БҮЙРЕКШИ –
сай-сала, Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Мұңлы тауының оңт.-
шығысында, Қарабұлақ төбесінің оңт.-батысында.
Бүйрек (зат есім)
ши (зат
есім) сөздерінен жасалған атау. Мағынасы – «екі бүйірінен қалың ши өскен
жер».
ДАРАҚСАЙ –
сай, Жаңаар. ауд. Қаражал қ-ның солт. жағ.-да.
Дарақ (зат
есім),
сай (зат есім) сөздерінен жасалған атау. Көне түркіше дарақ – «ағаш»,
яғни «ағаш көп өскен сай».
ДӨҢГЕЛЕКҚАҚ – «ойпаң жерге жиналған су» сөздерінің негізінде
жасалып, «дөнгеленіп, жан-жаққа ақпай бір жерде тұрып, тоқтап қалған су»
мағынасындағы атау.
КӨККЕМЕР – сай-сала, Жаңаар. ауд. С.Сейфуллин с/о. Омарбек тауының
оңт.-шығысында, Жақсы Иманақ тауының оңт.-батысында.
Көк (сын есім) +
кемер (зат есім) сөздерінің косылуынан құралған атау. Мағынасы: «жарқабағы,
кемері көк-жасыл шөпке бай, үнемі көгеріп жататын сай».
КӨКТҰМСЫҚ –
сай-сала, Жаңаар. ауд. С.Сейфуллин с/о. Жақсы Иманақ
тауының оңт.-ығысында, Шотан тауының батысында.
Көк (сын есім)
, тұмсық (зат есім) сөздерінің қосылуынан құралған атау. Мағынасы – «шөбі үнемі
көгеріп жататын адыр-төбелердің шеті, бұрышы».
ҚАЙЫҢТӨБЕ –
сай-сала, Жаңаар. ауд. Ақтүбек с/о. Құдайменде өзенінің
сол жағасы, Қосылықты тауының оңт.-батысында.
Қайың (зат есім),
төбе (зат
есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы – «басына қайыңдар
өскен адыр, төбе».
ҚОПАКӨЛ –
сазды жер, сай-сала, Жаңаар. ауд. Мырзашоқы тауының
солт.-шығысында, Шөлқоңыр тауының оңт.-батысында.
Қопа (зат есім) және
көл (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған атау. Мағынасы: «Жағасында
қалың құрақ, камыс, қоға өскен көл».
ҚҰМЖАЙЛАУ – сай-сала, Жаңаар. ауд. Түгіскен с/о. Қоңыртөбе
тауының солт.-шығысында, Кенжебай-Самай ауылының оңт.-батысында.
Құм (зат есім) және
жайлау (зат есім)
деген екі сөзден қосылған атау. Мағынасы:
«Құм арасындағы мал жайлауы».