Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет69/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   182
ЖАМАНТҰЗ 
– 
көл,
Жаңаар. ауд.-да. 
Жаман 
(сын есім) және 
тұз 
(зат 
есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «суы ащы, сортаң, тұзды 
көл, жайылымға жарамсыз сортаң жер».
Самай көлі (Қақу көлі деп те аталады) болған. «Жеңіс» кеңшары құрылғанда 
алғаш рет аттары біріктіріліп, №1 Кенжебай-Самай бөлімшесі деп аталды. 
Бұл жерлер ертеде Тама елінің оңтүстікке қарай қар суымен көшетін жолы 
болған. Бетпақ далаға қарай жолда жерлеп кете берген адамдардың аттарымен 
аталатын төбелер көп.
Көкбұлақ көлі (ауданы 1 шаршы км.), шығысқа қарай 6 км. жерде Әлібек 
құдығы орналасқан. Киіктердің жазғы жайлауы
ҚАЛАБАЙ 
– 
көл. 
Жаңаар. ауд. Ауданы 2,7км
2
, тереңдігі 0,3м., тұзды көл. 
Антропоним. «Қалабай қағы» деп те атайды.


158
ҚАРАКӨЛ
– 
көл, жер, сор, 
Жаңаар.ауд. Ауданы 3,8 км
2
, тереңдігі 0,5 м., 
тұзды көл. Зерттеуші Е. Қойшыбаевтың «көзді көл» мағынасындағы атау»,– 
деген пікірі (1985, 154) дұрыс. Топонимдік мағынасы: «жер асты суы, бұлақ 
көздерінен бастау алған көл».
ҚОПАКӨЛ
– 
сазды жер, сай-сала,
Жаңаар. ауд. Мырзашоқы тауының 
солт.-шығысында, Шөлқоңыр тауының оңт.-батысында. 
Қопа 
(зат есім) және 
көл 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «Жағасында 
қалың құрақ, камыс, қоға өскен көл».
ҚҰМКӨЛ
– 
көл, 
Терісбұтақ өзенінің оңт.-де, Жаңаар. ауд. 
Құм 
(зат есім)

көл 
(зат есім) тіркестері арқылы жасалған атау. Су жағалауы, не болмаса асты 
майда кұм, қайран болып келген көлдің аты.
ҚЫНАЛЫ КӨЛ 

тұзды көл,
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Тасқоралы тауының 
оңт.-шығысында, Балажелкекті тауының солт.-батысында орналасқан. 
Жағалауындағы тастарға қына өсімдігі көп шығаындағынан пайда болған 
атау.
САРЫКӨЛ 

тұз. көл,
Жаңаар. ауд. Қаратас тауының солт.–шығысында,
Қараоба шоқысының оңт.-батысында, 
сай-сала
, Қаратөбе тауының 
солтүстігінде, Қарашоқы тауының оңт.-шығысында, 
сай-сала,
Ақдала сай-
саласының солт.-батысында, Киіктау тауының оңт.-шығысында. 
Сары
(сын 
есім) және 
көл
(зат есім) сөздерінен құралған атау. Мағынасы – «сарғайып 
көрінетін су айдыны, көл».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет