Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет85/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   182
САРЫМСАҚТЫ 

 
тау,
Жаңаар. ауд. Шұбароба тауының оңт.-
шығысында, Қарашоқы тауының оңт.-батысында. Атауы топырағына 
сарымсақ көп шығатындығына байланысты қойылған.
САРЫТАУ
– 
таулар,
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Ақтау тау массивіне жатады, 
Ақтау тауларының солтүстігінде, Шөлқоңыр тауының оңт.-шығысында, 
тау,
Киіктау тауының солт.-шығысында, Жамбыл кентінің батысында.
Сары
(сын есім) + 
тау
(зат есім) сөздерінен құралған. Атауы тастарының түсіне 
байланысты қойылған. 
САСЫРЛЫ 

 
тау, 
Жаңаар. ауд. Ең биік тұсы 655 м. Атауы баурайында 
сасыр
көп өскендіктен қойылған.
ТАСҚОРАЛЫ 
– 
тау. 
Жаңаарқа ауданы жеріндегі Жамбыл елді мекенінен 
солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 
қарай 12 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Абсолютті биіктігі 988 м. Оңтүстік, 
оңтүстік-батыс беткейлері көлбеулеу келген бірнеше ұсақ шоқылардан 
тұрады. Девонның гранитоидтық интрузивтік жыныстарынан түзілген. 
Сортаңдау ашық қызыл қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, 
бұталар өседі. Таудың солтүстік және солтүстік-шығыс беткейлері бұлаққа 
бай келеді, олардың бәрі қосылып, Ащықарасу өзенін құрайды. Тау атырабы 
жайылымдық жер және мал қыстатуға пайдаланылады.
 
Атауы 
тас 
(зат есім)

қора 
(зат есім)
 +лы 
(сын есім тудыратын жұрнақ)
 
сөздерінің бірігуі арқылы 
жасалған.
ТАСТЫҚАРА 
– 
тау,
Ақжал тауының оңт.-шығысында, Қосылықты 
тауының солт.-батысында,
тау
, Омарбек тауының оңтүстігінде, Жаманадыр 
тауының шығысында. Атауы 
тас 
(зат есім)
+ты 
(сын есім тудыратын жұрнақ)
 

қара 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы - «қарайып 
көрінетін жартасты тау». Қара деп қазақ тілінде тек түстік мағынасына ғана 
емес, сонымен қатар бөлектеніп, оқшауланып тұруды да меңзейді.
ШАШТЫ 
– 
тау,
Жаңаар. ауд. Мырзашоқы тауының солт.-батысында, 


171
Ақбастау шоқысының оңтүстігінде, 
сай-сала,
Мырзашоқы тауының оңт.-
батысында, Ақбастау шоқысының оңт.-шығысында. Атауы адам шашына 
ұқсаған тауға біткен ағаштың көптігіне байланысты қойылған.
ШЕГІР – 
тау, 
Жаңаар. ауд. Ақтау тау массивіне жатады. Тарақты руы 
адамының атымен аталған шағын тау. Ертеде бұл жерді тарақтылар мен 
қоңыраттар жайлаған.
ШӨКЕМАН – 
тау, төбе. 
Үлкен Шөкеман және Кіші Шөкеман деп екіге 
бөлінеді. Жаңаар. ауд. Ақтау с/о жерінде. Антропоним. Нұрбай руының байы 
Шөкеманның күзегі болған.
 ШӨЛҚОҢЫР – 
тау,
Жаңаар. ауд. Қосылықты тауының оңт.-шығысында, 
Атасу кентінің оңт.-батысында. Атауы 
шөл
(зат есім) және 
қоңыр
(сын есім) 
сөздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы – «шөлейт жердегі қоңырайып 
көрінетін тау».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет