147
арқылы жасалған.
САРЫӨЗЕН
–
өзен,
Жаңаар. ауд. Мыңшұқыр тауының оңт.-батысынан
бастау алып, Қабыршақты көліне солтүстіктен құяды,
тұз.
өзен,
Бектау
тауының оңт. – шығысынан бастау алып, Қуақ төбенің солт.-шығысындағы
сортаңдарда жоғалады.
Сары
(сын есім) +
өзен
(зат есім) сөздерінен құралған.
Суы лайсаң болғандықтан қойылған атау.
САРЫСУ
– өзен.
Сарысу атауының мағынасы Е. Қойшыбаевтың пікірінше
(1985) «кең су», Э. Мурзаевтың ойынша (1984) сарысу – «лайсаң, балшықты,
сары саз аралас, тұнық емес су». О. Молчанова (1979) алтай тілінде сары су
– «сарғыш, еріген, лайсаң, көктемгі қар суы, бәлкім сары су» мағыналарын
білдіреді дейді.
ТАЛДЫМАНАҚА
–
өзен.
Жаңаарқа ауданының жерімен ағады. Сарысу
алабында. Ұзындығы 158 км. Су жинайтын алқабы 3950 шаршы км. Ақтаудың
оңтүстігінен басталып, Тоқты тауы тұсында Сарысуға құяды. Ірі салалары
Заимка, Өзен, Сұлуманақа, Көкпекті. Аңғары кең, тік жарлы, жайылмасының
ені 300-400 м. Жауын-шашын, қар суымен толысады. Көктемде тасиды, жазда
иірім қарасуларға бөлініп, кермектігі артады. Жайылмасы – шабындық, алабы
– мал жайылымы. Жылдық орташа су шығыны сағасында секундына 0,25
текше м. Суы ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады. Монғол тілінде «манах»
– «түнгі уақытта мал жайып, оны күзету». Атаудың топонимикалық
мағынасы: «малға жайлы, бойына тал өскен өзен».
Достарыңызбен бөлісу: