159
Ақбастау шоқысының солт.-батысында,
тұз. көл,
Ақбастау шоқысының оңт.-
батысында, Жайрем кентінің солтүстігінде
. Тұз
(зат есім) және
көл
(зат есім)
сөздерінен құралған атау. Мағынасы – «суы ащы, тұзы көп көл».
ШОШҚАКӨЛ
– Жаңаарқа
ауданындағы ағынсыз
көл.
Айнабұлақ
ауылының солтүстік-батысында 5 км. жерде. Ауданы 32 шаршы км. Су
жинайтын алқабы 537 шаршы км. Көлдің ұзындығы 8,5, ені 6,7 км.-ге жетеді.
Суы мол жылдары тереңдігі 9 м.-ге жетеді. Оңтүстікке таман Аралтөбе аралы
орналасқан. Жағалауы түйетайлы.
Жауын-шашын суымен толысады, суы
тұзды. Көл жағасында жыңғыл, қамыс-құрақ, сораң өседі. Үйрек, қаз, аққу ұя
салады. Алабы шабындық пен жайылымға пайдаланылады. Соңғы кездерде
көл суы тартылып келеді, 1963 жылы құрғап қалғаны байқалған. Атауы кезінде
қамыс арасында жабайы шошқа (қабан) көп мекендегендіктен пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: