Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет86/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   182
Сай‑сала этимологиясы
Түркі-монғол топонимиясында кеңінен таралған 
сай 
орографиялық 
апеллятивті Орталық Қазақстан оронимиясында да өзінің орнын тапқан. 
Мысалы, 
Ақсай 
атты көптеген микрооронимдер Орталық Қазақстанның 
барлық аймақтарында ұшырасады. Көне түркі тілінде saj – «ойпаңдау 
шатқалдағы тасты жер» saj jazi – «жазықтар», «тастақтау, жазық», – saj ran «таяз 
су» деген мағынаны білдіреді. Сарыарқа өңірінің жер бедері жылдар бойы 
табиғи және антропогендік күштердің әсерінен түрлі өзгерістерге ұшыраған. 
Соның нәтижесінде пайда болған жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері 
гидрографиялық атауларда көрініс тапқан.
Өзен-көл атауларында орогидрографиялық 
сай 
термині жиі кездеседі. 
Э.М.Мурзаев «сай» лексемасының мағынасын малтатас шөгіндісі, тайыз 
жер, құрғақ арна, жырадағы жылға, өзек мағынасында қарастырып, барлық 
түркі тілдес халықтарда кездесетінін, орыстың ғылыми әдебиеттерінде жиі 
қолданылатынын атап көрсеткен. Ал, Ғ.Сағидолдақызы қазақ тіліндегі «екі 
таудың арасы, биік шатқал» мәніндегі сай орографиялық терминімен монғол 
тіліндегі «сайр» – өзен, судың тарамдары биік таулар арасын бөліп жатқан
сайлар ағынасындағы 
салаа 
сөздері қосарлана келіп қазақ тілінде 
сай-сала 
деген дербес терминдегі сала лексемасын монғол тілінен енген кірме сөз 
ретінде қарастырады. Е.Керімбаев гидрографиялық сай термині орографиялық 
негізде қалыптасып, лексеманың ұзақ эволюциялық процеске
ұшырап, тасты жазық, арна, өзен, жылға т.б. мағынаны білдіретінін және 
олардың жер бедерінің төменгі бөлігінен ағып шығып өзара байланыста 
жатқанын айтады [5]. 
Сай 
сөзі көбіне бұрын су болып, кейін құрғап қалған 
нысандарға қатысты айтылады. Олар жеке ерекшеліктеріне қарай 
Ащысай, 


172
Тереңсай, Борлысай 
өсімдік жамылғысына қарай 
Қарағандысай, Шилісай 
деп 
аталады..
Орталық Қазақстанда 
сай 
терминіне байланысты төмендегідей оронимдер 
кездеседі. 
Көлсай 
– тау, биіктігі 6 м, 
Кентексай 

 
сай, Ұлытау тауларында; 
Ақтайлақсай 

 
жылға, 
Бұлансай 

 
тау, биіктігі 287,4 м Ұлытау ауданы
Сарысай 
– тау, биіктігі 240,2 м Ұлытау ауданы, 
Бұлақсай 

 
тау, биіктігі 122,1; 
Ақкиіксай 
– жылға, 
Еспесай 
– сай, 
Ебелектісай 
– жыра, 
Қарағандысай 

 
жыра, 
Теріскендісай 
– жыра, 
Тымырзасай 

 
сай, 
Сарысай 
– тау, 
Жырабұлақсай 

 
тау, 
Жезді ауданы, 
Шималсай 

 
төбе, Қарағанды ауданы, Қарағанды облысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет