«C» дыбысын жеке, буын және сөз ішінде дұрыс айтуға машықтандыру»
Шожина Алуа Исабаевна
Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Жаңаарқа ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті»КММ-сінің логопед мұғалімі
Сабақтың мақсаты: «C» дыбысын жеке, буын және сөз ішінде дұрыс айтуға машықтандыру.
Сабақтың міндеттері:
1. «C» дыбысын сөздің басында, ортасында, аяғында дұрыс айтуға машықтандыру.
2.Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Көрнекілігі: «С» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық
жаттығулар, слаид, поезд суреті, түрлі суреттер, тапсырмалар.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Мен ерекше баламын,
Айтқан тілді аламын.
Бір отырып, бір тұрып,
Амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме?
(Көңіл – күйін сұрау смайликтер арқылы)
ІІ. Артикуляциялық жаттығулар жасау
«Күлу», «Тістерді көрсету», «Күрекше», «Төбешік», «Сағат», «Кеме», «Футбол», «Ат шауып келеді» (слайд, видео)
ІІІ. Тыныс алу жаттығулары
Қолдан жасалған көгершінді үрлеу, үрмелі шарларды үрлеу
Поездың дыбысы шығады.
Мағди қарашы ненің дыбысын естіп тұрсын. (Поезд)
Дұрыс айтасың. Ендеше бүгінгі біздің сабағымызға поиезд вагондарымен бірге қонаққа келіпті.
Поездың вагондарында әр түрлі тапсырмалары бар екен. Поездың тапсырмаларын орындау арқылы әрбір вагондарды тіркеп қай қалаға баратынын біліп, көмектесеміз. Сол қалада поездың бізге арнаған арнайы сыйлығы бар екен. Ендеше поездың тапсырмаларын орындауға көмектесеміз бе?
(Әрбір вагоннан тапсырмаларын алады)
ІІІ. Жаңа сабақ 1-вагон тапсырмалары
«Кім тапқыр» атты ойын ойнаймыз. Берілген сұрақтарға жаңылмай жауап беру керек.
Қыздар құлағына тағады -сырға
Уақытты көрсетеді –сағат
Сиырдан не алады –сүт
Сызуға арналған құрал-сызғыш
Кітаптарды қайда саламыз-сөмке
Кірді немен жуамыз-сабын
Балалар шайнайды –сағыз.
-Балалар осы сөздердің барлығы қандай әріптен басталып тұр?
С-с-с.
-Дұрыс айтасыңдар. С с. Олай болса біз бүгін С дыбысы мен әрпін дұрыс айтуға үйренеміз.
С дыбысының кеспе әрпімен таныстыру.
Мынау ненің суреттері?
Сиыр, сағат, сәбіз, сарымсақ, мысық, сазан, ананас.
С –дыбысы дауыссыз дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.
«С дыбысының артикуляциясы» профильмен жұмыс
. С дыбысын айтқанда дауыс жоқ.
• Ерін жымиып тұрады;
• Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;
• Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады;
• Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында
жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады.
• Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу
тістерге тиіп тұрады;
• Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;
Зондпен жұмыс.
ІV. Жұмбақ жасыру 2-вагон тапсырмалары
Түсі суық ызғарлы,
Аузында айыр тісі бар
Бұл не? (жылан)
Дұрыс айтасың. Жылан қандай дыбыс шығарады? (с-с-с-с)
«С» дыбысын естігенде қолыңды көтер
Ш, ж, р.л, м, с, и,у.
«С» дыбысын дұрыс айт, анық айт.
Са – со – су – сы
Со – су – са - сы
Сұ – со – са – сы
«С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.
Ма..... са
Ала.... са
Бол....са
А...сық
Сан...дық
Күн...ба...ғыс
ІІІ. Сергіту сәті
Көңілді күн (әуенмен)
ІV. Жұмбақ шешу 3-вагон тапсырмалары
Мағди сен жұмбақ шешу білесің бе?
Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (Сағат)
Мұрны пұшық,
Көзі қысық,
Өзі пысық
Бұл не? (Мысық)
V. Қол саусақтарына арналған жаттығулар:
Саусақтарға арналған жаттығулар
«Көзілдірік», «Қайшы» «Доп» саусақтар арқылы көрсету.
Қоянның сәбізге баратын жолын бастырып, сәбізді бояу.
VІ. Фонематикалық есту қабілетін дамыту 4-вагон тапсырмалары
«Суретті тізбек» атты ойын ойнаймыз.
Мақсаты: сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Құралдар: әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бірнеше суреттер.
Ойын барысы: логопед баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
С- сабын, сурет, сиыр, сарымсақ.
VІІ. Сюжеттік сурет бойынша жұмыс.
Суретке қарап әңгіме құрау. 5-вагон тапсырмалары
Балалар не істеді?
Балалар гүлге су құйды. (Су)
VІІІ. Дидактикалық ойын. 6-вагон тапсырмалары
«Бір сөзбен қалай атайды»
«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан, жолбарыс. (аңдарға сипаттама айту)
Ендеше біз вагонмен Астанаға келдік. (Астананың суреті)
ІХ. Қорытынды
Бүгін сабаққа қандай дыбыспен таныстық.
Х.Бағалау
Мадақтау.
ХІ. Үйге тапсырма.
Жаңылтпаш жаттау
1. Асан массаж жасар,
Массаж жасап шаршар.
2. Биыл жазда маса аз,
Маса азда,
Маза аз.
«Ж дыбысын жеке, буын, сөз және сөйлем ішінде
айтуды машықтандыру. Бау-бақша»
Абельдинова Айнаш Берекеевна
Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Жаңаарқа ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті»КММ-сінің логопед мұғалімі.
Мақсаты: Білімділік мақсаты: Балаға ж дыбысын дұрыс айтуды дағдыландыру. Ашық түстерді орысша және қазақша айтуға, жеміс-жидектер мен көкөністерді дұрыс ажыратуға үйрету. Дамытушылық-білімділік мақсаты: Баланың жалпы және ұсақ моторикасын, ойлау және есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілінің түсінуін дамыту. Ынтасын мен қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік мақсаты: Тәрбиелік маңызы бар әңгімелер жүргізу.
Көрнекі-құралдар: слайд-презентация, жеміс талдары, жапырақтар, жеміс-жидектер мен көкөністер, қима қағаздар, дидактикалық ойындар.
Сабақтың барысы: І. Амандасу.
ІІ.Артикуляциялық жаттығулар жасату. Біз далаға шықтық. Аспандағы күнге қарадық. Жердегі тасқа қарады. Оңға бір, солға бір қарады. Жайылып жүрген жылқыны көрдік (ат шауып келеді), саңырауқұлақтарды көрдік, күректі көрдік, сылақшыны көрдік, балалар футбол ойнады, далада ұшып жүрген ара – з-з-з қоңыз (ж-ж-ж-ж) деп дыбыстады.
ІІІ. Бетбұлшық еттеріне және тілге уқалау жасау.
IV. Өткен сабақты қайталату. Ж дыбысын айтқанда тілді жоғары көтереміз. Осы сәтте «Жираф пен Жолбарыс» туралы ертегіні баяндау.
V. Үй тапсырмасын тексеру. Жемістерді атап берші. Жемістер ағашта өседі. Олар адам ағзасына өте пайдалы. Оларды әрдайым жеп жүру керек. Сонда біз ешқашан ауырмаймыз.
VI.Сау сақ жаттығуы.
Сұрақтар:
1. Күзде қалай киінеміз? 2. Жеміс-жидектер мен көкөністер піседі. 3. Далада жаңбыр жауады. (саусақ биі) 4. Жапырақтар түседі. (жапырақтарды біртіндеп түсіру). Жапырақтарды жинату және санату.
VII. Жаңа сабақ. Д/о: “Қайсы артық?” - Көкөністеріміз қайда? (Олардың қалай аталатындарын білсең, себетке салып алып келейік те оларды орналастырайық! )
VIII.Дидактикалық ойындар.
Мына суреттерден нені көріп тұрсың?
Суреттегі қатені тап. (Қарбыз ағашта өседі ме?)
Жемістерді ағашқа ілу.
Көкөністерді жерге қою.
IX. Сөздікпен жұмыс:
Осень – күз Жапырақ – листья Листья –жапырақ Қызыл – красный Красный – қызыл Желтый – сары Сары – желтый Жасыл – зеленый Зеленый – жасыл Қоңыр – коричневый Коричневый – қоңыр Подает –түседі Түседі – подает Разноцветный - әр түрлі Әр түрлі – разноцветный
«Қыс қызығы»
Шубаева Назгул Бергеновна
Жаңаарқа ауданы білім бөлімінің «Жаңаарқа ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті » КММ-сінің дефектолог мұғалімі
Мақсаты: өткен тақырыпты қайталау; баланың қоршаған орта туралы түсініктерін дамыту;
1.Білімділік міндеттері: қыс мезгілдің белгілерін қайталау; шеңбер пішінін қайталау; баланың қыс қызығы туралы түсініктерді көбейту; баланың сөздік қорын етістіктерімен толықтыру
2. Түзете-дамыту міндеттері: ойлау қабілетін арттыру; зейінді тұрақтандыру, сөздік қорын молайту, қоршаған орта туралы білімдерді кеңейту;
3.Тәрбиелік міндеттері: баланы салауатты өмірге қалыптастыру; мұғалімге сүйспеншілігімен қарауға үйрету; еңбекке баулу;
Керек құрал-жабдықтар: проектор, қысқыштар, қыс туралы сурет; қыс қызықтар туралы суреттер, қаршылар , қолғап, пима, динозавр жұмсақ ойыншығы, сиқырлы орманға келтіріп кабинетті қаршылармен безендіру, түймелер, аққаланың қиылған бөлшектер.
Әдіс-тәсілдер: іздену сұрақтар, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, тосын сәт, саусақ жаттығулары, психологиялық ойындар: «Не жетспейді?», «Не артық?», «Не дұрыс емес?»; тыныс алу жаттығулары; сюжеттік суреттерге қарап әңгімелету, сергету сәті, аққаланың суретін құрастырып; жапстыру, түймелерден сиқырлы аңдардың іздерін жасату қонақтарға, психожаттығу.
Сабақ барысы:
І. Мотивациялық-қозғаушы.
Бала кабинетке кірмес бұрын динозаврдың дыбыстауын естиді. Бұл не? деп мұғалім сұрайды баладан. Сосын мұғалім мен бала кабинетке кіріп қызықты іздер жерде көреді. Бұл ненің іздері? деп мұғалім сурап,өзі жауап береді: Бұл сиқырлы танымас жабайы аңдын іздері, тұра осы іздерге басып тік жүріп өз орнымызға барайық.
-Диар көз алдында елестетші, біз сиқырлы орманда тұрмыз деп.
-Біздің сиқырлы орманға құрметті қонақтар келіпті. Амандасайық: Салеметсізбе.( Бала орнына отырады мұғаліммен бірге).Мұғалім стөлдің астынан динозавр ойыншығын шығарады да сұрайды : бұл не? бұл сиқырлы аң .Жанағы біз көрген іздері - Бұл динозаврдың іздері ғой. Диар қай жерде тығылып қалды динозавр?
Мұғалім динозаврды сөйлеткізеді: мен саған алыстан келдім, сен қалай оқисын көремін, саған көмектесемін.
-Динозаврға қысқыштарды қыстырайық, санап, түстерді айтып шығады.
ІІ. Іздену-ұйымдастырушы. Өткен тақырыпты қайталау:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
ІІІ. Жаңа сабақ .Біз бүгін «Қыс қызығы » туралы тақырыбын өтеміз. Қыс мезгілі туралы көптеген суреттер, жұмбақтар бар екен. Сен өте мұқият болып, сұрақтарға толық жауап бер, барлығын есіне сақта.
* «Не жетспейді бұл суретте? Жетспеген заттадың бөліктерін анықтап ,алып, орналастыру.(аққаланың мұрыны жетспейді, қоянның құлағы жетспейді)
*Жұмбақ жасыру
-Қыста ғана болады -Суға салсаң батпайды
Ұстасан қолын тоңады. (Қар) Отқа салсаң жаңбайды .(Мұз)
*«Не дұрыс емес?» деген ойынды ойнайық. Сен суретке қарап, айтасын не дұрыс емес.
*Не артық? Біз сиқырлы орманда тұрмыз, осы жерде жабайы аңдар көп,бірақ біреуі артық. Не артық сен тауып , неге екені артық дәлелдеуін керек.( қоян, қасқыр, сиыр,түлкі)
*Қайда орналасып тұр? Қаршылар қайда ілініп тұр? Шаңа қайда тұр? Оң (сол) жақта не орналысып тұр?
*Саусақ жаттығулар: қолына қыста не киеміз? ( қолғап,перчатки)
1.Ендіше екі қолға перчатки киіп, әрбір саусақты үлкен саусаққа түйістіріп, санап шық 1-10дейін, 10-1 кері санай ғой. Түймелердің түстерін айта ғой.
2.Енді шаңғы тебейік: екі пластмасс кақпаға екі саусақты қойып біраз қимылдатып стөлдің шетіне дейін сырғанағанын келтіру.
ІV. Сергету сәті.
Ішкі, пима, қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай
Біз тоңбаймыз алақай.
*Тыныс алу жаттығулар:
1.Бала арнайы түтекшеге үрлейді-5-6 рет.
2.Қар ұшқындарын ұшырамыз
Демімізді ішке тартып уф-уф-уф-уф дейміз
*Сюжеттік суреттер: қыс белгілер; қыс қызығы туралы сюжеттік суреттер бойынша әңгімелеу.
*Ұсақ моторикаға арналған жаттығу
Бұл қандай пішін? (шеңбер). Осы қиылған бөлшектерден аққаланы жасап, жапстырайық.
Аққаланың түсін анықта, оның мұрыны, шелегі қандай түсті.
-Ал динозавр қуыршағымыз біздің қонақтардың саусақтарын да ойлап бір ойын тапқан , кім тез әрі жылдам орындайды сыйлық алады. « Түймелерден іздерді жаса»
*Психожаттығуы :
-Күн ыстық екен Мұғалім күлімдейді, бала қайталайды
Күн аяз, суық, жел соғып тұр Мұғалім, қатты тоңғаның қимылмен көрсетеді.
V.Рефлексивті кезеңі
Баланың іс-әрекетін мадақтау
-Саған сабақ ұнады ма?
Слайдқа қарап ұнаған эмоциясын смайликтердің ішінен таңда.
Балаға сыйлық-өзі жасаған аққаланың суретін және жұлдызша беріп, мадақтау.
Ата-ана мен бала арасындағы
қарым-қатынасты нығайту
(тренинг ойындарының элементі)
Нысанбекова Айымгуль
Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Жаңаарқа ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті»КММ-сінің әлеуметтік педагогі
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мен ақпан айынан бастап осы мекемеде әлеуметтік педагог болып жұмыс атқарудамын. Менің атқаратын жұмысым – ол сіздердің балаларыңыздың басты құжаттарын реттеу, ата-анамен, яғни сіздермен тікелей жұмыс жасаймын, керек жағдайда диагностикалық жұмыстар, сауалнама жүргіземін, әртүрлі шараларды өткіземін. Бүгін сіздермен танысу мақсатында тренинг элементтері бар жаттығулар өткіземін.
1. Танысу жаттығуы: Жаттығуға қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Әрбір қатысушы өзінің есіміне сын есім қосып айтып шығыңыздар.
Мысалы: Мен, Айымгүл – ақылдымын.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар?
2. «Сөздер ойыны»: Енді мен сіздерді қызықты ойынмен таныстырғым келеді. Оған ересектер де балалар да қатысады. Бұл – «сөздер ойыны». Ең дұрысы ойынды ең маңызды болып табылатын сөздерден бастаған. Мысалы баланың есімінен.
Барлығымыз адам өмірінде оның есімі қандай маңызды орын алатындығын білеміз. Белгілі фильмнің кейіпкері айтқандай «Кемені қалай атасаңыз, солай жүзіп кетеді». Адамның атымен де осындай жағдай. Ол адамның жетістіктерімен тікелей байланысты. Бұл жүз пайызға шындық па – оны дәлелдей алмаймыз. Және «Есім» жаттығуының мәні бұнда емес. Біздің өзіміз тәжірибеден есімімізбен атау немесе оны жылылықпен, мақтанышпен, құрметпен атаған қаншалықты жағымды естілетіндігін жақсы білеміз! Сондықтан педагогтар адам есімінің астарында жатқан мүмкіншіліктен аттап өте алмады. Баланы қызықтыру үшін өз атын қалай қолдануға болады?
Ал мен сіздерге оны бірнеше есімдерді мысалға келтіре отырып көрсетейін. Міне бірінші есім – АЙША.
АЙША есімін ТІГІНЕН жазамыз.
Ал енді АЙША есімді қызға есімінің әрбір әрпіне сәйкес қандай қасиеттер тән болуы мүмкін екендігін ойланып көрейік. Бұл қасиеттерді әрбір әріптің жанына жазамыз. Қалай шықты көреміз:
А – ақылды
Й – инабатты
Ш – шымыр
А – ажарлы
Бұл ойынды, әрине, баламен бірге орындау керек. Ойлансын, өзінің шығармашылық қабілетін оятсын. Баламен әрбір әріпті талқылаңыз, оны есімінің әрбір әрпіне сәйкес келетін жақсы қасиеттерді өз бойында дамытуы үшін икемдеңіз, бағыт-бағдар беріңіз.
Барлықтарыңыз есімнің күшін пайдалану үшін баланың есімімен және өз есімдеріңізбен қалай ойын ұйымдастыруға болатындығын түсіндіңіздер деп үміттенемін.
Міне есімдерді осылай жақсы қасиеттермен түсіндіруге болады! Әрқайсыларыңыз өз есімдеріңізден жақсы, уәждемелі қасиеттер таба аласыздар деп үміттенемін. Және балаларыңызды осы қарапайым, бірақ тиімді тәсілге үйреткендеріңізді қалаймын. Бұл тамаша ресурстық жаттығу! Ол жағымды эмоциялар тудырады! Оны өзіңіз де пайдаланыңыз, балалардың пайдалануына да жағдай жасаңыз! НӨМІРІ ОТЫЗ ЕКІНШІ СЛАЙД
Жақсы ата-ана міндетті түрде өзінің педагогикалық дағдыларын жетілдіруге бар күшін салады, себебі ол өмірге келетін адамның ең ізгі құқықтарының бірі - дұрыс әрі ізгі тәрбие алу құқығын сыйлайды.
3. Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау».
Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Балаға «Мен сені жақсы көремін» деп айтудың 30 ТӘСІЛІ.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Бала өзіне ересектер қалай қараса, солай қарайды.
Теріс сөздер баланың мінез-құлқын алдағы бірнеше жылға дейін бағдарламалай алады. Көп жағдайда ата-аналардың асығыспен, ойланбай айта салған сөздері директивтерге айналады (әрекеттерге, мінез-құлыққа, ойларға әмірлер) және баланың одан арғы дамуын айқындайды.
Жарайсың! 2. Жақсы! 3. Ғажап! 4. Менің күткенімнен әлдеқайда жақсы. 5. Тамаша! 6. Таңғажайып! 7. Орасан зор! 8. Ұмытылмастай! 9. Дәл осыны біз көптен күткенбіз. 10. Бұдан жан толқытарлық әсер алдым. 11. Сен қалай жақсы айттың – қарапайым әрі нақты. 12. Тапқыр. 13. Экстра-класс. 14 . Дарынды. 15. Сен бүгін көп нәрсе істедің. 16. Өте жақсы! 17. Енді керемет болды. 18. Тамаша. 19. Таң қалаларлық. 20. Көркемдік! 21. Ертегідегідей. 22. Өте анық. 23. Жарқын, бейнелі. 24. Тамаша бастама. 25. Сен дұрыс келе жатсың. 26. Сен бұны өте жақсы орындадың! 27. Сен бұны ептілікпен жасайсың. 28. Бұл нағыз керектің өзі. 29. Міне, ғажап!!! 30. Құттықтаймын!
4. «Кім жылдам!» ойыны (Доп лақтыру арқылы).
1. Сіздің анаңыз балаңызға кім болады?
2. Балаңыздың туған күні қашан?
3. Бала дүниеге келген күні қандай той тойланады?
4. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні кім?
5. Екі қыздың баласы бір-біріне кім болады?
6. Балаңыздың досының аты кім?
7. Сіздің әкеңіз балаңызға кім болады?
8. Балаңыздың сүйікті асы не?
9. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11. Әнұранды білесіз бе?
5. Ой-түйін: «Тілек айту».
Нұсқау: Сіздер балаларыңыздың қандай болғанын қалайсыздар?
Ата-аналарға «жеміс қағазы» беріледі, соған тілек жазу арқылы өз балаларының болашақта қандай болғанын қалайтыны туралы жазады.
Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналу қажет.
6. Қорытынды: Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұя - жылулықтың мекені. Бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
«Сенсорлық ұғымдар»
Игенова Мөлдір Қайратовна
Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің «Жаңаарқа ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті»КММ-сінің педагог- психологы
Мақсаты/ Цель: Ойын арқылы баланың сенсорлық ұғымдарын қалыптастыру
| |
Білімділік түзетушілік/ Коррекционно-образовательная:
|
Дамытушылық түзетушілік / Коррекционно- развивающая:
|
Тәрбиелік түзетушілік/ Коррекционно-воспитательная:
|
Сенсорлық ұғымын қалыптастыру, ұқсас түстерді ажыратуға, түстерді дұрыс айтуға үйрету.
|
Баланың ой –өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
|
Баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, жасаған ісіне жауапты қарауға тәрбиелеу.
|
Көрнекі -құралдар /Оборудование
|
Қуыршақ театыры, ертегі кейіпкерлері, шарлар, сыйқырлы қорапша, түрлі-түсті қарындаштар.
|
Сабақтың барысы/ Ход занятия
|
Іс –әрекет кезеңдері/ Этапы деятельности:
| | | |
Себептік ынталандыру/ Мотивационно побудительный
|
Қане түзу тұрайық
Амандасып алайық,
Сәлеметсіздер ме?!
Даниял бізге бүгін қонаққа Дымбілмес келіп түр екен, ол бізден көмек сұрап келіпті оның ертегі еліндегі кемпірқосақты Мыстан кемпір ұрлап алып кетіпті. Дымбілмеске көмек көрсетеміз бе?
Олай болса Мыстан кемпірдін бізге жиберген тапсырмаларын орындап Дымбілмеске кемпірқосақты бояуға көмек көрсетейік!
|
Бала түзу тұрып келген қонақтармен амандасады.
Ия.
| | |
Баланың ұсақ маторикасына арналған жаттығулар: «Қоңырау»
«Ұя»
«Шар»
«Үйрек»
«Мысық»
«Ат»
«Жарыс»
Жаңа сабақ:
Мынау не?
Қанекей қарап көрейікші мына сыйқырлы қорапта не жасырылған екен?
1. Мынау шарлар ғой, қанекей мұқият қарайық шарлардың түсі бірдей ме?
Түстерін екеуміз бірге қайталайық.(баламен бірге түстерді қайталау; (сары,қызыл, көк, жасыл т.б).
Түстер туралы бейне баян көрсету және тағы да қайталау.
2. тапсырма:«Шарлар». Үлгі бойынша шарларды ретімен бояп шығу.
3. тапсырма:«Қызыл және көк» . Баланың алдында 1 себет пен үйдің суреті және алаңқай тұрады. Себетке қызыл түсті саңырауқұлақтарды жинап салу, ал үйдің алаңқайына жасыл шөптерді отырғызу.
4.тапсырма: «Үйдің есігін жабайық».Қатты қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаға ұсыну. Бала есікті үйдің түсіне сәйкес келтіріп салуы тиіс.
5.тапсырма: «Жемістерді түсіне қарай топтастыр», мына жемістерді сәйкесінше түрлі –түсті шарлардың ішіне жабыстырамыз.
Сергіту сәті: «Көңілді күн».
6.тапсырма: -Қазір екеуміз түрлі -түсті қарындаштардың өлеңін айтамыз!
Мынау- сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау –жасыл қарындаш,
Мұнымен шөпті бояймын,
Мынау –көк қарындаш,
Мұнымен- суды бояймын.
Мынау қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Әр түстермен сәйкесінше өлеңде айтылған заттарды бояу.
7.тапсырма: «Бағдаршам» Бала бағдаршамның түстерін дұрыс орналастырып, атап шығуы керек.
|
Бала саусақтарға арналған жаттығулар орындап шығуы.
Қорап.
Жоқ
Бала берілген тапсырмаларды орындап, әр орындаған тапсырмалардан кейін кемпір қосақтың түстерін ашып отырады.
Би билеуі.
Балала бірге қайталап өлең айтады.
| |
Рефлексиялық түзету/ Рефлексивно корригирующий
|
- Өте жақсы! Біз Дымбілмеске кемпірқосақты бояуға көмектестік, енді Дымбілмес саған алғыс ретінде мына жемістерді сыйға берип жиберді!
Қане жемістердің түсін атап берши?
(қызыл, жасыл, сары).
-Өте жақсы! Саған сабақ ұнадыма?
-өзіңе қандай баға қояр едің?
| |
Достарыңызбен бөлісу: |