154
Гелионимдар этимологиясы
Орталық Қазақстан аумағында табиғи жағдайға байланысты далалық
жартылай шөлейтті аймақтарда жаз мезгіліне қарай жердің беті ақтаңдап
жатады. Сондай-ақ «көлдер уақытша су жетіспеушілігінен сортаңға айналады.
Тұзды балшық болып келетін олардың ылғал беттеріне көп мөлшерде тұз
жинақталады. Бұл сортаңдардың көп бөлігінде өсімдіктер жойылған, кейде
тұздары қызғылт, сары, қоңыр түсті болып келеді. Бұларды
сор
деп атайды
.
Осыдан-ақ
Асор, Сарысор, Қарасор
топонимдерінің заттың түсіне байланысты
айтылғандығы түсінікті» деп тағы бір мәрте нақтылап өтті.
112
[7]
Көптеген гидрогеографиялық
нысандардың құрамында
ащы
термині
кездеседі: Ащы, Ащысай, Ащыбұлақ т.б. Ащылар су, көл маңындағы тұз
бенылғал сүйгіш өсімдіктерге бай, мал
жайылымы болып табылатын
жерлер. А.Е.Жартыбаевтың пікірінше, қазақ халқы су көздерінің жарамды,
жарамсыздығын ескеріп, қай шөптің қай түлікке жұғымдылығын ежелден-
ақ аңғарған. Ащы
термині жайылымның ерекшелігін, суының тұздылық
дәрежесін бейнелейтін гидронимдер құрамында жиі кездеседі. Жері тұзды,
ащылы келетін өңірлер қыста қарсыз болады. Сондықтан да ондай жерлерге
қой мен ешкі түлігі күз бен қыс айларында жайылады. Ащылы жерлер мал
қоңын жылдам көтереді. Ащы сор, сортаңды жерлерге тікенек тұқымдас
көп жылдық өсімдіктер өседі. Ондай жерлерге түйе түлігін өсіреді. Сырттай
қарағанда ащы геотерминіне
қатысты топонимдер ащы сулы, сортаңды
жерлер ұғымын білдіретіндей көрінгенмен, А.Е.Жартыбаев олардың әрбір
геообъектіге қатысты ерекшеліктерді дәл таңбалай алуға қабілетті келетінін де
жоққа шығармайды.
113
Мысалы: Ащылысай мен Ащылыөзек топонимдерінің
құрамындағы сай мен өзек индикатор-терминдері
сайға қарағанда өзекте
судың көптігін, өзекке қарағанда сайдың тереңдігі мен ондағы өсімдіктер
дүниесінің молдығын білдіріп тұрады. Ал
Ащықарасу
лимнонимі жан-жағы
жазық, шөптесінді, суы тұзды, жазғы немесе көктемгі уақытша мал жайылымы
ұғымында қолданылады. Сарыарқа аймағындағы Орталық Қазақстанда
көктем айларында ғана тасып ағатын өзендердің
сағаларында жиналып
қалған, көлшікке ұқсас су қорлары мен кейбір батпақты, балшықты жерлерге
жиналған ағынсыз көлшіктерді білдіреді. Ал Орталық Қазақстанның оңтүстік-
батысындағы шөлді, жартылай шөлейтті далаларындағы айналасы бетегелі,
жусанды, тораңғылы келетін тақыр мен шұңқырларға жиналған қақтардың
түбі тұщы болады.
112
Султаньяев О.Л. Принципы номинации в казахской топонимике Кокчетавской области // Ученые
записки УрГУ. Серия филологическая. – 1971. – Вып. 18. – С. 62-72.
113
Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан аймақтық топонимикасы. –
Қарағанды: «Болашақ баспа», 2008. – 379 б.