Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет77/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   182
 
ЖАНАЙ
– 
тау, 
биік. 607,6 м, 
бейіт,
айр., 
Жаңаар. ауд. Антропонимдік 
атау. Төбенің басына Тама руының Кедей атасының Жанай әулие деген 
адамы жерленген. Атау парсы және түркі сөздерінің қосылуынан жасалған. 
Жан парсының «1. Жан, рух өмірі. 2. Сүйікті, қымбатты. 3. Ауыс. Кісі, адам» 
деген мағыналардағы сөзі [Оңдасынов Н., б.88]. Бірнеше түсініктер мен 
сөйлемдердің қысқартылған формасы.
ЖЕКЕТАУ
– 
тау
, Ақтау тауларының бөлігі,
ескі е. м., 
Талдыманақа 
өзенінің бат.-да, Жаңаар. ауд. 
Жеке 
(сын есім) және 
тау 
(зат есім) сөздерінің 
бірігуі аркылы жасалған атау. Бұл атаудың мағынасы: «дара, саяқ, оқшау, 
оңаша тау».
ЖЕЛТАУ 
– 
тау
, Ақтау тау массивіне жатады. Жаңаар. ауд. Атауы 
баурайында қатты желдер соғатындығына байланысты берілген.
Жел 
(зат 
есім) және 
тау 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау.
ЖУАНТӨБЕ 
– 
тау, 
Жаңаар. ауд. Ең биік жері 443м. Атауы 
жуан
(сын 
есім) және 
төбе
(зат есім) сөздерінен құрастырылған. Мағынасы – «домалақ 
пішінді көлемі үлкен төбе».
ЖҰМЫРТҚАЛЫ
– 
тау, 
Жанаар. ауд. 
Жұмыртқа 
(зат есім) сөзіне 
-лы 
(зат есімнен сын есім жасайтын жұрнак) қосымшасы жалғануы арқылы 
жасалған атау. Тау жақпарларына құстар ұялап, жиі жұмыртқа салуы себепті, 
кұс жұмыртқасының көп болуымен байланысты аталған.
ЖҮНДІОБА
– 
тау, 
биік. 741,4 м, Жаңаар. ауд. 
Жүнді<.жүн 
(зат есім)+ді 
(зат есімнен сын есім туындайтын қосымша) және 
оба 
(зат есім) сөздерінің 
бірігуі аркылы жасалған атау. Топонимнің екінші сыңары 
оба 
түркі-монғол 
тілдерінде мағыналас колданылады. Монғол тілінде 
овоо 
– «үйінді, үйінді 


165
тас», «қорған» мағынасын білдіреді. (Б. Базылған. 1984, 361). Ғ. Қоңқашпаев 
қазак тілінде 
оба 
сөзінің топонимикалык мәні «биіктік басында, кейде 
жазықта үйілген (қаланған) үлкен тас үйіндісі» деп көрсетеді (Конкашпаев, 
1963, 138). Қырғыз тілінде 
обоо 
сөзінін «тастан жасалған төбе тастар үйіндісі» 
мағыналарын көрсетеді. К.К.Юдахин бір қызықты дерек келтіреді. Тас 
үйінділердің пайда болу себебі халықтың салтымен байланысты екен. Әдетте, 
көшу үстінде – қыстаудан жайлауға – асудан асар тұста ер адамдар аттан 
түсіп, 5-6 тасты үйіндіге лақтырып тастап отырған, бірте-бірте бұл тастардан 
отырған кәдімгідей төбе пайда болады. Бұл халық нанымы бойынша тау 
иесіне, рухына құрбандық шалу деп ұғынылған (Юдахин, 1985, 1, 60).
Сонымен, атау төбе, жота, тау басындағы үйінді тастар арасында қалың 
болып ұйыса өскен жатаған, аласа бұталардың көрінісіне байланысты 
қалыптасса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет