156
Атауы жағалауы және айдыны әдемі болғандықтан қойылған.
ТАҚЫРКӨЛ
–
тұз. көл,
Жаңаар. ауд. Шашты тауының солт.-батысында,
Ақбастау шоқысының шығысында,
сай-сала,
Шашты тауының солтүстігінде,
Қосылықты тауының оңт.-батысында,
сай-сала,
Бектау тауының оңт.-
батысында, Кенжебай – Самай ауылының оңт.-шығысында.
Тақыр
(сын есім)
және
көл
(зат есім) сөздерінен құралған атау. Мағынасы – «Шөп шықпайтын
тақыр жердегі су айдыны, көл».
КЕҢСАЗ
–
тұз. өзен,
Жаңаар. ауд. Шұбароба тауының оңт.- шығысында.
Былқылдақ пен Қорым өзендерінің қосылуынан құралады. Сарысу өзенінің оң
саласы, Телікөлдің шығысындағы сортаңдарда жоғалады.
Кең
(сын
есім)+саз
(зат есім) сөздерінің косылуынан жасалған. Мағынасы: «жағалауының
сазы мол, тұзды өзен ».
ҚЫНАЛЫ КӨЛ
–
тұзды көл,
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Тасқоралы тауының
оңт.-шығысында, Балажелкекті тауының солт.-батысында. Жағалауындағы
тастарға қына өсімдігі көп шығатындығынан пайда болған атау.
ӨТКЕЛСІЗ
–
тұз. өзен,
Жаңаар. ауд. Тасқоралы тауының солт.-
шығысынан бастау алады. Ащылы өзенімен Сымтас тұз. өзенінің қосылуынан
құралады. Теңсаз тұз. өзенінің оң саласы, Сарысу тұз. өзенінің оң саласы.
Телікөл көлінің шығысындағы сортаңдарда жоғалады. Атауы кез келген
жерінен өте беретін таяз өзен болғандығына байланысты қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: