
«алқап, жазык, алаңғыт», өзб. ұзын «су саласы», хак. өзен «жыра».
Достарыңызбен бөлісу: